Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезiнде жанама салықтарды өндiрiп алудың принциптері туралы келiсiмнiң қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды
(жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезiнде жанама
салықтарды өндiрiп алудың принциптері туралы келiсiмнiң
қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы
хаттаманы ратификациялау туралы
1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндiрiп алудың принциптері туралы келiсiмнiң қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы 2011 жылғы 8 қарашада Астана қаласында жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды
(жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама
салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің
қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі,
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы шартты,
2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарларды, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспортты мен импортты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар 1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтатады.
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
3-бап
Осы Хаттама 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарларды, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспортты мен импортты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімнің күшіне енген күнінен бастап уақытша қолданылады.
2011 жылғы 8 қарашада Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін