Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті өзеніндегі Көкпекті су қоймасы бөгенінің жарылуы салдарынан болған топтық жазатайым оқиға себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссияны құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 02 сәуірдегі № 314 қаулысы

      Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті өзеніндегі Көкпекті су қоймасы бөгенінің 2014 жылғы 31 наурызда жарылуы салдарынан болған топтық жазатайым оқиға себептерін тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті өзеніндегі Көкпекті су қоймасы бөгенінің жарылуы салдарынан болған топтық жазатайым оқиға себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      2. Комиссия жұмысқа дереу кіріссін, топтық жазатайым оқиға себептері мен жағдайларының жан-жақты тексерілуін қамтамасыз етсін, келтірілген залал көлемін айқындасын, зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Комиссия жетекшісі:
      1) бір ай мерзімде топтық жазатайым оқиға себептерін тексеру нәтижелері және зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын;
      2) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін Комиссия жұмысына тартсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 2 сәуірдегі
№ 314 қаулысына  
қосымша      

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті өзеніндегі
Көкпекті су қоймасы бөгенінің жарылуы салдарынан болған топтық
жазатайым оқиға себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия

Божко                    - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович          жағдайлар министрі, жетекші

Әбдішев                  - Қарағанды облысының әкімі, жетекшінің
Бауыржан Түйтеұлы          орынбасары

Жақсалиев                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Бақытжан Мұхаметқалиұлы    және жаңа технологиялар вице-министрі

Байжүнісов               - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерік Әбенұлы               сақтау вице-министрі

Шолпанқұлов              - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы         вице-министрі

Омаров                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
Сапархан Кесікбайұлы       шаруашылығы вице-министрі

Әбсаттаров               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Қайрат Бектайұлы           халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Нокин                    - Қазақстан Республикасының Өңірлік
Серік Кеңесұлы             даму вице-министрі

Пішембаев                - Қазақстан Республикасының Көлік және
Мереке Құдайбергенұлы      коммуникация вице-министрі

Нысанбаев                - Қазақстан Республикасының Қоршаған орта
Ерлан Нұралыұлы            және су ресурстары вице-министрі

Бекшин                   - Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
Жандарбек Мұхтарұлы        құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының
                           орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады