Алматыда 1997 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 1, 8-құжат) (2000 жылғы 18 қаңтарда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 93 бет) Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Республикасының Үкіметі, екі мемлекет арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастарды назарда ұстай отырып, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға тілек білдіре отырып, өнеркәсіп меншігін тиімді және теңбе-тең қорғау мұндай ынтымақтастықты дамытудың қажетті шарты болып табылатындығын мойындай отырып, осы мақсатқа байланысты өнеркәсіп меншігі авторлары мен иелерінің құқығын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау қажеттігін түсіне отырып, төмендегілер туралы келісті: 1 Бап Осы Келісім мақсаттары үшін өнеркәсіп меншігі құқығына жататындар: - өнертабыстар, пайдалы модельдер; - өнеркәсіп үлгілері; - тауар таңбалары; - қызмет көрсету белгілері; - фирмалық атаулары; - тауардың шығуы немесе шыққан жері атауларының көрсеткіші. 2 Бап
Тараптар өнертабыстарға, өнеркәсіп үлгілеріне, тауар таңбаларына және
өнеркәсіп меншігінің басқа да объектілеріне құқықты қорғау саласындағы ынтымақтастықты өзара тиімді және тең негізде, өздері қатысушылары болып табылатын немесе болмақшы осы Келісімге немесе басқа да халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады және дамытады. 3 Бап Тараптардың ынтымақтастығы: өнеркәсіп меншігінің объектілеріне құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мәселелерді реттеп отыруға; өнеркәсіп меншігін қорғау саласында ұлттық заңдылықтардың үндестік табуына;
Қазақстан Республикасы өтінім берушілерінің Грузия Республикасы өтінім берушілерінің Грузия Республикасында және Грузия өтінім берушілерінің Қазақстан Республикасында қорғау құжаттары берілуін сұраған өтінімдерінің берілуі рәсімдерін өзара жеңілдетуге;
ақпарат, нормативтік және өзге құжаттармен, сондай-ақ өнеркәсіп меншігін қорғау саласындағы тәжірибелермен және мамандар алмасуға бағытталады.
4 Бап
Өнеркәсіп меншігін қорғау саласында мемлекеттердің бірінің жеке адамдары мен заңды тұлғалары екінші мемлекет аумағында осы мемлекеттің заңдарымен олардың өздерінің жеке адамдары мен заңды тұлғаларына қазіргі кезде берілген немесе келешекте берілетін дәл сондай құқықтар мен артықшылықтарын пайдаланатын болады, сондай-ақ олар екінші мемлекеттің жеке адамдары мен заңды тұлғалары пайдаланатын құқықтық қорғаныс құралдарын дәл сондай негізде және тап сондай көлемде пайдалана алады.
Бұл орайда Келісіммен реттелмеген мәселелер бойынша Тараптар 1883 жылғы 20 наурызда қабылданған өнеркәсіп меншігін қорғау туралы Париж Конвенциясының, 1967 жылғы 14 шілдеде Стокгольмде қайта қаралған және 1979 жылдың 2 қазанында өзгертілген ережелерін қолданатын болады.
5 Бап
Тараптар бұрыннан КСРО авторлық куәлігі немесе КСРО куәлігі берілген өнертабыс немесе өнеркәсіп үлгісін заңды түрде пайдалану, оларға басқа адамдармен ұлттық патент беру туралы өтініш берілген күнге дейін басталған болса, Қазақстан Республикасы немесе Грузияның кез келген жеке адамы немесе заңды тұлғасы лицензиялық шарт жасаспай-ақ өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгісін пайдалану құқығын сақтап қалатынын мойындайды.
Бұл орайда сыйақы төлеу өнертабысты немесе өнеркәсіп үлгісін пайдаланып жүрген немесе пайдаланатын мемлекеттің аумағында бекітілген заңдары тәртібімен жүргізіледі.
6 Бап
Тараптардың әрқайсысы:
өнеркәсіп меншігі объектілеріне бұрындары берілген КСРО қорғау құжаттарының өз мемлекеті аумағындағы іс-әрекетін мойындауға;
КСРО авторлық куәліктері және куәліктерімен қорғалатын өнертабыстар мен өнеркәсіп үлгілерін пайдаланғаны үшін сол пайдаланған жердегі мемлекеттің құқықтық актілеріне сәйкес авторларға сыйақылар төлеуге;
екі мемлекеттің өтінім берушілері мен олардың патенттік сенімді өкілдеріне ұлттық қорғау құжаттарын алуға өтінімдерін ресімдеу құқығымен қатар өнертабыстарға КСРО авторлық куәліктерін және өнеркәсіп үлгісіне КСРО куәліктерін олардың қалған қызмет мерзімінде ұлттық қорғау құжаттарына айналдыру құқығын береді.
7 Бап
Тараптар экономикалық, өнеркәсіптік, ғылыми және техникалық ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ережені енгізуді де өз міндеттеріне алады.
8 Бап
Қорғау құжаттарын алуға өтінім берген кезде, қорғау құжаттарын алғанда және оларды күшінде ұстағанда екі мемлекеттің де патенттік сенімді өкілдері, бұл орайда ұлттық өтінім берушілердің мүддесін көрсете отырып, өзара принципті негізде мемлекеттердің патенттік ведомстволарымен тікелей іс жүргізе алады. Мемлекеттердің бірінің ұлттық өтінім берушілеріне оның заңдарында белгіленген тәртіпте, сондай-ақ өзара принцип негізінде қорғау құжаттарын алу және оларды күшінде ұстау жөніндегі істерді екінші мемлекеттің патенттік ведомствосымен тікелей жүргізуіне құқық беріледі.
9 Бап
Тараптар басқа мемлекеттің өтініш берушісі қорғау құжатын алуға өтініш беру кезінде өнеркәсіп меншігі объектілерін шетелдік патенттеу тәртібіне қатысты ұлттық заң талаптарын өтініш берушінің сақтағандығын куәландыратын құжатты тапсырудың міндетті шарт екендігін мойындайды.
10 Бап
Өтінімдер беруге, қорғау құжаттарын беруге, оларды күшінде сақтауға және өнеркәсіп меншігін қорғау мен пайдалануға қатысты өзге де заңдық маңызы бар әрекеттерді жасауға төленетін баждар және басқа да қызметтер көрсетуге төленетін төлемдер, ұлттық өтінім берушілердің баждары,
төлемдердің төленуі үшін Қазақстан Республикасы мен Грузия Республикасының құзыретті органдарымен белгіленген курсы бойынша Қазақстан Республикасы және Грузия Республикасы заңдарында қаралған мөлшерде және валютамен төленеді. 11 Бап Осы Келісімді жүзеге асыру барысында Тараптардың бірінің екіншісіне жолдайтын барлық құжаттары орыс тілінде ұсынылады. 12 Бап Осы Келісіммен немесе оны орындауға байланысты мәселелерден туындаған пікір қайшылығы жағдайында Тараптардың өкілдері өзара кеңеседі және осы қайшылықтарды реттеуге қажетті күш жұмсайды. 13 Бап Осы Келісім Тараптардың өнеркәсіп меншігін қорғау саласында басқа мемлекеттермен екі жақты және көп жақты ынтымақтастыққа қатысуына кедергі болмайды. 14 Бап Осы Келісім орындау үшін жауапкершілік Тараптардың патент ведомстволарына жүктеледі: Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының Патент ведомствосы (Қазпатент). Грузияда - Грузиннің "Сакпатенти" патент ведомствосы.
Екі мемлекеттің патент ведомстволары ынтымақтастығының тәртібі мен шарттары олардың арасындағы арнаулы келісімдермен айқындалады.
15 Бап
Осы Келісім Тараптардың соңғысының барлық қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындайтындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін күшіне енеді және бес жыл бойы күшінде болады және егер Тараптардың бірі екінші уағдаласушы Тарапқа осы Келісімнің қолданысын тоқтататыны туралы өзінің ниетін алты айдан кешіктірмей хабарламаса, онда өздігінен бес жыл мерзімге ұзартылады.
Осы Келісім күшінің тоқтауы екі мемлекеттің де жеке адамдары мен
заңды тұлғаларына Келісім күшін сақтап тұрған кезде түскен өтінімдер бойынша берілген немесе берілуі мүмкін қорғау құжаттарының күші жойылмайды. Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Алматы қаласында 1997 жылғы 11 қарашада әрқайсысы екі данадан болып қазақ, грузин және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіннің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсаты үшін орыс тіліндегі мәтін пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Грузия Үкіметі үшін Үкіметі үшін Мамандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.