Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті өзеніндегі Көкпекті су қоймасы бөгенінің 2014 жылғы 31 наурызда жарылуы салдарынан болған топтық жазатайым оқиға себептерін тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті өзеніндегі Көкпекті су қоймасы бөгенінің жарылуы салдарынан болған топтық жазатайым оқиға себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия жұмысқа дереу кіріссін, топтық жазатайым оқиға себептері мен жағдайларының жан-жақты тексерілуін қамтамасыз етсін, келтірілген залал көлемін айқындасын, зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Комиссия жетекшісі:
1) бір ай мерзімде топтық жазатайым оқиға себептерін тексеру нәтижелері және зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын;
2) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін Комиссия жұмысына тартсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 сәуірдегі
№ 314 қаулысына
қосымша
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті өзеніндегі
Көкпекті су қоймасы бөгенінің жарылуы салдарынан болған топтық
жазатайым оқиға себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия
Божко - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович жағдайлар министрі, жетекші
Әбдішев - Қарағанды облысының әкімі, жетекшінің
Бауыржан Түйтеұлы орынбасары
Жақсалиев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Бақытжан Мұхаметқалиұлы және жаңа технологиялар вице-министрі
Байжүнісов - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерік Әбенұлы сақтау вице-министрі
Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы вице-министрі
Омаров - Қазақстан Республикасының Ауыл
Сапархан Кесікбайұлы шаруашылығы вице-министрі
Әбсаттаров - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Қайрат Бектайұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Нокин - Қазақстан Республикасының Өңірлік
Серік Кеңесұлы даму вице-министрі
Пішембаев - Қазақстан Республикасының Көлік және
Мереке Құдайбергенұлы коммуникация вице-министрі
Нысанбаев - Қазақстан Республикасының Қоршаған орта
Ерлан Нұралыұлы және су ресурстары вице-министрі
Бекшин - Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
Жандарбек Мұхтарұлы құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының
орынбасары