Қазақстан халқы Ассамблеясының достық үйлерін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 580 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының достық үйлерін дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі бір ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 30 мамырдағы
№ 580 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан халқы Ассамблеясының достық үйлерін дамыту тұжырымдамасы

1. Қазақстан халқы Ассамблеясы достық үйлерінің ағымдағы
жағдайын талдау, даму үрдістері мен пайымы

1. Ағымдағы жағдайды талдау

      Тұжырымдама «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2010 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына, «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 552 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – Ассамблея) ХХ сессиясында берген достық үйлерінің даму тұжырымдамасын әзірлеу, олардың мәртебесін бейбітшілік және келісім орталықтары ретінде айқындау, қоғамдық келісім және әлеуметтік бастамалар орталықтары ретінде достық үйлері жұмысының тиімділігін арттыру туралы тапсырмаларына сәйкес әзірленді.
      Достық үйлері этносаралық қатынастар саласындағы азаматтық қоғамды ұйыстырушы функциясын атқара отырып, этносаралық бейбітшілік пен келісімді сақтауда үлкен рөл атқарады.
      Бүгінгі күні халықпен жұмыс істеудің нақты нысаны ретінде, әлеуметтік және азаматтық бастамалардың дамуына ықпал ететін негіз ретінде достық үйлерінің қажеттілігі олардың:
      этномәдени бірлестіктер үшін ресурстық, мәдени және әдістемелік орталық; бірлік идеяларын қалыптастыру және тарату, этносаралық келісім, қазақстандық патриотизмді насихаттау орталығы, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға, мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге бағытталған басым жобаларға қолдау көрсету жөнінде қаржылай-әдістемелік көмек көрсету орталығы болып табылатындығына негізделген.
      Қазіргі уақытта республикада 10 достық үй жұмыс істейді, оның 9-ы – өңірлік және біреуі – республикалық.
      Қазақстанда алғашқы достық үйі 1992 жылы Шығыс Қазақстан облысында өз жұмысын бастады.
      Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алты аймақта (Астана қаласында және Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында) мамандандырылған достық үйлері ғимараттарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
      Өңірлердегі достық үйлері әртүрлі құқықтық нысанда жұмыс істейді және әртүрлі басқару органдары бар. Мысалы, бес облыста достық үйлері коммуналдық қазыналық кәсіпорын, екеуінде – мемлекеттік мекеме нысанында жұмыс істейді, екі облыста заңды тұлғасы жоқ. Бес облыста басқару органы мәдениет басқармасы және бір облыста – ішкі саясат басқармасы болып табылады. Негізінен достық үйлері мәдени-демалыс ұйымдары ретінде жұмыс істейді.
      Жұмыс істеп тұрған достық үйлерінің қызметіне жүргізілген кешенді талдау ұйымдардың мақсаттары мен міндеттері Қазақстанның этникалық топтарының дәстүрлерін, тілдерін, мәдениеттерін сақтау, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қалыптастыру, Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде этномәдени бірлестіктердің күшін біріктіру бойынша жалпы міндеттерді шешуге бағытталғанын көрсетті.
      Қоғамдық-саяси тәжірибе қоғамдық келісім саласындағы әлеуметтік және азаматтық бастамалардың дамуын ынталандыратын азаматтық қоғам институттарын қолдаудың мықты ресурсы ретінде достық үйлерін дамыту қажеттілігін көрсетті.
      Республикалық достық үйі – мемлекеттік мекеме нысанында қызмет етеді және Алматы қаласында жұмыс істейді. Достық үйі ғимаратында 29 этномәдени бірлестік, мемлекеттік және ана тілдерін үйрену жөніндегі кабинет, «Достық – Дружба» журналы, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы орналасқан, мемлекеттік және ана тілдерін үйрену бойынша жексенбілік мектептер жұмыс істейді.
      Достық үйінің ғимараты салтанатты қабылдаулар, кездесулер, мәжілістер үшін арнайы салынған, тарихи және мәдени ескерткіш болып табылады.
      Ақмола облысындағы достық үйі Ақмола Ассамблеясы хатшылығының үйлестіруші рөлі арқылы барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Ол этномәдени бірлестіктер үшін мәдени және әдістемелік орталық болып табылады. Қызметінің басым бағыттары бірлік, этносаралық келісім, қазақстандық патриотизмді насихаттау идеяларын қалыптастыру және тарату болып табылады.
      Ғимараттың мамандандырылған достық үйлерінің заманауи талаптарына сәйкес келмейтіндігін ескере отырып, облыстық бюджет қаражаты есебінен жаңа достық үйі ғимаратының құрылысы жүргізілуде.
      Жамбыл облысында достық үйі облыстық жастар ұйымы бірлестігінің орталығына және жастар орталығы көшбасшыларының жыл сайынғы Форумының бастамашысына айналды, оның негізінде облыс Ассамблеясы мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жобалары іске асырылуда.
      Достық үйінде қоғамдық келісімді қалыптастыруға азаматтық қоғам институттарын тарту мақсатында әдістемелік кабинет және мұражай, конференц-зал, хореографиялық және оқу сыныптары ашылды. Достық үйі осында өздерінің іс-шараларын өткізетін үкіметтік емес ұйымдар үшін ресурстық орталық болып табылады.
      Батыс Қазақстан облысында достық үйінің функциясын Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Жастар шығармашылық орталығы» атқарады, мұнда этномәдени бірлестіктер орналастырылған және әдістемелік көмек көрсету, мәдени-бұқаралық іс-шараларға техникалық қызмет көрсету үшін маман бекітілген.
      Шығыс Қазақстан облысында достық үйі этноауыл және үкіметтік емес ұйымдармен бірге Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығымен өзара іс-қимыл жасайды.
      Ақтөбе облысында достық үйі базасында этномәдени бірлестіктерден басқа, «Қазақ тілі» қоғамы, 6 жексенбілік мектеп, 8 шығармашылық ұжым, 13 үйірме кіретін «Достық» балалар студиясы жұмыс істейді.
      Алматы облысында арнайы жоба бойынша салынған достық үйі базасында мықты ресурстық база қалыптастырылған, ол кеңселік үй-жайларды, мәжіліс және конференц-залдарды, дыбыс жазу студиясын, үш хореографиялық залды, мультимедиалық кабинетті, тілдерді үйрету орталығын қамтиды. Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеңесімен, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесімен жұмыстар жүзеге асырылады, мұнда облыстық Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық тобы, этносаралық қатынастар мәселелері бойынша жетекші журналистер клубы жұмыс істейді. Достық үйінде жыл сайын әртүрлі форматта 200-ден астам іс-шаралар өткізіледі.
      Оңтүстік Қазақстан облысында ресурстық қолдау көрсету функцияларын және әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін достық үйіне жапсарлас ғимарат құрылысы аяқталды, онда 14 кабинет, репетициялық зал және 50-60 орынға арналған шағын зал орналасатын болады.
      Талдау қалалар мен аудандар деңгейінде достық үйлері желісінің кеңейгенін көрсетті.
      Павлодар облысында Ақсу және Екібастұз қалаларында достық үйлерін салу туралы мәселе қаралуда. Ақмола облысында Степногорск қаласында және Зеренді ауданында достық үйлері құрылды. Батыс Қазақстан облысында көпэтносты Теректі және Зеленовск аудандарында достық үйлері құрылған. Шығыс Қазақстан облысында облыстық достық үйінен басқа қалалар мен аудандарда 8 достық үйі құрылып, бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді.
      Осы үрдіс азаматтық қоғам институттарымен жұмыс істеу нысаны ретінде достық үйлерінің қажеттілігін растайды және азаматтық қоғам институттары үшін республикалық ресурстық желіні жасауға, оның әдістемелік, ғылыми-зерттеу және мәдени негізін өсіріп жетілдіруге мүмкіндік береді.

2. Түйінді проблемалар

      Достық үйлерінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру саласында қазіргі уақытта мынадай проблемалар бар:
      1) достық үйлері мәдениет ұйымдары және объектілері ретінде қызмет етеді, олардың функционалды түрде достық үйлері базасында бейбітшілік және қоғамдық келісім орталықтарын қалыптастыру жөніндегі Ассамблеяның жаңа міндеттерін іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ;
      2) достық үйлері мәдениет саласындағы орталық және жергілікті уәкілетті мемлекеттік органдарға бағынысты, шын мәнінде олардың қызметі мен құрылуы Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ идеяларын іске асыруға бағытталғанына қарамастан, олардың Ассамблеяға нақты заңды байланысы мен қатынасы жоқ;
      3) достық үйлерінің жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай тәсіл жоқ, олардың мәртебесі бірегейлендірілмеген, олар әртүрлі құқықтық нысандарда жұмыс істейді, тиісінше, ортақ басқару әдістері мен қаржыландыру тетігі жоқ;
      4) достық үйлерінің міндеттері мен қызметі бағыттарының бірыңғай түсінігі қалыптастырылмаған, олардың жұмысының бірыңғай алгоритмі жасалмаған, жұмыс тұжырымдамасы мен идеологиясы анықталмаған;
      5) қаржыландыру негізін достық үйлерін ұстауға арналған бюджеттен бөлінген қаражат құрайды, этномәдени бірлестіктерді, ғылыми-талдау және ақпараттық жұмысты қолдауға бағытталған қоғамдық маңызды іс-шараларды өткізу бойынша қызметті қаржыландыру нашар жүзеге асырылады;
      6) достық үйлерінің нашар материалдық-техникалық негізі, төмен жалақы (қызметкерлер кәсіптерінің беделін төмендетеді және шығармашылық белсенділікке және жер-жерлерде кадрларды бекітуге ықпал етпейді), дәл осы достық үйлерінде жұмыс істеу үшін тәжірибелі мамандандырылған білікті кадрлардың жетіспеуі;
      7) ресурс орталықтары ретінде достық үйлерінің жеткілікті әдістемелік қамтамасыз етілмеуі;
      8) азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылдың белгілі бір деңгейде тарылуы, сол себепті достық үйлері тек этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеумен ғана шектеліп отыр.
      Достық үйлерін этномәдени бірлестіктердің идеялары мен ауқымды жобаларын іске асыру орталықтары, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық саясат саласында Ассамблеяның негізгі стратегиялық құжаттарын түсіндіру және насихаттау бойынша идеологиялық жұмыс орталықтары ретінде құру мақсатында «Қазақстан-2050» стратегиясы» және Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы аясында достық үйлері қызметінің жаңа нысанына байланысты осы саладағы инновациялық әдістерді қолдану қажет, сондай-ақ бейбітшілік пен келісім орталықтары ретінде достық үйлерінің мақсаты мен міндеттерін іске асыруда, Ассамблеяның қызметін қамтамасыз ету тетіктері ретінде оларды институционалдандыруда бірыңғай тәсілді әзірлеу қажет.

3. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері

      Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ идеяларын іске асырудың басым құралы ретінде достық үйлері Ассамблеяның негізін қалаушы және Төрағасы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті жанынан, ал өңірлерде – өңір басшылары және өңірлік Ассамблеялардың төрағалары ретінде Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері жанынан құрылуы тиіс деп болжанады.
      Осы Тұжырымдама этносаралық қатынастар саласында азаматтық қоғамды ұйыстыру функциясын атқара отырып, этносаралық бейбітшілік пен келісімді сақтауға бағытталған негізгі бағдарлардың жүйелі жиынтығын білдіреді.
      Тұжырымдаманың мақсаты жұмысы Ассамблеяның міндеттерін шешуге және оның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған бейбітшілік пен қоғамдық келісім, әлеуметтік бастамалар орталықтары ретінде достық үйлерінің жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай тұтас жүйесін қалыптастыру болып табылады.
      Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
      1) Ассамблеяның алдына қойылған міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету тетігі ретінде достық үйлерінің жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілін, олардың бірыңғай ұйымдық-құқықтық мәртебесін айқындау;
      2) барлық деңгейдегі достық үйлері арқылы Ассамблеяның қызметін кепілді қаржыландыруды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін айқындау;
      3) Ассамблеяның бейбітшілік және келісім орталықтары ретінде достық үйлері жұмысының негізгі бағыттарын айқындау;
      4) бейбітшілік және қоғамдық келісім, өңірлердің әлеуметтік бастамалар орталықтары ретінде достық үйлері инфрақұрылымын дамыту;
      5) қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі «Қазақстан-2050» стратегиясы» міндеттерін шешу бойынша қоғамдық келісім саласында этномәдени бірлестіктер мен басқа да азаматтық қоғам институттарының қызметтерін жандандыру;
      6) өңір тұрғындарының әлеуметтік маңызды жобаларға, тілдерді үйренуге, шығармашылықты, қоғамдық келісім саласындағы бастамалар мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға қатысуы үшін жағдай жасау.

4. Іске асыру кезеңдері

      Ассамблеяның достық үйлерінің одан әрі дамуы мынадай түрде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады:
      1) 2014 – 2016 жылдар аралығындағы кезең (бірінші кезең) – Ассамблеяның республикалық және өңірлік достық үйлерінің жұмысын ұйымдастырудың, республикалық және өңірлік достық үйлері базасында мемлекеттік мекемелер құру арқылы олардың бірыңғай ұйымдық-құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілі жасалатын болады. Достық үйі қызметтерінің жаңа бағыттары аясында олардың жұмыстары мен инфрақұрылымдары жетілдірілуде;
      2) 2017 – 2020 жылдар аралығындағы кезең (екінші кезең) – «Қазақстан-2050» стратегиясы» және Ассамблеяның (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы аясында Ассамблеяның достық үйлерін одан әрі дамыту жүзеге асырылатын болады.

5. Күтілетін нәтижелер

      Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттерін іске асыру арқылы мынадай нәтижелер күтіледі:
      1) Ассамблеяның жұмысын қамтамасыз ету үшін республикалық достық үйі базасында Астана қаласында Президент жанынан республикалық мемлекеттік мекеме құруды қамтамасыз ету;
      2) 2015 жылдың соңына дейін барлық өңірлерде өңірлік Ассамблея жұмысын қамтамасыз ету үшін Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері жанынан (жұмыс істеп тұрған достық үйлерінің негізінде) мемлекеттік мекемелер құруды қамтамасыз ету;
      3) 2015 жылдың соңына дейін Астана қаласында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында мамандандырылған достық үйлерінің құрылысын аяқтау;
      4) Қазақстанның барлық өңірлерінде достық үйлерінің жұмыс істеуін осы Тұжырымдамада айқындалатын қызметтің жаңа бағыттарына бейімдеу;
      5) этномәдени бірлестіктер мен азаматтық қоғамның басқа да институттарын қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге белсенді тарту;
      6) ұлттық-мемлекеттік сәйкестікті нығайтуға бағытталған достық үйлерінің жүйелі жұмыс тәсілдерін қамтамасыз ету;
      7) патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты жүйелі жоспарлау және ықпал ету;
      8) Ассамблея қызметін ғылыми-талдау және сараптамалық сүйемелдеу үшін жағдай жасау;
      9) достық үйлері базасында мемлекеттік этносаясатты іске асыру бойынша әлеуметтік-мәдени, көптілді, ақпараттық ортаны жасау;
      10) азаматтық қоғам институттарының шығармашылық қызметі үшін жағдай жасау, этносаралық қатынастар саласында азаматтық қоғамның әлеуметтік бастамаларын іске асыру;
      11) достық үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету.
      Тұжырымдаманы іске асыру республика ауқымында әлеуметтік бастамалар мен қоғамдық келісім орталықтарын құру бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Оның жұмысын одан әрі жетілдіру Ассамблея жанындағы достық үйлері директорларының республикалық әдістемелік кеңесі негізінде жүзеге асырылатын болады.
      Достық үйлері бейбітшілік пен келісім орталығы, тұрақты және қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды ресурсы болады.

2. Қазақстан халқы Ассамблеясының достық үйлерін дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері

1. Достық үйлерін дамытудың негізгі қағидаттары

      Достық үйлерін дамытудың негізгі қағидаттары мыналар болуы тиіс:
      1) халық пен мемлекет мүдделерінің басымдығы;
      2) ұлттық бірлікті, Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайту;
      3) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы;
      4) Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасында белгіленген Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күштерін жандандыру;
      5) «Бірлік саналуандықта» қағидаты бойынша Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттерін, тілдері мен дәстүрлерін жаңғырту, сақтау және дамыту.

2. Бейбітшілік және келісім орталықтары ретінде достық үйлерінің негізгі даму бағыттары

      1. Ассамблеяның міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету тетігі ретінде достық үйлерінің бірыңғай жұмыс тәсілін айқындау, бейбітшілік және қоғамдық келісім, өңірлердің әлеуметтік бастамалар орталықтары ретінде достық үйлерінің инфрақұрылымын мыналар арқылы дамыту:
      1) достық үйлері институтын мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимыл тетігі ретінде нығайту;
      2) олардың қызметтерінің барлық деңгейдегі ассамблеялары хатшылықтарына нақты бағыныстылығын белгілей отырып, Ассамблеяның, облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) Ассамблеясының жұмыс істеуін қамтамасыз ету тетігі ретінде достық үйлерінің бірыңғай ұйымдық-құқықтық нысанын әзірлеу;
      3) эномәдени бірлестіктерді қолдауға бағытталған қоғамдық маңызды іс-шараларды өткізу бойынша қызметті, достық үйлерінің ғылыми-талдау және ақпараттық жұмысын қаржыландыруды қамтамасыз ету;
      4) достық үйлерінің үлгілік штаттарын айқындау;
      5) материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру және конкурстық негізде мамандарды қабылдау арқылы достық үйлерінің білікті кадр құрамын көбейту;
      6) достық үйлерінде қоғамдық келісім кеңестерінің, ғылыми-сараптама тобының және Ассамблеяның қызмет бағыты бойынша басқа да құрылымдардың жұмысын ұйымдастыру;
      7) этномәдени бірлестіктерге қолдауды қамтамасыз ету, достық үйлері арқылы олардың әлеуметтік жобаларын қаржыландыру тетіктерін айқындау;
      8) тиісті жергілікті және республикалық ұйымдар мен мекемелерде оқыту және біліктілікті арттыру арқылы достық үйлерінің мамандарын даярлау және қайта даярлау, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда тренингтер мен семинарларға қатысу;
      9) Қазақстанда тұратын барлық этностық қоғамдастықтар мен топтардың қоғамдық өмірдің барлық салаларына толық құқылы қатысуына мониторинг жүргізу;
      10) этносаралық қатынастарда дау-жанжалдарға жол бермеу және алдын алу бойынша тетіктерді әзірлеуге және іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      11) өңірлердің этникалық қоғамдастықтары мен топтарының еңбек қызметінің дәстүрлі нысандарын (халық кәсіпшілігі, қолөнері) дамытуға жәрдемдесу;
      12) этносаралық және конфессияаралық келісім мен әріптестік, рухани бірлік пен патриотизм идеяларын қалыптастыру және тарату;
      13) өңірлерде тұратын барлық этностардың тарихи, мәдени-рухани мұраларын сақтау үйірмелерін, секцияларын, орталықтарын құру, олардың арасында толеранттылық пен өзара құрмет ахуалын қалыптастыру;
      14) жастар арасында экстремизмді, нәсілшілдікді, ксенофобияны, этникалық және діни төзімсіздікті болдырмау бойынша лекциялар өткізу;
      15) этносаралық қатынастардағы оң құбылыстарды, еңбек жетістіктері фактілерін, өмірді құтқару жолындағы ерліктерді, әртүрлі этностық қоғамдастықтар мен топтар өкілдерінің арасында қалыптасқан тату көршілік және әріптестік дәстүрлерін, бұрын туындаған этносаралық қайшылықтарды оң шешу үлгілерін насихаттауға арналған бұқаралық ақпарат құралдарында сұбхаттарды және жарияланымдарды ұйымдастыру;
      16) Қазақстан өңірлерінде тұратын этностардың ең үздік дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен жораларын жаңғырту және насихаттау бойынша семинарлар, конкурстар, акциялар, ғылыми жобалар өткізу, оларды жас ұрпақты тәрбиелеу процесінде пайдалану, Қазақстан халқының біріктіруші құндылықтары мен ортақ тарихы негізінде өзін-өзі тануының артуына ықпал ету.
      2. Азаматтардың ұлттық-мемлекеттік бірегейлігін, жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуді қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан-2050» стратегиясы» міндеттерін шешу бойынша этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық келісім саласындағы азаматтық қоғамның басқа да институттарының қызметтерін жандандыру:
      Мыналар арқылы азаматтардың ұлттық-мемлекеттік бірегейлігін қалыптастыруға ықпал ету:
      1) ел, облыс, өңір тағдырына азаматтың жауапкершілігі мен қатыстылығын тәрбиелеу бойынша этномәдени бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастыру және арнайы жоспарлар әзірлеу;
      2) қызметі ұлттық-мемлекеттік бірегейлендіруді қалыптастыруға бағытталған азаматтық қоғамның өңірлік институттарын дамытуға ықпал ететін әлеуметтік жобаларды іске асыру;
      3) ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, өңірлердегі этносаралық жағдайды талдау бойынша ғылыми-сараптамалық жұмысты жүргізу және ұсынымдар әзірлеу;
      4) өңірлердегі этникалық топтардың мүдделерін ескере отырып, мемлекеттік этносаясатқа сенімді нығайту бойынша халықпен жұмыс істеудің жаңа технологияларын әзірлеу;
      5) ұлттық-мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру бойынша балалармен, жасөспірімдермен және жастармен жұмыс істеу тәсілдерін әзірлеуде балалар және білім мекемелеріне жәрдемдесу;
      6) достық үйлерінің іс-шараларына тарту арқылы этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім қағидатын бекіту мақсатында оралмандар мен көшіп-қонушыларды Қазақстанға әлеуметтік бейімдеуге жәрдемдесу.
      Мыналар арқылы жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге ықпал ету:
      1) қоғамда, азаматтардың санасы мен сезімінде ортақ патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді, Қазақстанның мәдени және тарихи өткеніне, дәстүріне құрметті бекітуге бағытталған іс-шараларды өткізу;
      2) азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздеріне, заңдылығына, қоғамдық және ұжымдық өмір нормаларына құрметпен қарау рухында тәрбиелеу бойынша ақпараттық жұмыстар мен арнайы шараларды ұйымдастыру, адамның конституциялық құқықтары мен оның міндеттерін, азаматтық, кәсіптік және әскери борышын іске асыруды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
      3) этномәдени бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттары өткізетін қоғамдық-саяси және мәдени іс-шаралардың патриоттық бағытын күшейту үшін жағдай жасау;
      4) өңірлердің экономикалық, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, этникалық, діни толеранттылық, бейбітшілік, сенім мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
      Этномәдени бірлестіктерді тілдерді және этнос дәстүрлерін үйрену бойынша әлеуметтік жобаларға тарту үшін жағдай жасау.
      Достық үйлерінің қоғамдық келісімді сақтау және дамыту бойынша қызметінің бағыттары, оған қол жеткізу үшін мыналар қажет:
      1) мемлекеттік тілді, Қазақстан этностарының тілдерін үйрету бойынша курстарды ұйымдастыру;
      2) достық үйлерін және өңірлердің бірыңғай әлеуметтік-мәдени, қоғамдық кеңістігін қалыптастыратын ұйымдардың қызметі мен өзара іс-қимылының жаңа нысандарын әзірлеу үшін азаматтық қоғам институттарымен тығыз ынтымақтастық орнату;
      3) азаматтық қоғам институттарымен бірлескен әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және халықтың шығармашылық қабілеттерін өздігінен іске асыру және оны қоғамдық қызмет саласына тартуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу;
      4) Қазақстан этникалық топтарының дәстүрлерін, мәдениетін, тілдерін сақтау саласында мәдени, ғылыми, ақпараттық алмасуды, өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
      5) қоғамдық келісімді нығайту бойынша жұмыс үшін ақпараттық ресурстар желісін құру арқылы достық үйлерінің ақпараттық кеңістігін кеңейту.

3. Тұжырымдаманың іске асырылуы көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      Міндеттерге мынадай нормативтік құқықтық актілер арқылы қол жеткізу көзделіп отыр:
      «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы № 70-IV Заңы;
      «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығы.

Об утверждении Концепции развития домов дружбы Ассамблеи народа Казахстана

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2014 года № 580.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую Концепцию развития домов дружбы Ассамблеи народа Казахстана (далее - Концепция).

      2. Министерству культуры Республики Казахстан в месячный срок разработать План мероприятий по реализации Концепции.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждена
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 30 мая 2014 года № 580

Концепция
развития домов дружбы Ассамблеи народа Казахстана
1. Анализ текущей ситуации, тенденции и видение развития домов
дружбы Ассамблеи народа Казахстана

      1. Анализ текущей ситуации

      Концепция разработана в соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 октября 2008 года "Об Ассамблее народа Казахстана", Указом Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 149 "О положении об Ассамблее народа Казахстана", Указом Президента Республики Казахстан от 18 апреля 2013 года № 552 "Об утверждении Концепции развития Ассамблеи народа Казахстана (до 2020 года)", поручениями Президента Республики Казахстан, данными на ХХ сессии Ассамблеи народа Казахстана (далее - Ассамблея), о разработке концепции развития домов дружбы, определении их статуса как центров мира и согласия, подготовке повышения эффективности работы домов дружбы как центров общественного согласия и социальных инициатив.

      Дома дружбы играют огромную роль в сохранении межэтнического мира и согласия, выполняя консолидирующую функцию гражданского общества в сфере межэтнических отношений.

      На сегодняшний день востребованность домов дружбы как реальной формы работы с населением, как источника, стимулирующего развитие социальных и гражданских инициатив, обусловлена тем, что они являются:

      ресурсным, культурным и методическим центром для этнокультурных объединений; центром формирования и распространения идей единства, межэтнического согласия, пропаганды казахстанского патриотизма, центром оказания финансово-методической помощи по поддержке приоритетных проектов, направленных на укрепление общественного согласия и национального единства, проведение культурно-массовых мероприятий.

      В настоящее время в республике действуют 10 домов дружбы, из них 9 региональных и один республиканский.

      Первый дом дружбы в Казахстане начал свою работу в 1992 году в Восточно-Казахстанской области.

      В соответствии с поручением Главы государства в шести регионах (в городе Астана и Атырауской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Кызылординской, Мангистауской областях) ведется работа по строительству специализированных зданий домов дружбы.

      Дома дружбы в регионах работают в различных правовых формах и имеют разные органы управления. Так, в пяти областях дома дружбы работают в форме коммунальных казенных предприятий, в двух – государственные учреждения, в двух областях не имеют юридического лица. В пяти областях органами управления выступают управления культуры и одной области – управление внутренней политики. В основном дома дружбы действуют как культурно-досуговые организации.

      Проведенный комплексный анализ деятельности действующих домов дружбы показал, что цели и задачи организаций направлены на решение общих задач по сохранению традиций, языков, культур этнических групп Казахстана, формированию межэтнической толерантности и общественного согласия, интеграции усилий этнокультурных объединений в достижении целей и задач Ассамблеи.

      Общественно-политическая практика показала востребованность развития домов дружбы как мощного ресурса поддержки институтов гражданского общества, стимулирующего развитие социальных и гражданских инициатив в сфере общественного согласия.

      Республиканский дом дружбы действует в форме государственного учреждения и функционирует в городе Алматы. В здании дома дружбы размещены 29 этнокультурных объединений, кабинет по изучению государственного и родного языков, журнал "Достык – Дружба", международное общество "Қазақ тілі", работают воскресные школы по изучению государственного и родных языков.

      Здание дома дружбы построено специально для торжественных приемов, встреч, совещаний, является памятником истории и культуры.

      В Акмолинской области дом дружбы активно задействован во всех мероприятиях при координирующей роли секретариата Акмолинской Ассамблеи. Он является культурным и методическим центром для этнокультурных объединений. Приоритетными направлениями деятельности являются формирование и распространение идей единства, межэтнического согласия, пропаганда казахстанского патриотизма.

      С учетом того, что здание не соответствует современным требованиям специализированного дома дружбы, за счет средств областного бюджета ведется строительство нового здания дома дружбы.

      В Жамбылской области дом дружбы стал центром объединения областных молодежных организаций и инициатором ежегодного Форума лидеров молодежных центров, на его базе реализуются совместные проекты неправительственных организаций с Ассамблеей области.

      В доме дружбы в целях вовлечения институтов гражданского общества в формирование общественного согласия открыты методический кабинет и музей, конференц-зал, хореографический и учебный классы. Дом дружбы является ресурсным центром для неправительственных организаций, которые проводят здесь свои мероприятия.

      В Западно–Казахстанской области функцию дома дружбы выполняет "Молодежный творческий центр" управления культуры Западно-Казахстанской области, где размещены этнокультурные объединения и закреплен специалист для оказания методической помощи, технического обслуживания культурно-массовых мероприятий.

      В Восточно-Казахстанской области областной дом дружбы взаимодействует с Восточно-Казахстанским архитектурно-этнографическим и природно-ландшафтным музеем-заповедником в комплексе с этнодеревней и неправительственными организациями.

      В Актюбинской области на базе дома дружбы помимо этнокультурных объединений работают общество "Қазақ тілі", 6 воскресных школ, 8 творческих коллективов, детская студия "Достык", в которую входят 13 кружков.

      В Алматинской области на базе дома дружбы, построенного по специальному проекту, сформирована мощная ресурсная база, которая включает офисные помещения, актовый и конференц-залы, студию звукозаписи, три хореографических зала, мультимедийный кабинет, центр изучения языков. Осуществляется работа с Советом ветеранов войны и труда, советом старейшин "Ұлағат", здесь работает научно-экспертная группа областной Ассамблеи, клуб ведущих журналистов по вопросам межэтнических отношений. В доме дружбы ежегодно проводятся свыше 200 мероприятий различного формата.

      В Южно-Казахстанской области для реализации функции ресурсной поддержки и социальных инициатив завершено строительство пристройки к дому дружбы, в которой будут расположены 14 кабинетов, репетиционный зал и малый зал на 50-60 мест.

      Анализ выявил расширение сети домов дружбы – на уровне городов и районов.

      В Павлодарской области рассматривается вопрос о строительстве домов дружбы в городах Аксу и Экибастуз. В Акмолинской области дома дружбы созданы в городе Степногорск и Зерендинском районе. В Западно-Казахстанской области дома дружбы созданы в полиэтничных Теректинском и Зеленовском районах. В Восточно-Казахстанской области, помимо областного, в городах и районах на протяжении ряда лет созданы и работают еще 8 домов дружбы.

      Данная тенденция свидетельствует о востребованности домов дружбы как формы работы с институтами гражданского общества и позволяет выстроить республиканскую ресурсную сеть для институтов гражданского общества, наращивать ее методическую, научно-исследовательскую и культурную базу.

      2. Ключевые проблемы

      В области формирования и организации деятельности домов дружбы в настоящее время выделяются следующие проблемы:

      1) дома дружбы существуют как организации и объекты культуры, которые функционально не имеют возможность обеспечивать реализацию новых задач Ассамблеи по формированию на базе домов дружбы центров мира и общественного согласия;

      2) дома дружбы находятся в подчинении центрального и местных уполномоченных государственных органов в области культуры, не имеют четкой юридической привязки и отношения к Ассамблеям, хотя в реальности их деятельность и предназначение направлены на реализацию целей и задач, а также идей Ассамблеи;

      3) отсутствует единый подход к организации работы домов дружбы, не унифицирован их статус, они функционируют в различных правовых формах, соответственно нет общих методов управления и финансирования;

      4) не сформировано единого понимания задач и направлений деятельности домов дружбы, не выработан единый алгоритм их работы, не определены концепция и идеология работы;

      5) основу финансирования составляют средства, выделенные из бюджета для содержания домов дружбы, слабо осуществляется финансирование деятельности по проведению общественно значимых мероприятий, направленных на поддержку этнокультурных объединений, научно-аналитической и информационной работы;

      6) слабая материально-техническая база домов дружбы, низкая заработная плата (снижает престиж профессий работников и не способствует творческой активности и закреплению кадров на местах), нехватка опытных специализированных квалифицированных кадров, именно для работы в домах дружбы;

      7) недостаточное методическое обеспечение домов дружбы как ресурсных центров;

      8) определенное сужение взаимодействия с гражданским обществом, в ходе которого дома дружбы ограничиваются работой исключительно с этнокультурными объединениями.

      В целях создания домов дружбы как центров реализации идей и масштабных проектов этнокультурных объединений, а также центров идеологической работы по разъяснению и пропаганде основных стратегических документов Ассамблеи в сфере государственной национальной политики необходимо применять инновационные методы в данной области, связанные с новым форматом деятельности домов дружбы в контексте "Стратегии "Казахстан – 2050" и Концепции развития Ассамблеи народа Казахстана (до 2020 г.), а также выработать единый подход в реализации целей и задач домов дружбы, их институционализации в качестве центров мира и согласия, механизмов обеспечения деятельности Ассамблеи.

      3. Цели и задачи Концепции

      Предполагается, что дома дружбы как приоритетный инструмент реализации целей и задач, а также идей Ассамблеи, должны быть созданы при Президенте Республики Казахстан как основателе и Председателе Ассамблеи, а региональные - при акимах городов Астаны и Алматы, областей как главах регионов и председателях региональных ассамблей.

      Настоящая Концепция представляет системную совокупность базовых ориентиров, нацеленных на сохранение межэтнического мира и согласия, выполняя консолидирующую функцию гражданского общества в сфере межэтнических отношений.

      Целью Концепции является формирование единой целостной системы организации работы домов дружбы, как центров мира и общественного согласия, социальных инициатив, работа которых направлена на решение задач Ассамблеи и обеспечение ее деятельности.

      Для достижения указанной цели предусматривается решение следующих задач:

      1) определение единого подхода к организации работы домов дружбы как механизма обеспечения реализации задач, поставленных перед Ассамблеей, их единого организационно-правового статуса;

      2) определение единых подходов к организации гарантированного финансирования деятельности Ассамблеи посредством домов дружбы всех уровней;

      3) определение основных направлений работы домов дружбы как центров мира и согласия Ассамблеи;

      4) развитие инфраструктуры домов дружбы как центров мира и общественного согласия, социальных инициатив регионов;

      5) активизация деятельности этнокультурных объединений и других институтов гражданского общества в сфере общественного согласия по решению задач "Стратегия "Казахстан-2050" по обеспечению общественного согласия и национального единства;

      6) создание условий для участия населения регионов в социально значимых проектах, изучении языков, развитии творчества, инициативы и социальной активности в сфере общественного согласия.

      4. Периоды реализации

      Дальнейшее развитие домов дружбы Ассамблеи будет осуществляться поэтапно следующим образом:

      1) период с 2014 года до 2016 года (первый этап) - будет выстроен единый подход к организации работы республиканского и региональных домов дружбы Ассамблеи, обеспечению их единого организационно-правового статуса путем создания государственных учреждений на базе республиканского и региональных домов дружбы. В рамках новых направлений деятельности домов дружбы совершенствуются их работа и инфраструктуры;

      2) период с 2017 года до 2020 года (второй этап) - будет осуществляться дальнейшее развитие домов дружбы Ассамблеи в контексте со "Стратегией "Казахстан – 2050" и Концепцией развития Ассамблеи народа Казахстана (до 2020 г.).

      5. Ожидаемые результаты

      При реализации целей и задач Концепции ожидаются следующие результаты:

      1) обеспечение создания республиканского государственного учреждения при Президенте в Астане на базе республиканского дома дружбы для обеспечения работы Ассамблеи;

      2) обеспечение создания до конца 2015 года во всех регионах государственных учреждений при акиматах гг. Астана и Алматы, областей (путем передачи существующих домов дружбы) для обеспечения работы региональной Ассамблеи;

      3) завершение строительства специализированных домов дружбы до конца 2015 года в г. Астаны, Атырауской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Кызылординской, Мангистауской областях;

      4) адаптация во всех регионах Казахстана функционирования домов дружбы к новым направлениям деятельности, определяемым настоящей Концепцией;

      5) активное вовлечение этнокультурных объединений и других институтов гражданского общества в решение задач по обеспечению общественного согласия и национального единства;

      6) обеспечение системного подхода работы домов дружбы к укреплению национально-государственной идентичности;

      7) системное планирование и содействие работе по патриотическому воспитанию;

      8) создание условий для научно-аналитического и экспертного сопровождения деятельности Ассамблеи;

      9) создание на базе домов дружбы социально-культурной, полиязычной, информационной среды по реализации государственной этнополитики;

      10) создание условий для творческой деятельности институтов гражданского общества, реализация социальных инициатив гражданского общества в сфере межэтнических отношений;

      11) обеспечение укрепления материально-технической базы домов дружбы.

      Как представляется, реализация Концепции позволит обеспечить системную работу по созданию центров социальных инициатив и общественного согласия в масштабах республики.

      Дальнейшее совершенствование ее работы может осуществляться на основе республиканского методического совета директоров домов дружбы при Ассамблее.

      Дома дружбы будут выступать центрами мира и согласия, важнейшим ресурсом устойчивого и динамичного социально-экономического развития.

2. Основные принципы и общие подходы развития домов
дружбы Ассамблеи народа Казахстана

      1. Основные принципы развития домов дружбы

      Основными принципами развития домов дружбы должны стать:

      1) приоритет интересов народа и государства;

      2) укрепление национального единства, независимости и целостности Казахстана;

      3) взаимодействие государственных органов и институтов гражданского общества в сфере межэтнических отношений;

      4) активизация усилий этнокультурных и иных общественных объединений для достижения цели и задач Ассамблеи, обозначенных в Концепции развития Ассамблеи народа Казахстана (до 2020 года);

      5) возрождение, сохранение и развитие национальных культур, языков и традиций народа Казахстана по принципу "Единство в многообразии".

      2. Основные направления развития домов дружбы как центров

      мира и согласия:

      1. Определение единого подхода работы домов дружбы как механизма обеспечения реализации задач Ассамблеи, развитие инфраструктуры домов дружбы, как центров мира и общественного согласия, социальных инициатив регионов через:

      1) укрепление института домов дружбы как механизма взаимодействия государства и институтов гражданского общества;

      2) выработку единой организационно-правовой формы домов дружбы как механизма обеспечения функционирования Ассамблеи, Ассамблеи областей (города республиканского значения, столицы), с четким подчинением их деятельности секретариатам ассамблей всех уровней;

      3) обеспечение финансирования деятельности по проведению общественно значимых мероприятий, направленной на поддержку этнокультурных объединений, научно-аналитической и информационной работы домов дружбы;

      4) определение типовых штатов домов дружбы;

      5) совершенствование материально-технического обеспечения и увеличение квалифицированного кадрового состава домов дружбы путем приема специалистов на конкурсной основе;

      6) организацию работы в домах дружбы советов общественного согласия, научно-экспертной группы и других структур по направлению деятельности Ассамблеи;

      7) обеспечение поддержки этнокультурным объединениям, определение механизмов финансирования их социальных проектов через дома дружбы;

      8) подготовку и переподготовку специалистов домов дружбы путем обучения и повышения квалификации в соответствующих местных и республиканских организациях и учреждениях, участия в тренингах и семинарах государственных и общественных организаций;

      9) проведение мониторинга полноправного участия всех этнических общностей и групп, проживающих в Казахстане, во всех сферах общественной жизни;

      10) содействие в разработке механизмов и осуществлении мероприятий по недопущению и предупреждению конфликтов в межэтнических отношениях;

      11) содействие развитию традиционных форм трудовой деятельности этнических общностей и групп регионов (народных промыслов, ремесел);

      12) формирование и распространение идей межэтнического и межконфессионального согласия и сотрудничества, духовного единства и патриотизма;

      13) создание кружков, секций, центров по сохранению исторического, культурно-духовного наследия всех этносов, проживающих в регионах, создание атмосферы толерантности и взаимоуважения между ними;

      14) проведение лекций среди молодежи по недопущению экстремизма, расизма, ксенофобии, этнической и религиозной нетерпимости;

      15) организацию выступлений в средствах массовой информации и публикаций на освещение позитивных явлений в межэтнических отношениях, фактов трудовых достижений, подвигов во имя жизни, сложившейся традиции добрососедства и сотрудничества между представителями различных этнических общностей и групп, положительных примеров разрешения возникавших в прошлом межэтнических противоречий;

      16) проведение семинаров, конкурсов, акций, научных проектов по возрождению и популяризации лучших традиций, обычаев и обрядов этносов, проживающих в регионах Казахстана, использование их в процессе воспитания молодого поколения, содействие росту самосознания на базе объединяющих ценностей и общего исторического прошлого всего народа Казахстана.

      2. Активизация деятельности этнокультурных объединений и других институтов гражданского общества в сфере общественного согласия по решению задач "Стратегия "Казахстан-2050" в целях обеспечения национально-государственной идентичности граждан, воспитанию нового казахстанского патриотизма.

      Содействие в формировании национально-государственной идентичности граждан через:

      1) разработку специальных планов и организацию работы этнокультурных объединений по воспитанию ответственности и причастности гражданина к судьбе страны, области, региона;

      2) реализацию социальных проектов, способствующих развитию региональных институтов гражданского общества, деятельность которых направлена на формирование национально-государственной идентичности;

      3) реализацию научно-исследовательских проектов, проведение научно-экспертной работы по анализу межэтнической ситуации в регионе и выработке рекомендаций;

      4) разработку новых технологий в работе с населением по укреплению доверия государственной этнополитике с учетом интересов этнических групп регионов;

      5) содействие детским и образовательным учреждениям в выработке подходов в работе с детьми, подростками и молодежью по формированию национально-государственной идентичности;

      6) содействие социальной адаптации репатриантов и мигрантов в Казахстане в целях утверждения принципа межэтнической толерантности и общественного согласия как главного принципа общественной жизни и морали через привлечение их к мероприятиям домов дружбы.

      Способствование воспитанию нового казахстанского патриотизма через:

      1) проведение мероприятий, направленных на утверждение в обществе, в сознании и чувствах граждан общих патриотических ценностей, взглядов и убеждений, уважения к культурному и историческому прошлому Казахстана, традициям;

      2) организацию информационной работы и специальных мер по воспитанию граждан в духе уважения к Конституции, государственной атрибутике Республики Казахстан, законности, нормам общественной и коллективной жизни, создание условий для обеспечения реализации конституционных прав человека и его обязанностей, гражданского, профессионального и воинского долга;

      3) создание условий для усиления патриотической направленности проводимых общественно-политических и культурных мероприятий этнокультурных объединений и институтов гражданского общества;

      4) содействие формированию этнической, религиозной толерантности, культуры мира, доверия и ответственности с учетом региональных особенностей экономики, культуры и социальной среды.

      Создание условий для привлечения этнокультурных объединений в социально значимые проекты по изучению языков и традиций этносов.

      Направления деятельности домов дружбы по сохранению и развитию общественного согласия, для достижения которых необходимы:

      1) организация курсов по изучению государственного языка, языков этносов Казахстана;

      2) налаживание тесного сотрудничества с институтами гражданского общества для разработки новых форм деятельности и взаимодействия домов дружбы и организаций, формирующих единое социокультурное, общественное пространство регионов;

      3) организация совместных с институтами гражданского общества социальных проектов и проведение совместных мероприятий, направленных на самореализацию творческих способностей населения и вовлечение его в сферу общественной деятельности;

      4) обеспечение организации культурных, научных, информационных обменов, межрегионального и международного сотрудничества в области сохранения традиций, культуры, языков этнических групп Казахстана;

      5) расширение информационного пространства домов дружбы через создание сети информационных ресурсов для работы по укреплению общественного согласия.

3. Перечень нормативных правовых актов,
посредством которых предполагается реализация Концепции

      Достижение задач предполагается посредством следующих нормативных правовых актов:

      Закон Республики Казахстан от 20 октября 2008 года № 70-IV

      "Об Ассамблее народа Казахстана";

      Указ Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 149 "О Положении об Ассамблее народа Казахстана".