Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 189-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; 2014 жылғы 22 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      мынадай мазмұндағы 221-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «221-1-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу»;
      312-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      313-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «313-бап. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылу-өрт қаупі және өрт қаупі бар өнімді шығару және өткізу»;
      355-баптың тақырыбындағы «органдарының», «қызметінің», «полициясының», «органының» және «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер тиісінше «органдары», «қызметі», «полиция», «органы» және «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      504-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «504-бап. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік)»;
      544-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 544-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «544-1-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган»;
      553 және 553-1-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
      2) 221-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «221-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi
                қағидаларды бұзу

      1. Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегі белгiленген қағидаларды бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқпаса -
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) мынадай мазмұндағы 221-1-баппен толықтырылсын:

      «221-1-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк және бөгеттердің
                  қауіпсіздігі саласындағы аттестатталатын
                  жұмыс түрлерін жүргiзу кезінде Қазақстан
                  Республикасының заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестiгi (сәйкес еместігі) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптамалық қорытындылар беру, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу, қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң мамандарын, жұмыскерлерін даярлаудың, қайта даярлаудың Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі немесе Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестiгi (сәйкес еместігі) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптамалық қорытындылар беру, бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу -
      аттестатталған ұйымға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына арналған аттестатта көрсетілген, орындалатын жұмыстар бейінінің сәйкес келмеуі -
      аттестаттан айыра отырып, аттестатталған ұйымға айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 312-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «312-бап. Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу немесе
                орындамау

      1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қойма үй-жайларында, жатақханаларда және тұрғын үйлерде ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезiнде өрт қауiпсiздiгi қағидаларында, техникалық регламенттерде, құрылыс нормалары мен қағидаларында, мемлекеттiк стандарттарда көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы құрал-сайманды, жабдықты, өрттi табу мен сөндірудің автоматты құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау қағидаларын бұзу немесе орындамау -
      жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын, орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      5) 312-1-бап алып тасталсын;
      6) 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «313-бап. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін
                жарылу-өрт қаупі және өрт қаупі бар өнімді
                шығару және өткізу

      Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылу-өрт қаупі және өрт қаупі бар өнімді шығару және өткізу, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян және (немесе) жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға не мемлекетке ірі көлемде нұқсан келтіруге әкеп соқпаса -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштің отыздан елуге дейiнгi мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен бір жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы Кодекстің осы бабына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кездегі бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома ірі көлемдегі нұқсан деп танылады.»;
      7) 355-бапта:
      тақырыбындағы «органдарының», «қызметiнiң», «полициясының» «органының» және «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер тиісінше «органдары», «қызметі», «полиция», «органы» және «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «органдарының», «қызметiнiң», «полицияның» «органының» және «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер тиісінше «органдары», «қызметі», «полиция», «органы» және «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің бірінші абзацындағы «, қаржы және әскери полиция органдарының», «қызметiнiң», «органының» және «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер тиісінше «органдары, қаржы және әскери полиция», «қызметі», «органы» және «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 504-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «504-бап. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына
                әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер
                (әрекетсіздік)

      Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) -
      азаматтарға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      9) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «312-1,» деген цифрлар алып тасталсын;
      10) 544-бап алып тасталсын;
      11) мынадай мазмұндағы 544-1-баппен толықтырылсын:

      «544-1-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган

      1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:
      осы Кодекстің 231 (бірінші бөлігінде), 249, 277, 284, 312, 313, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 460-баптарында көзделген өрт қауіпсіздігі саласындағы;
      осы Кодекстің 89, 175 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 220, 221 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда),
      221-1 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 270, 271, 272 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы;
      осы Кодекстің 504-бабында көзделген азаматтық қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға – елуге дейінгі, заңды тұлғаларға бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі, лауазымды адамдарға – төрт жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
      3. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға – бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
      4. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.»;
      12) 553 және 553-1-баптар алып тасталсын;
      13) 561-баптың бірінші бөлігі «124 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «221 (бөгеттердің қауіпсіздігі бөлігінде), 221-1 (бөгеттердің қауіпсіздігі бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның (225-1 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 226 (үшінші – бесінші бөліктері), 228, 229, 231 (екінші бөлігі), 233, 314, 317-1 (өрт және жарылу қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 355, 356-баптар);»;
      жиырма төртінші абзац алып тасталсын;
      елу бірінші абзацтағы «312,» деген цифрлар алып тасталсын.
      2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат):
      1) мазмұнында:
      64-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 65-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «65-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің орман қорын күзетуге қатысуы»;
      66-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «66-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдардың орман қорын күзетуге қатысуы»;
      2) 15-баптың 5) тармақшасындағы «заңдарына сәйкес, қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң» деген сөздер «заңнамасына сәйкес өртке қарсы ерікті құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 64-бап алып тасталсын;
      4) мынадай мазмұндағы 65-1-баппен толықтырылсын:

