Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.09.2018 № 569 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Рентабельділігі төмен кен орынбасары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 392-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 3, 4, 5-жолдармен толықтырылсын:
3. | Аят, Белинское, Краснооктярбрь | 1998 жылғы 29 мамырдағы № 187 | алюминий | 0 % | "Қазақстан алюминийі" АҚ | 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін |
галлий | 0 % | |||||
4. | Арқалық, Северное, Нижне-Ашут, Верхне-Ашут, Үштөбе | 1998 жылғы 29 мамырдағы № 188 | алюминий | 0 % | "Қазақстан алюминийі" АҚ | 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін |
галлий | 0 % | |||||
5. | Шығыс-Аят | 2006 жылғы 26 маусымдағы № 2119 | алюминий | 0 % | "Қазақстан алюминийі" АҚ | 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін |
галлий | 0 % |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |