«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2013 жылғы 13 қарашада Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 877 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы
атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы
ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ
(Астана, 2013 жылғы 13 қараша)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Канада Үкіметі (бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын);
Тараптар арасындағы қазiргi достық байланыстарды нығайтуға ниет бiлдiре отырып;
атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану саласындағы тиiмдi ынтымақтастықтың артықшылықтарын және тұрақты дамуға жәрдемдесудi назарға ала отырып;
Қазақстан Республикасы мен Канаданың ядролық қаруы жоқ, 1968 жылғы 1 шiлдеде Лондонда, Мәскеуде және Вашингтонда жасалған Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (бұдан әрi - «ЯҚТШ» деп аталатын) қатысушы мемлекеттер болып табылатынын және солай бола тұрып ядролық қаруды немесе басқа ядролық жарылғыш құрылғыларды шығармауға немесе қандай да бiр өзгеше тәсiлмен сатып алмауға мiндеттенгенiн және Тараптардың әрқайсысының Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiкпен (бұдан әрi «МАГАТЭ» деп аталатын) ЯҚТШ-ға байланысты кепiлдiктердi қолдану туралы келiсiм жасасқанын мойындай отырып;
ЯҚТШ-ның қатысушылары болып табылатын Тараптардың өздерiне ядролық материалдармен, арнайы ядролық емес материалдармен, жабдықтармен, атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми және технологиялық ақпаратпен алмасуға ықпал ететiн мiндеттемелер алғанына және қатысуға мiндеттi өздерiне алғанына және ЯҚТШ-ның қатысушылары болып табылатын Тараптардың да ынтымақтаса алатындығына және басқа мемлекеттермен бiрлесiп атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану саласындағы бұдан кейiнгi қызметке үлес қосатындықтарына ерекше мән бере отырып;
осыған байланысты, осы мақсатта бiр-бiрiмен ынтымақтастыққа ниет бiлдiре отырып;
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
Қазақстан Республикасы үшiн – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ал Канада үшiн Канаданың Ядролық қауiпсiздiк комитетi «құзыреттi органды» бiлдiредi. Осы Келiсiм бойынша Тараптардың бiрiнiң құзыреттi органы өзгергенде, ол басқа Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етедi;
«жабдықтар» осы Келiсiмнiң А қосымшасында санамаланған кез келген жабдықты бiлдiредi;
«ядролық материал», бұл терминдер МАГАТЭ Жарғысының XX бабында айқындалғандай, кез келген бастапқы материалды немесе кез келген арнайы бөлшектенушi материалды бiлдiредi. МАГАТЭ Жарғысының XX Бабына сәйкес МАГАТЭ басқарушыларының Кеңесi қабылдаған «бастапқы материал» немесе «арнайы бөлшектенушi материал» ретiнде қаралатын материалдардың тiзiмiне өзгерiс енгiзетiн кез келген анықтаманың осы Келiсiмнiң Тараптары осындай өзгерiспен келiсетiндiктерi туралы бiр-бiрiне жазбаша түрде хабарлағаннан кейiн ғана осы Келiсiм үшiн күшi болады;
«тұлға» Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес құрылған кез келген жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi;
«арнайы ядролық емес материал» осы Келiсiмнiң В қосымшасында көрсетiлген кез келген затты бiлдiредi;
«технология» өнiм берушi Тарап табыстауға дейiн және алушы Тараппен консультациядан кейiн ядролық қаруды таратпау тұрғысынан алғанда мәнi бар деп айқындаған, қандай да бiр ядролық материалды, арнайы ядролық емес материалды немесе жабдықтарды әзiрлеуге, өндiруге немесе пайдалануға қажеттi нақты ақпаратты бiлдiредi. Бұл ақпарат жазбаша түрде немесе басқа тасушыларда (мысалы, дискiлерде, есте сақтаушы құрылғыларда және т.б.) берiлген техникалық сызбаларды, жоспарларды, кестелердi, үлгiлердi, формулаларды, техникалық жобалар мен ерекшелiктердi, басшылықтар мен нұсқаулықтарды қамтитын, бiрақ та жұртшылық үшiн қолжетiмдi ақпаратты болдырмайтын техникалық деректер түрiнде ұсынылуы мүмкiн.
