Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығын қараңыз.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 696 қаулысымен  
бекітілген      

Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған
шығындардың құнын субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына шығындардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және соның шегінде (бұдан әрі — бюджеттік субсидиялар) шитті мақта мен мақта талшығының сапасын сараптау құнын өтеуге субсидия төлеу тәртібін айқындайды.
      2. Бюджеттік субсидиялар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес мына бағыттар бойынша бөлінеді:
      1) мақта иелеріне мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптау құнын толық өтеу;
      2) мақта иелеріне мақта талшығының сапасын сараптау құнын толық өтеу.
      3. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      4. Шитті мақтаның және мақта талшығының сапасын сараптау құны өтелінетін мақта иелерінің тізімін анықтау үшін облыс әкімінің шешімімен құрамына облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі - басқарма), агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның аумақтық инспекцияның, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
      Басқарма ВАК-тың жұмысшы органы болып табылады.
      5. Басқарма бюджеттік субсидиялар алу үшін құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күнін белгілейді, облыс әкімдігінің интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарда құжаттарды қабылдаудың басталуы және аяқталуы туралы хабарландыруды және басқа да қажетті мәліметтерді орналастырады.
      6. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісім бойынша шитті мақтаның бір сынамасын сараптау құны мен мақта талшығының бір сынамасын сараптау құны белгіленеді.
      7. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру құқығына аккредиттелген шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі зертханалар (орталықтар) шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушілер болып табылады.
      Қызметті көрсетуші шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 868 қаулысымен бекітілген Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларына сәйкес жүргізеді.
      Шитті мақтаның иелері шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алушылар болып табылады.
      8. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған сараптау ұйымы мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші болып табылады.
      Көрсетілген қызметті жеткізуші мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
      Мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алушылар мақта талшығының иелері болып табылады.

2. Мақта иелеріне мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті
мақтаның сапасы сараптамасының құнын толық өтеуге арналған
бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі

      9. Бюджеттік субсидиялар шитті мақта иелеріне мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақта сапасы сараптамасының шығындарын толық өтеуге арналады.
      10. Шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаның әрбір екі тоннасынан шитті мақтаның сынамаларын іріктеп алады, шитті мақтаның іріктеліп алынған сынамаларына сынау жүргізеді және шитті мақтаның сапасы туралы куәліктерді ресімдейді.
      11. Мақта өңдеу ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай мақта қабылдау пункттері бөлінісінде мақта қабылдау пунктіне шитті мақтаны тапсырған шитті мақта иелерінің тізімін басқармаға береді.
      12. Шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі қызметті көрсету фактісі бойынша шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай басқармаға мынадай құжаттарды береді:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілген қызметтің жиынтық актісі;
      2) шитті мақтаның сапасы туралы куәліктердің көшірмелері.
      13. Басқарма үш жұмыс күні ішінде шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші бюджеттік субсидиялар алу үшін ұсынған құжаттарды тексереді және оларды мақта өңдеу ұйымдары ұсынған шитті мақта иелерінің тізімімен қоса қарау үшін ВАК-қа енгізеді.
      14. ВАК жеті жұмыс күні ішінде басқарма ұсынған құжаттарды қарайды, шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті әрбір жеткізуші бойынша шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алушылар тізімін (бұдан әрі - тізімдер) жасайды және облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселесіне жетекшілік ететін орынбасарына бекітуге енгізеді.
      Облыс әкімінің орынбасары тізімдер ұсынылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бекітеді.
      15. Басқарма шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші ұсынған растаушы құжаттардың және бекітілген тізімдердің негізінде үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастырады.
      16. Басқарма үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады.
      17. Шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіге, мынадай:
      1) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған;
      2) құжаттарды ұсыну мерзімі бұзылған;
      3) шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілген қызметтің ұсынылған жиынтық актісі шитті мақтаның сапасы туралы куәліктердің көшірмелеріне және (немесе) мақта өңдеу ұйымдары ұсынған шитті мақта иелерінің тізімдеріне сәйкес келмеген жағдайларда, бюджеттік субсидияны төлеуден бас тартылады.
      18. Басқарма тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі мен сараптамасы жүзеге асырылған шитті мақта топтамасының саны туралы есеп береді.
      19. Мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасы бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда, шитті мақта сапасының қайталама сараптамасы тараптардың келісімі бойынша шитті мақтаның сапасы туралы куәлік берген шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі зертханада (орталықта) немесе наразылық білдірген тараптың қаражаты есебінен шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі басқа зертханада (орталықта) жүргізілуі мүмкін.

3. Мақта талшығының сапасы сараптамасының құнын толық өтеуге
арналған бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі

      20. Бюджеттік субсидиялар мақта талшығының иелеріне мақта талшығының сапасы сараптамасының шығындарын толық өтеуге арналады.
      21. Мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші мақта тазалау зауытында мақта талшығының әрбір бумасынан сынаманы іріктеп алады, іріктеліп алынған мақта талшығының сынамаларына сынау жүргізеді және мақта талшығының сапасы туралы паспорттарды ресімдейді.
      22. Мақта өңдеу ұйымдары мақта тазалау зауытында жүргізілген шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алушылардың тізімін қалыптастырады және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіге және басқармаға ұсынады.
      23. Мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі қызметті көрсету фактісі бойынша мақта өңдеу ұйымдары ұсынған мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алушылар тізілімдері негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілген қызметтің жиынтық актісін жасайды.
      24. Мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші бюджеттік субсидиялар алу үшін ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай басқармаға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі;
      2) мақта талшығының сапасы паспорттарының көшірмелері.
      25. Басқарма үш жұмыс күні ішінде мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші бюджеттік субсидиялар алу үшін ұсынған құжаттарды тексереді және оларды ВАК-тың қарауына енгізеді.
      26. ВАК жеті жұмыс күні ішінде басқарма ұсынған құжаттарды қарайды, мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алушылар тізімін (бұдан әрі - тізім) жасайды және облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселесіне жетекшілік ететін орынбасарына бекітуге енгізеді.
      Облыс әкімінің орынбасары тізімдер ұсынылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бекітеді.
      27. Басқарма мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші ұсынған растаушы құжаттардың және бекітілген тізімнің негізінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастырады.
      28. Басқарма үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады.
      29. Мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіге, мынадай:
      1) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған;
      2) құжаттарды ұсыну мерзімі бұзылған;
      3) мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметтің ұсынылған жиынтық актісі мақта талшығының сапасы туралы паспорттардың көшірмелеріне және (немесе) мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алушылардың тізіліміне сәйкес келмеген жағдайларда, бюджеттік субсидияны төлеуден бас тартылады.
      30. Басқарма тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі мен сараптамасы жүзеге асырылған мақта талшығы сынамасының саны туралы есеп береді.
      31. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда, мақта талшығының иесі меншікті қаражаты есебінен өзге сараптама ұйымында мақта талшығының қайталама сараптамасын жүзеге асыруға құқылы.

Шитті мақта мен мақта  
талшығы сапасының    
сараптамасына       
арналған шығындардың құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша        

_____________________________________________________________________
(сынақ зертханасының (орталығының) атауы)

_____________________________________ кезеңдегі шитті мақта сапасының
сараптамасы жөніндегі көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі

Р/с

Көрсетілетін қызметті сатып алушының атауы

Сынамалар саны, дана

Көрсетілетін қызметтердің бір бірлігінің бағасы, теңге

Сомасы, теңге

1

2

3

4

5






Жиыны:





Басшы ____________________________________________________________________
     (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта
                   бар болса), қолы)

Бас бухгалтер ____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                          болса), қолы)

М.О.
20___ жылғы «__» ______

Шитті мақта мен мақта  
талшығы сапасының    
сараптамасына       
арналған шығындардың құнын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша        

«Бекітемін»
________________________ облысының
Ауыл шаруашылығы басқармасының  
бастығы                
______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса), қолы, мөр)    
20___ жылғы «___» _____________

20___ жылғы __________ кезеңдегі шитті мақта сапасының
сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге
субсидиялар төлеуге арналған № _______ ведомость

Р/с

Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы

Нақты көрсетілген қызметтер, дана

Жыл басынан бастап тиесілі субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан бастап төленгені, теңге

Тиесілі субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

Төленуге тиіс, теңге

жыл басынан бастап, дана

______ кезеңде, дана

1

2

3

4

5

6

7

8










Жиыны:







Төленетін сома ______________________________________________________
                                   (жазумен)

облыстық Ауыл шаруашылығы
басқармасының құрылымдық
бөлімшесінің басшысы ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса,
қолы)

Шитті мақта мен мақта  
талшығы сапасының    
сараптамасына       
арналған шығындардың құнын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша        

_____________________________________________________________________
             (лицензияланған мақта өңдеу ұйымының атауы)

___________________________________ кезеңдегі мақта талшығы
сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып
алушылардың тізілімі

Р/с

Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы

Бумалар (сынамалар) саны, дана

Бумалар (сынамалар) нөмірлері

1

2

3

4





Жиыны:




Басшы _______________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
       болса), қолы)

Бас бухгалтер _______________________________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
        болса), қолы)

МО.
20____ жылғы «___»______________

Шитті мақта мен мақта  
талшығы сапасының    
сараптамасына       
арналған шығындардың құнын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша        

Мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілген
қызметтердің жиынтық актісі

Р/с

Мақта өңдеу ұйымының атауы, заңды мекенжайы

Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы

Бумалар (сынамалар) саны, дана

Бумалар (сынамалар) нөмірлері

Көрсетілетін қызметтердің бір бірлігінің бағасы, теңге

Сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7








Жиыны:







Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші __________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
        болса), қолы, мөр)

Мақта иесі __________________________________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
        болса), қолы, мөр)

20____ жылғы «___»______________

Шитті мақта мен мақта  
талшығы сапасының    
сараптамасына       
арналған шығындардың құнын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша        

«Бекітемін»
____________________________ облысының
Ауыл шаруашылығы басқармасының      
бастығы                  
____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса), қолы, мөр)
20___ жылғы «___» _____________

20______ жылғы _______________ кезеңдегі мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге субсидиялар төлеуге арналған № ___ ведомость

Р/с

Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы

Нақты көрсетілген қызметтер, (бумалар сынамалар), дана

Жыл басынан бастап тиесілі субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан бастап төленгені, теңге

Тиесілі субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

Төленуге тиіс, теңге

жыл басынан бастап, дана

______ кезеңде, дана

1

2

3

4

5

6

7

8










Жиыны:







Төленетін сома ______________________________________________________
                                   (жазумен)

облыстық Ауыл шаруашылығы
басқармасының құрылымдық
бөлімшесінің басшысы ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса,
қолы)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 696 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын
арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 291-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 наурыздағы № 297 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 938 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 717-құжат).
      3. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 604 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 668-құжат).
      4. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 82-құжат).
      5. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 сәуірдегі № 350 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 25, 400-құжат).
      6. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 988 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 56, 773-құжат).

Об утверждении Правил субсидирования стоимости затрат на экспертизу качества хлопка-сырца и хлопка-волокна

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2014 года № 696. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2015 года № 680

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 680 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 4-1/167.

      В соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила субсидирования стоимости затрат на экспертизу качества хлопка-сырца и хлопка-волокна.
      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 23 июня 2014 года № 696

Правила
субсидирования стоимости затрат
на экспертизу качества хлопка-сырца и хлопка-волокна

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила субсидирования стоимости затрат на экспертизу качества хлопка-сырца и хлопка-волокна (далее – Правила) определяют порядок выплаты субсидий на возмещение стоимости экспертизы качества хлопка-сырца и хлопка-волокна за счет и в пределах средств, предусмотренных в местном бюджете на соответствующий финансовый год (далее – бюджетные субсидии).
      2. Бюджетные субсидии выделяются в соответствии с порядком, установленным настоящими Правилами, по следующим направлениям:
      1) на полное возмещение владельцам хлопка стоимости экспертизы качества хлопка-сырца при приемке на хлопкоперерабатывающие организации;
      2) на полное возмещение владельцам хлопка стоимости экспертизы качества хлопка-волокна.
      3. Финансирование осуществляется в установленном законодательством Республики Казахстан порядке на основании решения местного исполнительного органа области в пределах средств, предусмотренных в бюджете области на соответствующий год.
      4. Для определения списка владельцев хлопка, которым возмещается стоимость экспертизы качества хлопка-сырца и хлопка-волокна, решением акима области создается межведомственная комиссия (далее – МВК) в составе представителей управления сельского хозяйства области (далее – управление), территориальной инспекции уполномоченного органа в области развития агропромышленного комплекса, общественных и научных организаций.
      Рабочим органом МВК является управление.
      5. Управление устанавливает дату начала и окончания приема документов для получения бюджетных субсидий, размещает на интернет-ресурсе акимата области и в официальных печатных изданиях объявление о начале и окончании приема документов, порядок работы МВК и другие необходимые сведения.
      6. Решением местного исполнительного органа области по согласованию с уполномоченным органом в области развития агропромышленного комплекса (далее – уполномоченный орган) устанавливаются стоимость экспертизы качества одной пробы хлопка-сырца и стоимость экспертизы качества одной пробы хлопка-волокна.
      7. Поставщиками услуг по экспертизе качества хлопка-сырца являются лаборатории (центры) по экспертизе качества хлопка-сырца, аккредитованные в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан об аккредитации в области оценки соответствия, на право проведения экспертизы качества хлопка-сырца и выдачи удостоверения о качестве хлопка-сырца.
      Поставщик услуг оказывает услуги по экспертизе качества хлопка-сырца в соответствии с Правилами проведения экспертизы качества хлопка-сырца и выдачи удостоверения о качестве хлопка-сырца, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2012 года № 868.
      Покупателями услуг по экспертизе качества хлопка-сырца являются владельцы хлопка-сырца.
      8. Поставщиком услуг по экспертизе качества хлопка-волокна является экспертная организация, определенная Правительством Республики Казахстан.
      Поставщик услуг оказывает услуги по экспертизе качества хлопка-волокна в соответствии с Правилами проведения экспертизы качества хлопка-волокна и выдачи паспорта качества хлопка-волокна, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2007 года № 1173.
      Покупателями услуг по экспертизе качества хлопка-волокна являются владельцы хлопка-волокна.

2. Порядок выплаты бюджетных субсидий на полное возмещение
владельцам хлопка стоимости экспертизы качества хлопка-сырца
при приемке на хлопкоперерабатывающие организации

      9. Бюджетные субсидии предназначаются для полного возмещения владельцам хлопка-сырца стоимости экспертизы качества хлопка-сырца при приемке на хлопкоперерабатывающие организации.
      10. Поставщик услуг по экспертизе качества хлопка-сырца осуществляет отбор проб хлопка-сырца на хлопкоприемном пункте с каждых двух тонн хлопка сырца, проводит испытание отобранных проб хлопка-сырца и оформляет удостоверения о качестве хлопка-сырца.
      11. Хлопкоперерабатывающая организация ежемесячно к 5 числу месяца, следующего за отчетным, представляет в управление список владельцев хлопка-сырца, сдавших хлопок-сырец на хлопкоприемный пункт, в разрезе хлопкоприемных пунктов.
      12. Поставщик услуг по экспертизе качества хлопка-сырца по факту оказания услуг по экспертизе качества хлопка-сырца ежемесячно к 10 числу месяца, следующего за отчетным, представляет в управление следующие документы:
      1) сводный акт оказанных услуг по экспертизе качества хлопка-сырца по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
      2) копии удостоверений о качестве хлопка-сырца.
      13. Управление в течение трех рабочих дней проверяет документы, представленные поставщиком услуг по экспертизе качества хлопка-сырца для получения бюджетных субсидий, и вносит их вместе со списками владельцев хлопка-сырца, представленными хлопкоперерабатывающими организациями, на рассмотрение МВК.
      14. МВК в течение семи рабочих дней рассматривает представленные управлением документы, составляет по каждому поставщику услуг по экспертизе качества хлопка-сырца список покупателей услуг по экспертизе качества хлопка-сырца (далее – списки) и вносит их на утверждение заместителю акима области, курирующему вопросы сельского хозяйства.
      Заместитель акима области утверждает списки в течение трех рабочих дней с момента их представления.
      15. Управление на основании подтверждающих документов, представленных поставщиком услуг по экспертизе качества хлопка-сырца, и утвержденных списков в течение трех рабочих дней формирует ведомость на выплату бюджетных субсидий поставщику услуг по экспертизе качества хлопка-сырца по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      16. Управление в течение трех рабочих дней представляет в территориальное подразделение казначейства реестр счетов к оплате и счета к оплате в двух экземплярах.
      17. Поставщику услуг по экспертизе качества хлопка-сырца отказывается в выплате бюджетных субсидий в случаях:
      1) представления неполного пакета документов;
      2) нарушения срока представления документов;
      3) несоответствия представленного сводного акта оказанных услуг по экспертизе качества хлопка-сырца копиям удостоверений о качестве хлопка-сырца и (или) спискам владельцев хлопка-сырца, представленным хлопкоперерабатывающими организациями.
      18. Управление в срок до 25 декабря соответствующего года представляет в уполномоченный орган отчет об объемах выплаченных бюджетных субсидий и количестве партий хлопка-сырца, по которым осуществлена экспертиза.
      19. В случае возникновения разногласий по качеству хлопка-сырца при приемке на хлопкоперерабатывающие организации, повторная экспертиза качества хлопка-сырца может проводиться по согласованию сторон в лаборатории (центре) по экспертизе качества хлопка-сырца, выдавшей удостоверение о качестве хлопка-сырца, или в иной лаборатории (центре) по экспертизе качества хлопка-сырца, за счет средств той стороны, которая имеет претензию.

3. Порядок выплаты бюджетных субсидий на полное возмещение
владельцам хлопка стоимости экспертизы качества хлопка-волокна

      20. Бюджетные субсидии предназначаются для полного возмещения владельцам хлопка-волокна стоимости экспертизы качества хлопка-волокна.
      21. Поставщик услуг по экспертизе качества хлопка-волокна осуществляет отбор проб из каждой кипы хлопка-волокна на хлопкоочистительном заводе, проводит испытание отобранных проб хлопка-волокна и оформляет паспорта качества хлопка-волокна.
      22. Хлопкоперерабатывающие организации по результатам проведенной на хлопкоочистительном заводе первичной переработки хлопка-сырца в хлопок-волокно формируют и ежемесячно к 5 числу месяца, следующего за отчетным, представляют поставщику услуг по экспертизе качества хлопка-волокна и в управление реестр покупателей услуг по экспертизе качества хлопка-волокна по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      23. Поставщик услуг по экспертизе качества хлопка-волокна по факту оказания услуг по экспертизе качества хлопка-волокна, на основании представленных хлопкоперерабатывающими организациями реестров покупателей услуг по экспертизе качества хлопка-волокна составляет сводный акт оказанных услуг по экспертизе качества хлопка-волокна по форме, согласно приложению 4 к настоящим Правилам.
      24. Для получения бюджетных субсидий поставщик услуг по экспертизе качества хлопка-волокна ежемесячно к 10 числу месяца, следующего за отчетным, представляет в управление следующие документы:
      1) сводный акт оказанных услуг по экспертизе качества хлопка-волокна;
      2) копии паспортов качества хлопка-волокна.
      25. Управление в течение трех рабочих дней проверяет документы, представленные поставщиком услуг по экспертизе качества хлопка-волокна для получения бюджетных субсидий, и вносит их на рассмотрение МВК.
      26. МВК в течение семи рабочих дней рассматривает представленные управлением документы, составляет список покупателей услуг по экспертизе качества хлопка-сырца (далее – список) и вносит его на утверждение заместителю акима области, курирующему вопросы сельского хозяйства.
      Заместитель акима области утверждает список в течение трех рабочих дней с момента представления.
      27. Управление на основании подтверждающих документов, представленных поставщиком услуг по экспертизе качества хлопка-волокна, и утвержденного списка в течение трех рабочих дней формирует ведомость на выплату бюджетных субсидий поставщику услуг по экспертизе качества хлопка-волокна по форме, согласно приложению 5 к настоящим Правилам.
      28. Управление в течение трех рабочих дней представляет в территориальное подразделение казначейства реестр счетов к оплате и счета к оплате в двух экземплярах.
      29. Поставщику услуг по экспертизе качества хлопка-волокна отказывается в выплате бюджетных субсидий в случаях:
      1) представления неполного пакета документов;
      2) нарушения срока представления документов;
      3) несоответствия представленного сводного акта оказанных услуг по экспертизе качества хлопка-волокна копиям паспортов качества хлопка-волокна и (или) реестру покупателей услуг по экспертизе качества хлопка-волокна, представленному хлопкоперерабатывающей организацией.
      30. Управление в срок до 25 декабря соответствующего года представляет в уполномоченный орган отчет об объемах выплаченных бюджетных субсидий и количестве проб хлопка-волокна, по которым осуществлена экспертиза.
      31. В случае возникновения разногласий владелец хлопка-волокна вправе осуществить повторную экспертизу хлопка-волокна в иной экспертной организации за счет собственных средств.

Приложение 1         
к Правилам субсидирования    
стоимости затрат       
на экспертизу качества хлопка-сырца
и хлопка-волокна       

  _________________________________________________________________
         (наименование испытательной лаборатории (центра))

                          Сводный акт
     оказанных услуг по экспертизе качества хлопка-сырца
                     за период _____________


п/п

Наименование
покупателя услуг

Количество
проб, штук

Цена за единицу
услуг, тенге

Сумма, тенге

1

2

3

4

5






Итого:





Руководитель ________________________________________________________                  (фамилия, имя, отчество (при наличии в документе,
                        удостоверяющем личность), подпись)

Главный бухгалтер ___________________________________________________
                   (фамилия, имя, отчество (при наличии в документе,
                           удостоверяющем личность), подпись)

М.П.
«___» _______ 20___ год

Приложение 2          
к Правилам субсидирования    
стоимости затрат       
на экспертизу качества хлопка-сырца
и хлопка-волокна       

«Утверждаю»              
Начальник Управления сельского хозяйства
________________________________ области
__________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при наличии в документе,
удостоверяющем личность), подпись, печать)  

«____»_____________ 20___ год

                          Ведомость № ____
         на выплату бюджетных субсидий поставщику услуг
              по экспертизе качества хлопка-сырца
           за период _____________________ 20___ года


п/п

Наименование
поставщика
услуг

Фактически
оказано
услуг, штук.

Причитающаяся
сумма бюджетных
субсидий
с начала
года, тенге

Оплачено с
начала
года, тенге

Остаток
причитающейся
суммы бюджетных
субсидий,
тенге

Подлежит
к
оплате,
тенге

с начала
года,
штук.

за период
_____,
штук


























Итого:







Сумма к оплате ______________________________________________________
                                    (прописью)
Руководитель структурного подразделения
Управления сельского хозяйства области ______________________________
                                 (фамилия, имя, отчество (при наличии
                      в документе, удостоверяющем личность), подпись)

Приложение 3          
к Правилам субсидирования    
стоимости затрат       
на экспертизу качества хлопка-сырца
и хлопка-волокна        

  __________________________________________________________________
   (наименование лицензированной хлопкоперерабатывающей организации)

                    Реестр покупателей услуг
             по экспертизе качества хлопка-волокна
                     за период _____________


п/п

Наименование
покупателя услуг

Количество кип (проб), штук

Номера кип (проб)

1

2

3

4





Итого:




Руководитель
_____________________________________________________________________
         (фамилия, имя, отчество (при наличии в документе,
                удостоверяющем личность), подпись)

Главный бухгалтер
_____________________________________________________________________
         (фамилия, имя, отчество (при наличии в документе,
                удостоверяющем личность), подпись)

М.П.
«___» _______ 20___ год

Приложение 4          
к Правилам субсидирования    
стоимости затрат       
на экспертизу качества хлопка-сырца
и хлопка-волокна        

                         Сводный акт
   оказанных услуг по экспертизе качества хлопка-волокна


п/п

Наименование, юридический
адрес
хлопкоперерабатывающей
организации

Наименование
покупателя
услуг

Количество
кип
(проб),
штук

Номера кип
(проб)

Цена за
единицу
услуги,
тенге

Сумма, тенге

1

2

3

4

5

6

7








Итого:







                              Поставщик услуг
     ________________________________________________________________
             (фамилия, имя, отчество (при наличии в документе,
                          удостоверяющем личность),
                              подпись, печать)

Владелец хлопка
_____________________________________________________________________
            (фамилия, имя, отчество (при наличии в документе,
               удостоверяющем личность), подпись, печать)

«___» _______ 20___ год

Приложение 5          
к Правилам субсидирования    
стоимости затрат       
на экспертизу качества хлопка-сырца
и хлопка-волокна        

«Утверждаю»               
Начальник Управления сельского хозяйства
________________________________ области
_________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при наличии в документе,
удостоверяющем личность), подпись, печать)  

«____» _____________ 20___ год

                          Ведомость № ____
         на выплату бюджетных субсидий поставщику услуг
              по экспертизе качества хлопка-волокна
           за период _____________________ 20___ года


п/п

Наименование
поставщика
услуг

Фактически оказано
услуг (кип (проб)), штук.

Причитающаяся
сумма
субсидий
с
начала
года,
тенге

Оплачено с
начала
года,
тенге

Остаток
причитающейся
суммы
субсидий,
тенге

Подлежит к
оплате, тенге

с начала
года,
штук

за период
_________,
штук

1

2

3

4

5

6

7

8










Итого:







Сумма к оплате
_____________________________________________________________________
                               (прописью)
Руководитель структурного подразделения
Управления сельского хозяйства
области _____________________________________________________________                (фамилия, имя, отчество (при наличии в документе,
                      удостоверяющем личность), подпись)

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 23 июня 2014 года № 696 

Перечень
утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 «Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 23, ст. 291).
      2. Подпункт 1) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 22 августа 2011 года № 938 «О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 «Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства» и от 30 марта 2011 года № 297 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2011 года областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на поддержку семеноводства» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 52, ст. 717).
      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2012 года № 604 «О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 «Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 49, ст. 668).
      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2012 года № 1639 «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 «Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 4, ст. 82).
      5. Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года № 350 «О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 «Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 25, ст. 400).
      6. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 сентября 2013 года № 988 «О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 «Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 56, ст. 773).