Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосы беріліп отырған 1997 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Берік Мәжитұлы Имашевқа 1997 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
1997 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Грузия Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау
саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер
енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі,
1997 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) басшылыққа ала отырып,
Келісімге өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне және басқа да өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және пайдалану саласындағы өзара тиімділік және тепе-теңдік негізіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді қалай отырып,
төмендігілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғау құжаттарын беруге өтінімдер беру, қорғау құжаттарын алу және оларды күшінде ұстау кезінде екі мемлекет Тараптарының өтінім берушілері тиісті мемлекеттің заңнамасына сәйкес іс жүргізуге міндетті».
2-бап
14-баптың 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті.».
3-бап
Осы Хаттама Келісімнің 15-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді және Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін әрекет етеді.
201 ___ жылғы «___» __________ ___________ қаласында әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерінде екі данада жасалады, әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру мақсаттары үшін орыс тіліндегі мәтін пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Грузияның
Үкіметі үшін Үкіметі үшін