Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.09.2018 № 569 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексi 307-бабының 4-тармағына және "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген |
Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы
қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен
орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің)
тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.06.2015 № 438 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2015 № 1132; 09.02.2016 N 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.05.2017 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Р/с № | Кен орнының атауы | Келісімшарттың нөмірі және күні | Пайдалы қазбалардың атауы | Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың мөлшерлемесі | Жер қойнауын пайдаланушы | Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерінің қолданылу кезеңі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Жезқазған-Жыланды | 1997 жылғы 21 мамырдағы № 114 | мыс | 1,3% | "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС | 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін |
күміс | 1,6% | |||||
қорғасын | 4,0% | |||||
2. | Қоңырат | 1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 243 | мыс | 1,5% | "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС | 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін |
күміс | 1,6% | |||||
алтын | 2,0% | |||||
3. | Аят, Белинское, Краснооктярбрь | 1998 жылғы 29 мамырдағы № 187 | алюминий | 0 % | "Қазақстан алюминийі" АҚ | 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін |
галлий | 0 % | |||||
4. | Арқалық, Северное, Нижне-Ашут, Верхне-Ашут, Үштөбе | 1998 жылғы 29 мамырдағы № 188 | алюминий | 0 % | "Қазақстан алюминийі" АҚ | 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін |
галлий | 0 % | |||||
5. | Шығыс-Аят | 2006 жылғы 26 маусымдағы № 2119 | алюминий | 0 % | "Қазақстан алюминийі" АҚ | 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін |
галлий | 0 % |
6 | Жаман-Айбат | 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 663 | мыс | 1,0% | "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС | 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін |
күміс | 1,0% | |||||
7. | Саяқ-1 | 1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 243 | мыс | 1,5% | "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС | 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін |
күміс | 1,6% | |||||
алтын | 2,0% | |||||
8. | Нұрқазған | 1997 жылғы 3 наурыздағы № 109 | мыс | 2,5% | "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС | 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін |
күміс | 1,2% | |||||
алтын | 5,0% | |||||
9. | Абыз | 2005 жылғы 3 наурыздағы № 1681 | мыс | 1,7% | "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС | 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін |
күміс | 2,0% | |||||
алтын | 5,0% | |||||
мырыш | 5,0% | |||||
10. | Ақбастау | 2007 жылғы 11 наурыздағы № 2321 | мыс | 3,5% | "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС | 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін |
күміс | 4,0% | |||||
алтын | 4,0% | |||||
мырыш | 3,5 % | |||||
11. | Шатыркөл | 2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 583 | мыс | 1,8% | "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС | 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін |
күміс | 1,5% | |||||
алтын | 1,5% |
12. | Алпыс | 1999 жылғы 23 ақпандағы № 293 | мыс | 1,0 % | "Майкаинзолото" АҚ |
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап |
мырыш | 0,8 % | |||||
күміс | 1,0 % | |||||
алтын | 2,1 % | |||||
13. | Майқайың "В" | 1999 жылғы 26 шілдедегі № 349 | мыс | 1,0 % | "Майкаинзолото" АҚ |
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап |
мырыш | 1,0 % | |||||
күміс | 1,5 % | |||||
алтын | 2,0% | |||||
14. | Сарыбай, Соколов (Оңтүстік және Орталық учаскелері), Соколов (Солтүстік учаскесі), Қашар (Солтүстік және Оңтүстік учаскелері) және Қоржынкөл | 1997 жылғы 6 ақпандағы № 98 | темір кені | 1,2 % | "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" АҚ | 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін |
15. | Бестөбе кеніші, Жолымбет кеніші, Ақсу кеніші | 1997 жылғы 7 желтоқсандағы № 145 | алтын | 2,5 % | "Қазақалтын" кен-металлургия концерні" АҚ | 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін |
16. | Родниковое | 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 853 | қорғасын | 3 % | "Ер Тай" ЖШС | 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін |
күміс | 3 % |