      «65-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің орман қорын
                 күзетуге қатысуы

      Мемлекеттік өртке қарсы қызметті ормандағы өрттерді сөндіруге тарту тәртібі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның уәкілетті органмен және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасалған келісімімен регламенттеледі.»;
      5) 66-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бiрлестiктерiнiң», «мен сөндіруге қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бiрлестiктерi» және «Қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бiрлестiктерiн құру мен олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер тиісінше «Өртке қарсы ерікті құралымдардың», «және оларды сөндіруге өртке қарсы ерікті құралымдар» және «Өртке қарсы ерікті құралымдарды құру және олардың жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 68-баптың үшінші бөлігіндегі «қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерін» деген сөздер «өртке қарсы ерікті құралымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат, № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуiш гидротехникалық құрылыс;
      4-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау – заңды тұлғаның бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындауға құқықтылығын уәкілетті органның ресми тануы;
      4-3) бөгеттің қауіпсіздігі – бөгеттің апаттық бұзылудан қорғалу жай-күйі;»;
      2) 10-баптың 1, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының су заңнамасы су қорын пайдалану мен қорғау, су қорын және су шаруашылығы жүйелерiн басқару, сумен жабдықтау және су бұру, бөгеттердің қауіпсіздігі, гидромелиорациялық жұмыстарды жүргiзу саласындағы қатынастарды және өзге де су қатынастарын реттейдi.»;
      «4. Жep қойнауын геологиялық зерттеу, барлау және кешендi игеру, жерасты сулары мен жерасты құрылыстарын судың зиянды әсерiнен қорғау саласында туындайтын қатынастар жер қойнауы режимiне бағындырылады және осы Кодекстiң 66-бабының 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласындағы, азаматтық қорғау туралы тиiстi заңнамасымен реттеледi.
      5. Бөгеттердің қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді қоспағанда, су объектiлерiндегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасымен реттеледi.»;
      3) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «32-бап. Су шаруашылығы құрылыстары меншiк иелерінің
               жауапкершiлiгi

      1. Су шаруашылығы құрылыстарының меншiк иелері су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимінің, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуы үшiн жауапты болады.
      2. Меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      4) 36-бап мынадай мазмұндағы 19-1), 19-2) және 19-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «19-1) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді;
      19-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;
      19-3) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;»;
      5) 37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 28-1), 28-2), 28-3) және 28-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «28-1) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді;
      28-2) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;
      28-3) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;
      28-4) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;»;
      6) 48-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы «тұлғалардың» деген сөзден кейін «, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік критерийлерін сақтауын қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 49-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;»;
      3-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық cалауаттылығы, ветеринария саласындағы уәкiлеттi органдар, карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы органдар:»;
      8) 54-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы және 5-тармағы алып тасталсын;
      9) 55-баптың 2-тармағындағы «қайта жаңғырту», «жаңарту», «тарату», «зерделеу», «санитарлық», «өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы» деген сөздер тиісінше «реконструкциялау», «жаңғырту», «жою», «зерттеу», «санитариялық», «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 72-бапта:
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;»;
      16) тармақшадағы «төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 84-баптың 1-тармағындағы «санитарлық», «зерделеу», «өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм» деген сөздер тиісінше «санитариялық», «зерттеу», «азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 104-баптың 1-тармағындағы «төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келiсiм» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 106-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орындарын (пирстер, кiреберiстер, жарық нұсқағыштары) таңдауды, оны жайластыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкiлеттi орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоятын шарттарды сақтай отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша жүзеге асыруға тиiс.»;
      14) 111-бап мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлеріне сәйкес келетін тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды бөгеттердің қауіпсіздігі декларациялаусыз пайдалануға тыйым салынады.
      4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын (бұдан әрі – декларация) әзірлеуді бөгетті пайдаланатын ұйым дербес не оның қаражаты есебінен бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.
      5. Декларация бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өтініш беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өткізілуге тиіс.
      6. Декларацияның тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші уәкілетті органға электрондық құжаттар нысанындағы өтініш пен декларацияны сараптама қорытындысының көшірмесімен бірге ұсынады.
      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап, декларацияны тіркеу туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды береді.
      Уәкілетті орган тіркеген декларация уәкілетті органда электрондық құжат нысанында сақталады.
      7. Бөгеттер және бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркеген ұйымдар тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
      8. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда декларация өзгертілуге жатады.
      Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде оған қайта сараптама жүргізілуге және ол тіркелуге тиіс.»;
      15) 116-баптың 2-тармағындағы «санитарлық», «төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер тиісінше «санитариялық», «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 120-баптың 5-тармағындағы «кен», «зерделеу», «санитарлық», «өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы» деген сөздер тиісінше «тау-кен» «зерттеу», «санитариялық», «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 122-баптың 1-тармағындағы «санитарлық», «аймақтарда – төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен келісім» деген сөздер тиісінше «санитариялық», «өңірлерде – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 125-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы», «жүретін» деген сөздер тиісінше «азаматтық қорғау саласындағы», «қатынайтын» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат):
      1) 18-бапта:
      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арнайы уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, ветеринария, өсiмдiктер карантинi, атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, азаматтық қорғау, өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасында белгiленедi.»;
      2) 112-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;»;
      3) 145-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет азаматтық қорғаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрамына кіреді және өз қызметін төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
      4) 174-баптың 3-тармағындағы «табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салаларындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 199-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «санитарлық»,
«, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы» деген сөздер тиісінше «санитариялық», «саласындағы, азаматтық қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 238-баптағы «орган мен өртке қарсы күрес қызметi органдарының» деген сөздер «органның» деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) 268-баптың 6-тармағының бірінші сөйлеміндегі «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы сараптамадан және Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен» деген сөздер «өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 289-бапта:
      3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар;»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қауіпті қалдықтар паспортында қауіпті қалдықпен байланысты, оның ішінде тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу уақытындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі қажетті шаралар көрсетіледі.».
      5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
      1) 256-баптың 1-тармағында:
      «төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «азаматтық қорғанысты басқару органдары мен» деген сөздер «азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 322-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы әскерилендірілген және өзге де мамандандырылған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 323-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне;»;
      4) 325-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
      Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан үш адамға дейін қайтыс болған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.»;
      8-тармақтағы «нәтижесінде», «авариялық-құтқару бөлімшесі» деген сөздер тиісінше «салдарынан», «авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 326-баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде:
      «өнеркәсіп объектілерінде» деген сөздер «өндірістік объектілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі» деген сөздер «өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 19-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерв;»;
      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын, тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтық актілерімен ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлем шегінде жүзеге асырылады.»;
      2) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерв төтенше жағдайлар аймақтарында, эвакуациялау маршруттарында және эвакуацияланатын адамдар орналасқан жерлерде адамдардың өмірін сақтауға және денсаулығын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.»;
      3) 53-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «азаматтық қорғау және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметті ұйымдастыру;
      жаһандық, өңірлік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;»;
      4) 54-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;»;
      5) 55-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;»;
      6) 56-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;»;
      7) 79-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің жалпы сомасын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен резерв түрлері бойынша бөлу;»;
      8) 111-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтері қаражатының жалпы көлемін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсаттарын ұлғайту үшін резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған;».
      7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 66-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) сатып алушылар бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;»;
      2) 256-баптың 2-тармағы 11) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) осы тармақшаның ережелерін ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттарында көрсетілген;»;
      3) 270-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы құрылымдық бөлімшесі өзінің мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша табыс етеді.»;
      4) 278-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Кодекстің 279-бабы бірінші бөлігінің 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын салуды және шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.».
      8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар, № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      2) 33-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «төтенше жағдайлар жөніндегі органдарға» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 2, 8-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 2-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «төтенше жағдайлардың (дүлей зілзалалардың, ірі авариялар мен апаттардың) зардаптарын» деген сөздер «төтенше жағдайларды (дүлей зілзалаларды, ірі авариялар мен апаттарды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 13-баптың екінші абзацындағы «төтенше жағдайлардың зардаптарын» деген сөздер «төтенше жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 21-баптың 2) тармақшасындағы «төтенше жағдайлардың зардаптарын» және 9) тармақшасындағы «дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың зардаптарын» деген сөздер тиісінше «төтенше жағдайларды», «дүлей зiлзалаларды, iрi авариялар мен апаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 28-баптың бірінші бөлігіндегі «төтенше жағдайлардың зардаптарын» деген сөздер «төтенше жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:

      «39-1-бап. Ішкі әскерлерді мұнай өнімдерімен жабдықтау
                 ерекшеліктері

      Ішкі әскерлер мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.».
      10. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат):
      22-баптың үшінші бөлігіндегі «авариялық-қалпына келтіру жұмыстары» деген сөздер «авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184,  190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат):
      мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:

      «19-1-бап. Республикалық ұланды мұнай өнімдерімен
                 жабдықтау ерекшеліктері

      Республикалық ұлан мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.».
      12. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-баптың жетінші абзацындағы «әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қолдану, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын» деген сөздер «төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 16-баптың екінші бөлігіндегі «әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қолдану, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын» деген сөздер «төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын.
      13. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат):
      7-баптың 7) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
      14. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; 2014 жылғы 22 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 29-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы «әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы, әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 33-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша» деген сөздер «жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 35-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша» деген сөздер «жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      15. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      26-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      16. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар):
      1) 29-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы (мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау, азаматтық қорғау саласындағы, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау саласындағы) мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының нормативтiк құжаттарына;»;
      2) 31-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бөлігінде – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды;»;
      3) 58-баптың 1-тармағындағы «әлемі», «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою» деген сөздер тиісінше «дүниесі», «азаматтық қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын.
      17. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      51-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарына» деген сөздер «азаматтық қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
      18. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
      1) 4-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның бөлiмшелерi» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және басқа да мемлекеттiк органдардың күштерi мен құралдары пайдаланылады.»;
      4) 14-1-баптың 1-тармағы:
      «жағдай кезінде» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      «үкiметтiк байланысты» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын» деген сөздермен толықтырылсын.
      19. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
      1) 4-1-баптың 5) және 7) тармақшаларындағы «табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 10-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасы;»;
      3) 15-баптың 2-тармағының сегізінші абзацындағы «табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 16-1-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын.
      20. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай
               енгізілген кезде байланыс желілерін басқару

      1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
      2. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдары пайдаланылған жағдайда олар шеккен шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Байланыс желілері мен құралдарының иелері адамдар өмірінің теңіздегі, жердегі, әуедегі, ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау саласындағы кезек күттірмейтін іс-шараларды жүргізуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы хабарлармаларға абсолюттік басымдық беруге тиіс.
      4. Байланыс операторлары өтеусіз негізде бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған кезде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқаша мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде қызметтер көрсетуге міндетті.».
      21. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      1) 1-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) уәкілетті орган – азаматтық қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 5-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінде:
      «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» деген сөздер «Азаматтық қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «сәйкес» деген сөзден кейін «өнеркәсіптік қауіпсіздігі» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторына», «өндірістік», «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторына», «өнеркәсіптік», «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттi қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң орындауын және олардың осы Заңда белгiленген талаптарды сақтауын мемлекеттiк бақылауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдары, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.»;
      4) 16-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
      22. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
      1) 1-баптың 11) тармақшасында:
      «төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «азаматтық қорғанысты басқару органдары мен» деген сөздер «азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      «14-1-бап. Қарулы Күштерді мұнай өнімдерімен жабдықтау
                 ерекшеліктері

      Қарулы Күштер мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.»;
      3) 18-баптың 2-тармағындағы «төтенше жағдайлардың салдарларын» деген сөздер «төтенше жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 19-баптың екінші бөлігінде:
      «төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «басқару органдары мен азаматтық қорғаныс», «қорғанысының» деген сөздер тиісінше «азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери», «қорғаныс» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 29-баптың 2-тармағында:
      «төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «басқару органдары мен азаматтық қорғаныс» деген сөздер «азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 30-баптың 1-тармағындағы «халықты, шаруашылық жүргізу объектілерін және ел аумағын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халқын және аумағын» деген сөздермен ауыстырылсын.
      23. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 7-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери полициясы органдарының анықтау жүргiзу бөлiгiндегi өкiлеттiктері Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшiлерiне әскери бөлiмдердiң аумағынан тыс жерде қолданылады.»;
      2) 9-баптың 9) тармақшасындағы «төтенше жағдайлар зардаптарын» деген сөздер «төтенше жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын.
      24. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы
21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      6-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;».
      25. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;».
      26. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат):
      12-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) сатып алушылар бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;».
      27. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      7-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне босқындарға көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады;
      2) жергілікті атқарушы органдарға босқындарды қабылдауға арналған шатырлы лагерьлерді жайластыруда, стационарлық лагерьлерді дайындауда жәрдем көрсетеді;
      3) босқындарды қабылдауға арналған шатырлы және стационарлық лагерьлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
      4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
      28. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 64-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы, 65-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы, 66-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «саласындағы» деген сөз алып тасталсын;
      2) 84-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 91-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға арналған арнаулы жабдық азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органда есепке қойылуға тиіс.»;
      4) 92-баптың 1-тармағындағы «өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 93-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді бұрғылау, өндіру, дайындау және тасымалдау жұмыстарын жүргізу өзінің авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы, мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға арналған арнаулы жабдығы мен техникасы және (немесе) мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен шарты болған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.»;
      6) 113-баптың 2-тармағындағы «құрылыстарын салу», «өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы», «өндіру» деген сөздер тиісінше «құрылыстарын орналастыру», «азаматтық қорғау саласындағы», «алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 115-баптың 3-тармағындағы «өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      29. «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат):
      99-баптың 2 мен 3-тармақтарындағы және 100-баптың 2-тармағындағы «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      30. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағында:
      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласында;»;
      33) тармақша алып тасталсын.
      31. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат):
      15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне атыс қаруы мен арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде беріледі. Атыс қаруы мен арнаулы құралдарды қолдану тәртібі осы Заңда айқындалады.».
      32. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 5-баптың 3) тармақшасындағы «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» деген сөздер «Азаматтық қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 11-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) жұмылдыру мұқтаждары, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану туралы шешім қабылдайды;»;
      3) 42-баптың 4-тармағындағы, 43-баптың 4-тармағындағы және 46-баптың 2-тармағындағы «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 81-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда сақталады.
      Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтаумен байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.»;
      5) 91-баптың 23 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару:
      1) жаңарту;
      2) қарызға алу;
      3) броньнан шығару тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.
      3. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      «6. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету кезінде пайдаланылған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.»;
      6) 107-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және тиісті орталық атқарушы органдарға көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде хабарлайды;»;
      7) 134-бапта:
      2-тармақтың 23) тармақшасындағы «жүргізу саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      «24) төтенше және авариялық жағдайларда жүргізілетін тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқару, профилактикалық жұмыстарды, сондай-ақ өртті сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты жұмыстарды және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын орындау саласында жүзеге асырады.»;
      3-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      33. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерін, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға мұнай өнімдерін сақтау және жеткізіп беру жөніндегі қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлға;»;
      2) 3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру шеңберінде туындайтын мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.»;
      3) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;
      12-2) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын бекітеді;
      12-3) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға беретін мұнай өнімдерінің тізбесін бекітеді;»;
      4) 7-бап мынадай мазмұндағы 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «21-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын әзірлейді;
      21-2) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға беретін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді;»;
      5) 9-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:»;
      6) 13-баптың 4-тармағындағы «өрт қауіпсіздігі» деген сөздер «азаматтық қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 18-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      «8-1. Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор баға белгілеу тәртібін қамтитын, мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларына сәйкес мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті.».
      34. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 15-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – азаматтық қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 24-баптың 2-тармағында:
      7) тармақшадағы «салдарларының» деген сөз алып тасталып, «даярлау», «қаупі» деген сөздер тиісінше «дайындау», «қатері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақшадағы «басқа да» деген сөздер алып тасталсын.
      35. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат, 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 27-баптың 5-тармағындағы «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 28-баптағы «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      36. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      7-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:».
      37. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат):
      16-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға қатысқан;».
      38. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат):
      1) 1-баптың 9) тармақшасы екінші бөлігінің төртінші абзацындағы «салдарларын» деген сөз «мен олардың салдарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 5-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға қатысқан;».
      39. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат):
      7-баптың 1-тармағында:
      бірінші абзацтағы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы» деген сөздер «Азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» деген сөздер «Азаматтық қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      40. «Мемлекеттік шекара туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат):
      9-тарау мынадай мазмұндағы 68-1-баппен толықтырылсын:

      «68-1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                 комитетінің Шекара қызметін мұнай өнімдерімен
                 жабдықтау ерекшеліктері

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.».
      2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 13) тармақшасын, 3-тармағының 1) тармақшасын2) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 3)4)5)14) тармақшаларын30-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады