Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКAСЫНЫҢ ЗAҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес
білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 135-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жылдық жиынтық табысындағы алынған табыстарының кемiнде 90 пайызын осындай ұйымның өтеусiз түрде алған мүлкі, депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі табыстар, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:»;
2) 156-баптың 1-тармағында:
42) тармақшада:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«42) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кездегі осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер шығыстар осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған осындай шығыстарды жүзеге асырған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген жағдайда, осы тармақшаның ережелері қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 43), 44) және 45) тармақшалармен толықтырылсын:
«43) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жүргізген мынадай түрдегі төлемдер:
білім берудің мынадай деңгейлері:
орта білімнен кейінгі білім;
жоғары білім;
жоғары білімнен кейінгі білім бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге төлем жүргізілген нақты шығыстар;
жарысқа, конкурсқа, көрмеге, байқауға, олимпиадаға, конференцияға, семинарға, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шараларға қатысуға төлем жүргізілген нақты шығыстар;
жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде, құнның төлем фактісін растайтын құжат бар болса, электрондық билет) негізінде осы тармақшада көзделген оқу орнына және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ бронь үшін шығыстарды қоса алғанда, жарыс, конкурс, көрме, байқау, олимпиада, конференция, семинар, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шаралар өтетін орынға және кері қайтар жолына жүргізілген нақты шығыстар;
осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұрғын үй-жайды жалдау және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар негізінде бронь үшін шығыстар төлемін қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға жүргізілген нақты шығыстар;
осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы тағайындаған ақша сомасы жеке тұлғаға мына шектерде:
осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде жіберген кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын әрбір оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, жарысқа, конкурсқа, көрмеге, байқауға, олимпиадаға, конференцияға, семинарға, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шараларға қатысқан әрбір күніне айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінде;
осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде жеке тұлғаны Қазақстан Республикасынаң тысқары жерлерге жіберген кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын әрбір оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, жарысқа, конкурсқа, көрмеге, байқауға, олимпиадаға, конференцияға, семинарға, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шараларға қатысқан әрбір күніне айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінде;
келу визасын (визаның, консулдық қызметтердің, міндетті медициналық сақтандыру құнын) ресімдеу шығыстарын растайтын құжаттар негізінде келу визасын (визаның, консулдық қызметтердің, міндетті медициналық сақтандыру құнын) ресімдеу кезінде жүргізілген шығыстар.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күні және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, жарысқа, конкурсқа, көрмеге, байқауға, олимпиадаға, конференцияға, семинарға, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шараларға қатысу кезеңінде осындай дербес білім беру ұйымында:
дайындық бөлімінде;
білім берудің мынадай деңгейлері бойынша:
бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
күндізгі оқу нысаны бойынша білім берудің мынадай деңгейлері бойынша:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім;
жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;
44) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әр күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға арналған шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
45) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:
медициналық сақтандыруға;
осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға арналған шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда.»;
3) 192-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3), 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) резидент емес заңды тұлғаның мыналарға:
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына;
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлері бойынша жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар;
4) резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдары роялти түрінде төлейтін табыстар резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін табысы болып табылмайды.»;
4) 193-баптың 5-тармағының 15) және 16) тармақшалары алып тасталсын;
5) 198-бапта:
1-1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық табысын тұрақты мекеме қызметіне байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай табыс түрлері:»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық табысына осы Кодекстің 192-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстар қосылмайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды алуға бағытталған шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметінен түсетін табыстарды алуға тікелей байланысты шығыстар олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде жұмсалғанына қарамастан шегерімге жатады.»;
6) 209-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) резидент емес заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық табысы сомасының, резидент емес заңды тұлғаның, тұтастай алғанда, көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына арақатынасы;»;
2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«резидент емес заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық табысы сомасының резидент емес заңды тұлғаның, тұтастай алғанда, көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына арақатынасы (Т);»;
7) 231-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет;»;
8) 237-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет бойынша нысаналы салым алынған күнтізбелік айдың соңғы күні іске асыру бойынша айналым жасау күні болып табылады.»;
9) 238-бап мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
«18-1. Қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет бойынша салық салынатын айналым мөлшері алынған нысаналы салым сомасы ретінде айқындалады.»;
10) 253-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдары көрсететін қызметтер
1. Дербес білім беру ұйымдары іске асыратын, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) немесе 4) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген білім беру қызметінің түрлерін жүзеге асыру жөніндегі көрсететін қызметтері қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін дербес білім беру ұйымдарының қызметі қосылған құн салығынан босатылады.»;
11) 257-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін дербес білім беру ұйымдарының қызметі бойынша нысаналы салым қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы есепке алуға жатпайды;»;
12) 260-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес білім беру ұйымдары осы Кодекстiң 253-1-бабының 2-тармағына сәйкес босатылатын айналымдар және қалған айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызудың бөлек әдісін қолдануға міндетті.».
2. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж. № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат):
1) 1-баптың 37-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі - «Өркен» гранты) - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындайтын грант;»;
2) 26-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. «Өркен» гранты берілген Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға қабылдауды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жүзеге асырады.»;
3) 37-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде балалар мен ересектерді оқыту қосымша білім беруге жатады.»;
4) 44-баптың 9-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі келісім бойынша кіреді.».
3. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 23-24, 125-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3 және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) «Назарбаев Университеті» білім беру гранты - осы Заңда белгіленген шарттармен тиісті білім беру деңгейі бойынша Университетте немесе дайындық бөлімінде білім алуға ақы төлеу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушыларға берілетін нысаналы қайтарымсыз ақша сомасы;
1-2) «Назарбаев Университеті» стипендиясы - «Назарбаев Университеті» білім беру гранты бойынша білім алушыға берілетін ақша сомасы;
1-3) сабақтан тыс қызмет - Зияткерлік мектептердің білім беру процесіне қатысушылардың іс-шаралар түрінде жүзеге асыратын, білім алушыларды жан-жақты оқытуға, тәрбиелеуге және жеке-дара тұлға ретінде дамытуға бағытталған қызметі, олардың тізбесін Зияткерлік мектептер бекітеді.
Сабақтан тыс қызмет іс-шараларына жарыс, конкурс, көрме, байқау, олимпиада, конференция, семинар, фестиваль, жәрмеңке, білім беру сапары, мектеп әріптестігі де жатады;
4) Университеттің инновациялық кластері (бұдан әрі - инновациялық кластер) - инновациялық кластерге қатысушылардың ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуі үшін, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді, технологиялар трансфертін құру және (немесе) ілгерілету мақсатында Университет базасында құрылған инновациялық кластердің инфрақұрылым элементтері мен қатысушыларының бірлестігі.»;
2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Білім беру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Университетке, Зияткерлік мектептерге, олардың ұйымдарына және Қорға осы Заңда реттелмеген бөлігінде қолданылады.»;
3) 4-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Университет білім беру қызметін мынадай білім беру деңгейлері:
1) орта білімнен кейінгі білім беру;
2) жоғары білім беру;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша жүзеге асырады.»;
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зияткерлік мектептер білім беру қызметін, оның ішінде қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылатын дербес білім беру ұйымы болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Зияткерлік мектептер білім беру қызметін мынадай білім беру деңгейлері:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
2) негізгі мектеп;
3) жоғары мектеп бойынша жүзеге асырады.»;
4) 5-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша дербес білім беру ұйымының:
1) оның жоғары басқару органының немесе төрағасының тапсырмасына сәйкес нысаналы салым сомасын қайта бөлуге;
2) нысаналы салымның күрделі салымдарға бағытталған шығыстар бойынша, сондай-ақ күрделі шығындарға жатпайтын шығыстар бойынша үнемдеу нәтижесінде пайда болған қаражатты дербес білім беру ұйымдары және (немесе) шығыстар бағыттары арасында жарғылық мақсаттарға сәйкес қайта бөлуге құқығы бар.
Қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы салым қаражаты дербес білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша келесі қаржы жылдарына ауыстырылуы мүмкін.
2-2. Мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымдарының меншігіне беру осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Мемлекет меншігіндегі жер учаскелері Университеттің меншігіне Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген тәртіппен өтеусіз негізде беріледі.»;
5) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Университетті және Зияткерлік мектептерді, олардың ұйымдарын аккредиттеуді өз бетінше таңдаған тәуелсіз, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдары жүзеге асырады.»;
6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Университеттің және оның ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметін өз бетінше әзірлеген білім беру бағдарламалары, сондай-ақ шетелдік әріптестерінің білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырады.
2. Білім беру қызметін ұйымдастыру, білім беру сапасын басқару және білім беру мониторингін жүзеге асыру, оқуға қабылдау, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау тәртібін Университет және оның ұйымдары өз жарғыларына сәйкес өз бетінше айқындайды.
3. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын өз бетінше бекітеді.
4. Университеттің білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдары өздерінде іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша оқу бітірген және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттар береді. Білім туралы құжаттардың нысанын және оларды толтыру тәртібін ұйымдар өз бетінше бекітеді.»;
7) 10-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Зияткерлік мектептер бағыттарын өз бетінше айқындайды және сабақтан тыс қызмет іс-шараларының тізбесін бекітеді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зияткерлік мектептер:
1) оқуға қабылдау;
2) білім беру қызметі, оның ішінде сабақтан тыс қызмет;
3) эксперименттік қызмет;
4) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау;
5) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін сырттай бағалау;
6) білім беру мониторингі және білім сапасын бағалау;
7) педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
8) педагог қызметкерлерді аттестаттау және оны жүргізудің кезеңділігі қағидаларын өз бетінше бекітеді.
Зияткерлік мектептерде білім беру сапасын басқару Зияткерлік мектептер өз бетінше айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
8) мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:
«12-1-бап. Университет пен Зияткерлік мектептерде білім беру процесін гранттық және стипендиялық қамтамасыз ету
1. «Назарбаев Университеті» білім беру гранты мына:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының;
2) шетелдік азаматтардың;
3) Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың қатарынан Университетте оқуға қабылданған адамдарға беріледі.
2. «Назарбаев Университеті» білім беру гранты қаражатының есебінен Университетте оқуға құқығы бар шетелдік азаматтарды және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау квотасын жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде айқындайды. Қабылдау квотасының мөлшері жөніндегі ұсынысты Университет білім беру саласындағы уәкілетті органға енгізеді.
3. Университет білім алушыларға «Назарбаев Университеті» білім беру грантын беруді Университеттің Жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкес өз бетінше жүргізеді.
4. Университет «Назарбаев Университеті» білім беру грантын уақтылы беру, одан айыру немесе білім алушылар арасында бөлу арқылы нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, оның қаражатын басқаруды өз бетінше жүзеге асырады.
5. «Назарбаев Университеті» білім беру грантының құнын қалыптастыру кезінде Университеттің оқу процесін ұйымдастыруға байланысты шығыстар есепке алынады. «Назарбаев Университеті» білім беру грантының құнында есепке алынған шығыстардың бағыттарын Университеттің Қамқоршылық кеңесі бекітеді.
«Назарбаев Университеті» білім беру грантының құнында есепке алынатын шығыстардың нормалары Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес бекітіледі. «Назарбаев Университеті» стипендиясын тағайындау және төлеу тәртібі Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.
«Назарбаев Университеті» білім беру грантының мөлшерін білім беру саласындағы уәкілетті орган Университет өтінімінің негізінде қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Зияткерлік мектептерде дарынды балалардың оқуына ақы төлеу оларға конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын беру арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын беру қағидаларын, одан айыру негіздері мен оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7. Университет пен Зияткерлік мектептер өз қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен басқа стипендиялар тағайындауға және төлеуге құқылы. Басқа стипендиялардың мөлшері мен оларды беру және төлеу тәртібін Университет пен Зияткерлік мектептер өз бетінше айқындайды.
12-2-бап. Инновациялық кластер
1. Инновациялық кластер инфрақұрылымының элементтері:
1) Университет;
2) Университеттің мектептері және ғылыми орталықтары;
3) ғылым жөніндегі орталық офис;
4) коммерцияландыру офисі;
5) тәжірибе-эксперименттік цех;
6) бизнес-инкубатор;
7) технопарк;
8) ғылыми парк;
9) Университеттің келісімшарттық зерттеулері және инжиниринг орталығы болып табылады.
2. Инновациялық кластерге қатысушыларға мына санаттардың бірі беріледі:
1) инноватор;
2) инновациялық кәсіпорын;
3) жоғары технологиялық кәсіпорын;
4) зерттеу орталығы.
3. «Инноватор» санаты бір мезгілде мына талаптарға сай келетін өтініш берушіге беріледі:
1) өтініш беруші жеке тұлға болып табылады;
2) өтініш беруші ғылыми, ғылым-техникалық қызметті және (немесе) тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырады және коммерцияландыру офисінің, тәжірибе-эксперименттік цехтың негізіндегі ғылыми зерттеулердің, ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерінде алынған коммерцияландыру процесіне қатысушы болып табылады;
3) өтініш берушінің қызметі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері болып табылатын технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құруға және (немесе) ілгерілетуге бағытталады.
4. «Инновациялық кәсіпорын» санаты бір уақытта мына талаптарға сай келетін өтініш берушіге беріледі:
1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға немесе заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады;
2) өтініш беруші бизнес-инкубатордың, технопарктің, ғылыми парктің, келісімшарттық зерттеулердің және инжинирингтің негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру процесіне қатысушы болып табылады;
3) өтініш берушінің қызметі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері болып табылатын технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құруға және (немесе) ілгерілетуге бағытталады.
5. «Жоғары технологиялық кәсіпорын» санаты бір мезгілде мына талаптарға сай келетін өтініш берушіге беріледі:
1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады;
2) өтініш беруші ғылыми парк қатысушысы болып табылады және оның қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жоғары технологиялық өнімдерді өндіру бойынша қызмет түрлерінің тізбесіне енетін өнімдерді өндіруге бағытталады.
6. «Зерттеу орталығы» санаты бір мезгілде мына талаптарға сай келетін өтініш берушіге беріледі:
1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға немесе заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады;
2) өтініш беруші ғылыми парк қатысушысы болып табылады және ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық қызметті жүзеге асырады.
7. Инновациялық кластерге қатысушыларды іріктеу, мәртебе беру және одан айыру қағидаларын, инновациялық кластер қызметінің тәртібін Университеттің Қамқоршылық кеңесі бекітеді.
8. Университет инновациялық кластерге қатысушыларға Университеттің Қамқоршылық кеңесі айқындайтын тәртіппен қолдау шараларын ұсынады.
Университеттің инновациялық кластер қатысушыларына ұсынатын қолдау шараларына:
1) инновациялық кластерге қатысушылардың жобаларын бірлесіп қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды және гранттық қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру;
2) инновациялық кластерге қатысушылардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;
3) инновациялық кластерге қатысушыларды білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;
4) инновациялық кластерге қатысушыларға ғылыми жобаларға тапсырыстарды орналастыру;
5) инновациялық кластерге қатысушыларды қажетті үй-жайлармен қамтамасыз ету;
6) инновациялық кластерге қатысушыларға Университеттің және оның ұйымдарының зертханалық жабдықтарына, сондай-ақ Университеттің кітапхана қорына қолжетімділікті ұсыну;
7) Университеттің Қамқоршылық кеңесі айқындайтын өзге де қолдау шаралары жатады.».
4. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 83-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) дербес білім беру ұйымына мемлекеттік мүлікті өтеусіз беру;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 119-1, 120, 214-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару өтеулі болып табылады.»;
2) мынадай мазмұндағы 119-1-баппен толықтырылсын:
«119-1-бап. Мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз беру
Мемлекеттік мүлік дербес білім беру ұйымына Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өтеусіз беріледі.»;
3) 175-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Aкционерлік қоғамдардың акцияларын (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін) дербес білім беру ұйымына беру жағдайларын қоспағанда, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін) өтеусіз беруге жол берілмейді.»;
4) 203-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы тараудың қағидалары стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру, мемлекет меншігіне алу, реквизициялау, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару, мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу төлеміне беру, мемлекеттік заттай гранттарды табыс ету, дербес білім беру ұйымына мемлекеттік мүлікті беру кезінде мүлікті бағалауға қолданылады.».
2-бап. Осы Заң мына:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын;
2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларын;
3) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті