"Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 244 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға

Дәленов
Руслан Ерболатұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары

Исаева
Гүлмира Сұлтанбайқызы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Тортаев
Бауыржан Қадырұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары
(келісім бойынша)

Тәшенев
Бақытбек Кәкімұлы

-

«Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Алдашов
Марс Бақтиярұлы

-

«Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      мына:

«Күшібаев
Мұрат Шәменұлы

-

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаменті 3-ші басқармасының бастығы (келісім бойынша)»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Күшібаев
Мұрат Шәменұлы

-

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті 2-ші басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы (келісім бойынша)»;

      көрсетілген құрамынан: Болат Бидахметұлы Жәмішев, Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев, Марат Еркінұлы Толыбаев, Ильдар Ізтұрғанұлы Сағиев, Маржан Бопайқызы Күзембаева, Марат Дүйсенбекұлы Әйтенов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 1999 года № 813 "О создании Межведомственной комиссии по возврату и реструктуризации кредитов, выданных из республиканского бюджета, а также средств, отвлеченных из республиканского бюджета в рамках гарантированных государством займов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2014 года № 244

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 1999 года № 813 «О создании Межведомственной комиссии по возврату и реструктуризации кредитов, выданных из республиканского бюджета, а также средств, отвлеченных из республиканского бюджета в рамках гарантированных государством займов» следующие изменения:
      ввести в состав Межведомственной комиссии по возврату и реструктуризации кредитов, выданных из республиканского бюджета, а также средств, отвлеченных из республиканского бюджета в рамках гарантированных государством займов, утвержденный указанным постановлением:

Султанова
Бахыта Турлыхановича

-

заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан, председателем

Даленова
Руслана Ерболатовича

-

вице-министра финансов Республики Казахстан, заместителем председателя

Исаеву
Гульмиру Султанбаевну

-

вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Тортаева
Бауыржана Кадыровича

-

заместителя заведующего Отделом социально-экономического мониторинга Администрации Президента Республики Казахстан (по согласованию)

Ташенева
Бакытбека Хакимовича

-

председателя правления акционерного общества «Компания по реабилитации и управлению активами» (по согласованию)

Алдашова
Марса Бахтияровича

-

заместителя председателя правления акционерного общества «Банк Развития Казахстана» (по согласованию).

      строку:

«Кушибаев
Мурат Шаменович

-

начальник 3-го управления Департамента по раскрытию и предупреждению дел о коррупции Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) (по согласованию)»

      изложить в следующей редакции:       

«Кушубаев
Мурат Шаменович

-

старший инспектор по особо важным делам 2-го управления Департамента по раскрытию и предупреждению дел о коррупции Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) (по согласованию)»;

      вывести из указанного состава: Жамишева Болата Бидахметовича, Тенгебаева Ардака Мырзабаевича, Толибаева Марата Еркиновича, Сагиева Ильдара Изтургановича, Кузембаеву Маржан Бопаевну, Айтенова Марата Дуйсенбековича.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    С. Ахметов