"Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 364 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 569 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.09.2018 № 569 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 392-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесінде:

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Жезқазған-Жыланды

1997 жылғы 21 мамырдағы № 114

мыс

1,3%

"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін

күміс

1,6%

қорғасын

4,0%

2.

Қоңырат

1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 243

мыс

1,5%

"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін

күміс

1,6%

алтын

2,0%


      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:

      "

6

Жомарт

2001 жылғы 25 сәуірдегі № 663

мыс


1,0%

"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін

күміс

1,0%


      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады