"Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1639 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2014 № 696 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 29-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасында:
      27-тармақта:
      1) тармақшаның жетінші және сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «көпжылдық екпелерді отырғызу жүзеге асырылатын АШТӨ-нің нақты жер учаскесіне бақтарды, жидектіктерді және жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақтық-мелиоративтік зерттеулердің жүргізілгенін растайтын) жұмыс жобасына (бұдан әрі – жұмыс жобасы) сәйкес. Алманың «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін отырғызу кезінде жұмыс жобасында АШТӨ-нің жер учаскесінің теңіз деңгейінен биіктігі көрсетіледі;
      АШТӨ-нің штатында «агрономия» немесе «жеміс-көкөніс өсіру» мамандығы бойынша кемінде бір білікті маманның болуы шартымен жүзеге асырылуы тиіс.»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) отырғызылуы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылған екінші вегетацияның (аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен салынғандар үшін), екінші-үшінші вегетацияның (жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен салынғандар үшін), екінші-үшінші-төртінші вегетацияның (республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2009 - 2011 жылдары дәстүрлі технология бойынша отырығызылғандар үшін) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің, ал алманың «Апорт» сорты бойынша екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда, көп жылдық екпелерін өсіру (күту).»;
      29-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) агроном (жеміс-көкөніс өсіруші) маманының біліктілігін растайтын куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелерінен тұратын өтінім береді.»;
      32-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) 5 жұмыс күні ішінде ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей, ал төртінші тоқсанда – 1 қарашадан кешіктірмей осы Қағиданың 27-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидияларды алуға АШТӨ тiзбесiн (бұдан әрi – аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тiзбе) қалыптастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне бекiтуге жiбередi.».
      35-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін, ал төртінші тоқсанда – тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде жергiлiктi жерге барып:».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады