"1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 маусымдағы № 624 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы
атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың
мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол
қою туралы

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевқа 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                                    Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2014 жылғы « »
№ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН

Жоба

1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы
атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың
мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 24-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Келісімнің 10-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. «Байқоңыр» кешені жалға берілген кезеңде Байқоңыр қаласының аумағында Қазақстан Республикасының мына мемлекеттік органдары жұмыс істейді: сот, прокуратура, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің бөлімшесі, «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бөлімшесі, Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (бұрын болған әскери комиссариаттың функцияларымен), Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық органының өкілі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің бөлімшесі, Байқоңыр қаласының Статистика басқармасы, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Байқоңыр филиалы.
      Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттік органдары Байқоңыр қаласы әкімшілігінде қайта тіркелуге жатпайды.
      Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттік органдарының атаулары және (немесе) функциялары өзгерген жағдайда Қазақстан тарапы бұл туралы Ресей тарапын дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
      Осы тармақта көзделген Байқоңыр қаласының аумағындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының тізбесі Тараптар арасында ноталар алмасу арқылы ресімделетін келісім бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.».

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      20___ жылғы «___»__________ ____________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей күші бар.

      Қазақстан Республикасы үшін              Ресей Федерациясы үшін

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О подписании Протокола о внесении изменения в Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о статусе города Байконур, порядке формирования и статусе его органов исполнительной власти от 23 декабря 1995 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2014 года № 624

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «О подписании Протокола о внесении изменения в Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о статусе города Байконур, порядке формирования и статусе его органов исполнительной власти от 23 декабря 1995 года».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

О подписании Протокола о внесении изменения в Соглашение
между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о статусе
города Байконур, порядке формирования и статусе его органов
исполнительной власти от 23 декабря 1995 года

      В соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан от 30 мая 2005 года «О международных договорах Республики Казахстан» ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Одобрить прилагаемый проект Протокола о внесении изменения в Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о статусе города Байконур, порядке формирования и статусе его органов исполнительной власти от 23 декабря 1995 года.
      2. Уполномочить Председателя Национального космического агентства Республики Казахстан Мусабаева Талгата Амангельдиевича подписать от имени Республики Казахстан Протокол о внесении изменения в Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о статусе города Байконур, порядке формирования и статусе его органов исполнительной власти от 23 декабря 1995 года, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.Назарбаев

    ОДОБРЕН        
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от  2014 года №   

Проект

Протокол
о внесении изменения в Соглашение
между Республикой Казахстан и Российской Федерацией
о статусе города Байконур, порядке формирования и статусе
его органов исполнительной власти от 23 декабря 1995 года

      Республика Казахстан и Российская Федерация, именуемые в дальнейшем «Стороны»,
      руководствуясь статьей 24 Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о статусе города Байконур, порядке формирования и статусе его органов исполнительной власти от 23 декабря 1995 года (далее – Соглашение),
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Внести в Соглашение следующее изменение:
      пункт 3 статьи 10 Соглашения изложить в следующей редакции:
      «3. На период аренды комплекса «Байконур» на территории города Байконыр функционируют следующие государственные органы Республики Казахстан: суд, прокуратура, подразделение Национального космического агентства Республики Казахстан, Специальный представитель Президента Республики Казахстан на комплексе «Байконур», подразделение Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан, подразделение Национального Банка Республики Казахстан, подразделение Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан, Отдел по делам обороны города Байконыр Кызылординской области (с функциями прежнего военного комиссариата), подразделение органов внутренних дел Республики Казахстан, подразделение Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан, подразделение Министерства юстиции Республики Казахстан, представитель территориального органа Комитета по управлению земельными ресурсами по Кызылординской области Министерства регионального развития Республики Казахстан, подразделение Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, подразделение Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, подразделение Канцелярии Кызылординского областного суда Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан, подразделение Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан, Управление статистики города Байконыр, Байконырский филиал Кармакшинского районного отдела занятости и социальных программ.
      Указанные государственные органы Республики Казахстан не подлежат перерегистрации в администрации города Байконыр.
      В случае изменения наименований и (или) функций указанных государственных органов Республики Казахстан, Казахстанская сторона незамедлительно уведомляет об этом Российскую сторону по дипломатическим каналам.
      Перечень государственных органов Республики Казахстан на территории города Байконыр, предусмотренный настоящим пунктом, может быть изменен и дополнен по соглашению между Сторонами, которое оформляется путем обмена нотами.».

Статья 2

      Настоящий Протокол вступает в силу в порядке, предусмотренном статьей 26 Соглашения.

      Совершено в городе ___________ «___» _____________ 20___ года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.

За Республику Казахстан За Российскую Федерацию