2-бап
Осы Келiсiмде көзделетiн ынтымақтастық атом энергиясын бейбiт мақсаттарда пайдалануды, дамытуды және қолдануды қамтиды және басқалармен қатар мыналарды қамтуы мүмкiн:
1) төмендегілер жөнiндегi, технологияны қоса алғанда, ақпаратпен алмасу:
(1.1) зерттеу және әзiрлеу,
(1.2) денсаулық сақтау, ядролық қауiпсiздiк, авариялық жоспарлау және қоршаған ортаны қорғау,
(1.3) жабдықтар (техникалық шешiмдердi, сызбалар мен ерекшелiктердi ұсынумен),
(1.4) ядролық материалдарды, арнайы ядролық емес материалдарды және жабдықтарды пайдалану (технологиялық үдерiстерiмен және ерекшелiктерiмен),және патенттiк құқықтарды және осы ақпаратқа қатысы бар басқа да меншiк құқықтарын беру;
2) ядролық материалдарды және арнайы ядролық емес материалдарды және жабдықтарды жеткiзу;
3) ауыл шаруашылығында, өнеркәсiпте, медицинада және энергетикада атом энергиясын пайдалану жөнiндегi бiрлескен жобаларды iске асыру;
4) тараптар тұлғаларының арасындағы өнеркәсiп саласындағы ынтымақтастық;
5) техникалық көмек беру;
6) уран қорларын барлау және игеру.
3-бап
1. Тараптар осы Келiсiмнiң қолданылу саласына кiретiн мәселелер бойынша өздерiнiң тиiстi заңдық құзырындағы тұлғалар арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етедi және жәрдемдеседi.
2. Осы Келiсiмнiң шарттарына сәйкес Тараптардың бiрiнiң заңдық құзырындағы тұлғалар екiншi Тараптың заңдық құзырындағы тұлғаларға коммерциялық немесе мүдделi тұлғалар қабылдауы мүмкiн өзге де шарттармен ядролық материалды, арнайы ядролық емес материалды, жабдықтар мен технологияны бере алады немесе олардан ала алады.
3. Осы Келiсiмнiң шарттарына сәйкес Тараптардың бiрiнiң заңдық құзырындағы тұлғалар коммерциялық немесе мүдделi тұлғалар қабылдауы мүмкiн өзге де шарттармен екiншi Тараптың заңдық құзырындағы тұлғаларды атом энергиясын бейбiт мақсаттарға қолдану саласында техникалық даярлауды жүзеге асыра алады.
4. Тараптар осы Келiсiм шеңберiндегi қызметке қатысы бар сарапшылармен, техникалық персоналмен және мамандармен алмасуға ықпал етуге күш салады.
5. Тараптар өздерiнiң тиiстi заңдық құзырындағы тұлғалар алмасатын коммерциялық және өндiрiстiк құпияларды қоса алғанда, ақпараттың құпиялылығын сақтау үшiн қажеттi барлық сақтандыру шараларын қолданады.
6. Тараптар белгiлеген шарттарға сәйкес бiрлесiп, атом энергиясы өндiрiсiнiң қауiпсiздiгi мен реттеу мәселелерi бойынша ынтымақтаса алады.
7. Тараптардың бiрде-бiреуi осы Келiсiмнiң ережелерiн коммерциялық артықшылықтар алу немесе басқа Тараптың коммерциялық қатынастарына араласу мақсатында пайдаланбайды.
8. Тараптар арасындағы ынтымақтастық осы Келiсiмнiң шарттарына, олардың мемлекеттерiнiң қолданыстағы заңдары мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап
1. С Қосымшада көрсетiлген ядролық материал, арнайы ядролық емес материал, жабдықтар және технологиялар, егер Тараптар өзгеше келiспесе, осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жатқызады.
2. Осы баптың 1-тармағында қамтылмайтын басқа заттар, егер Тараптар бұл туралы жазбаша нысанда уағдаласса, осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жатқызады.
3. Осы Келiсiмге сәйкес Тараптар арасында тiкелей немесе үшiншi тарап арқылы ядролық материалды, арнайы ядролық емес материалды, жабдықтарды немесе технологияларды кез келген тапсыруды жүзеге асыруға дейiн Тараптар жазбаша хабарламалармен алмасуға тиiс.
5-бап
Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жататын ядролық материалды, арнайы ядролық емес материалды, жабдықтарды немесе технологияларды өзiнiң заңдық құзырындағы тапсырғанға дейiн басқа Тараптың жазбаша келiсiмiн алады.
6-бап
Осы Келiсiмнiң шарттарына сәйкес осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жататын кезкелген ядролық материалды уран-235 изотопы бойынша 20 (жиырма) немесе одан да көп пайызға дейiн байытуды бастаудан бұрын немесе кез келген ядролық материалды өңдеудi бастаудың алдында, Тараптардың әрқайсысы басқа Тараптың жазбаша келiсiмiн алады. Мұндай келiсiм берiлген кезде 20 (жиырма) немесе одан да көп пайызға дейiн байытылғанда алынған плутоний немесе уранды сақтауға және пайдалануға болатындай жағдай айқындалуға тиiстi. Тараптар осы ереженi орындауға ықпал ететiн шарт жасаса алады.
7-бап
1. Осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жататын ядролық материал, арнайы ядролық емес материал, жабдықтар мен технологиялар қандай да бiр жағдаймен ядролық қару немесе басқа ядролық жарылғыш құрылғылар жасау немесе сатып алу үшiн пайдаланылмауға тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ядролық материал бойынша мiндеттемелердiң орындалуы ЯҚТШ-ға байланысты әрбiр Тарап МАГАТЭ-мен жасасқан Кепiлдiктер туралы келiсiмге сәйкес тексерiлетiн болады.
3. Егер МАГАТЭ Тараптардың бiрiнiң аумағында қандай да бiр себеппен немесе кез келген уақытта осы баптың 2-тармағында белгiленген кепiлдiктердi қамтамасыз етпесе, онда бұл Тарап басқа Тараппен:
1) мазмұны мен тиiмдiлiгi бойынша кепiлдiктер туралы ауыстырылатын келiсiмге тең кепiлдiктер туралы келiсiм немесе
2) МАГАТЭ INFCIRC/66 құжатында, сондай-ақ Тараптар қабылдаған оған кейiнгi кез келген түзетулерде айқындалған кепiлдiктер жүйесiнiң қағидаттары мен рәсiмдерiне сәйкес келетiн және осы Келiсiмде қамтылатын барлық мәселелер бойынша кепiлдiктердi қолдануды көздейтiн кепiлдiктер жүйесiн құру мақсатында жедел келiсiмге келедi.
8-бап
1. Ядролық материалдар:
1) оның ары қарай пайдалануға жарамсыздығы немесе осы Келiсiмнiң 7-бабында көрсетiлген кепiлдiктер тұрғысынан алғанда мәнi бар қандай да болсын ядролық қызметте пайдалануға жарамды болатындай нысанда өңдеу үшiн бастапқы қалпына келтiруге мүлдем жатпайтындығы анықталмайынша. Тараптарының бiрi МАГАТЭ болып табылатын кепiлдiктер туралы келiсiмдерге сәйкес жасалған кепiлдiктердi қолданудың тоқтатылғаны туралы екi Тарап МАГАТЭ анықтамасын қабылдайды;
2) ол осы Келiсiмнiң 5-бабының ережелерiне сәйкес үшiншi Тарапқа берiлмейiнше; немесе
3) Тараптар жазбаша түрде өзгеше келiсiмге келмейiнше осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жатады.
2. Арнайы ядролық емес материал мен жабдықтар:
1) осы Келiсiмнiң 5-бабының ережелерiне сәйкес олар үшiншi Тарапқа аясына берiлмейiнше;
2) Тараптар жазбаша түрде өзгеше келiсiмге келмейiнше осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жатады.
3. Технология Тараптар өзгеше уағдаласпағанша, осы Келiсiмнiң қолданылуы аясына жатады.
9-бап
1. Тараптардың әрқайсысы қатерлердiң бағалануына сәйкес өзiнiң заңдық құзырындағы және осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жататын ядролық материалдардың физикалық қорғанысын қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолданады және оларға кем дегенде, осы Келiсiмнiң D қосымшасында баяндалған физикалық қорғаудың деңгейiн пайдаланады.
2. Тараптар, халықаралық тасымалдау кезiндегi физикалық қорғауға қатысты мәселелердi қоса алғанда, Тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жататын ядролық материалды, арнайы ядролық емес материалды, жабдықтар мен технологияларды физикалық қорғауға қатысты мәселелер бойынша консультация өткiзуге тиiс.
10-бап
1. Тараптар, Тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша осы Келiсiм бойынша мiндеттемелердi тиiмдi орындауды қамтамасыз ету мақсатында кез келген уақытта консультация өткiзе алады. Екi Тараптың өтiнiшi бойынша ондай консультацияға қатысуға МАГАТЭ шақырылуы мүмкiн.
2. Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiм ережелерiнiң тиiмдi iске асырылуын қамтамасыз ету үшiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлейдi.
3. Тараптардың кез келгенi олардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша басқа Тарапты оның мемлекетiнiң аумағындағы осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жататын ядролық материалға қатысты тексеру жүргiзу бойынша жүргiзiлген өзiнiң соңғы есебiндегi МАГАТЭ жасаған қорытындылар туралы хабардар етедi.
11-бап
1. Тараптар осы Келiсiмнiң орындалуын немесе оның орындалуына қатысты мәселелердi қарау үшiн Тараптардың кез келгенiнiң сауалы бойынша келiссөздер мен консультациялар өткiзедi.
2. Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе орындау кезiнде туындаған кез келген дауларды реттеуге Тараптардың келiссөздерi немесе консультациялары барысында қол жеткiзiлуi тиiс.
3. Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе орындау кезiнде байланысты туындаған, келiссөздер жолымен немесе өзге тәсiлмен реттелмеген кез келген дау Тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша үш төрешiден тұратын төрелiк сотқа берiледi. Тараптардың әрқайсысы бiр тәуелсiз төрешiден тағайындайды. Осылай тағайындалған екiтөрешi Тараптардың кез келгенiнiң азаматы болып табылмайтын, төраға ретiнде болатын үшiншi тәуелсiз төрешiнi сайлайды. Егер төрелiк талқылауды жүргiзу туралы өтiнiштен соң Тараптардың бiрi 30 (отыз) күн iшiнде төрешi тағайындамаса, дауға қатысушы болып табылатын басқа Тарап БҰҰ-ның Халықаралық Сот Президентiнен төрешi тағайындамаған Тарап үшiн төрешi тағайындауды сұрай алады. Егер екi Тарап үшiн төрешiлер сайланғаннан немесе тағайындалғаннан кейiн 30 (отыз) күн iшiнде үшiншi төрешi сайланбаса, Тараптардың кез келгенi БҰҰ-ның Халықаралық Сот Президентiнен үшiншi төрешiнi тағайындауды сұрай алады. Төрелiк сот мүшелерiнiң көпшiлiгi кворум құрайды және барлық шешiмдер төрелiк сот мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Төрелiк рәсiмдi төрелiк сот белгiлейдi. Төрелiк соттың шешiмi екi Тарап үшiн де мiндеттi және олар орындауға тиiстi. Төрешiлердiң қызметiне ақы төлеу БҰҰ-ның Халықаралық Сотының уақытша судьялары (adhoc) үшiн төленетiн негiзде белгiленедi.
12-бап
Тараптар өзара жазбаша келiсiм бойынша осы Келiсiмге түзетулер енгiзе алады және осы Келiсiмге кез келген осындай түзетулер осы Келiсiмнің күшiне енуi үшiн көзделген ережелерге сәйкес күшiне енеді.
13-бап
Осы Келiсiмнiң А, В, С, D қосымшалары оның ажырамас бөлiгiн құрайды.
14-бап
1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғандығы туралы Тараптардың дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм 30 (отыз) жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiрi тиiстi мерзiм аяқталуына дейiн кемiнде 6 (алты) айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде өзiнiң осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату ниетi туралы басқа Тарапты жазбаша нысанда хабардар етпесе, оның қолданысы келесi он жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.
3. Осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда, осы Келiсiмнiң 1-бабында, 3-бабының 5-тармағында және 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-баптарында көзделген мiндеттемелер Тараптар өзгеше келiсiмге келгенше, Тараптар үшiн күшiнде қалады.
Осыны растау үшiн, оған өз үкiметтерi тиiстi түрде уәкiлеттiк берген төменде қол қоюшылар, осы Келiсiмге қол қойды.
2013 жылғы «13» қарашада әрқайсысы қазақ, ағылшын, француз және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, барлық мәтiндер дәлме дәл болып табылады.
Қазақстан Республикасының Канада Үкіметі
Үкіметі үшін үшін
А ҚОСЫМША
Жабдықтар
1. Ядролық реакторлар, плутоний өндiруде жылына 100 грамнан аспайтын ең жоғары есептi деңгейдегi реакторлар ретiнде анықталатын, қуаты нөлдiк реакторларды қоспағанда, өзiн-өзi қолдайтын тiзбектi бөлiну реакциясының бақылау тәртiбiнде жұмыс iстеуге қабiлеттi реакторлар.
«Ядролық реактор» негiзiнен реактор корпусының iшiндегi немесе оған тiкелей қосылған бұйымдарды, белсендi аймақтағы қуат деңгейiн реттейтiн жабдық, және әдетте тiкелей байланыста болатын немесе түсетiн, немесе реакторлардың белсендi аймағындағы бастапқы жылу тасымалдағышты басқаратын бөлшектердi қамтиды.
Плутонийдi жылына 100 грамнан едәуiр көп мөлшерде өндiру үшiн түрлендiруге тиiстi түрде тартылуы мүмкiн реакторларды жою көзделмейдi. Қуаттың елеулi деңгейiнде ұзақ пайдалануға арналған реакторлар, олардың плутоний өндiруге қабiлеттiлiгiне қарамастан, «қуаты нөлдiк реакторлар» ретiнде қарастырылмайды.
2. Жоғары қысымды реакторлық корпустар: осы Қосымшаның 1-тармағында анықталғандай жиналған немесе оларға ядролық реактордың белсендi аймағын орналастыру үшiн арнайы құрастырылған немесе дайындалған негiзгi дайын бөлшектер түрiндегi және бiрiншi контурдағы жылу тасымалдағыштың жұмыс қысымына шыдайтын металл корпустар.
Реактордың жоғары қысымды корпусының бетiндегi тақта жоғары қысымды корпустың негiзгiбөлiгi болып табылады.
3. Реактордың iшкi бөлiктерi: белсендi аймақтың және реттеушi өзектерге арналған бағыттаушы құбырларды, жылу экрандарын, тасаларды, белсендi аймақтың құбырлы торларын, диффузор тақталарын және т.б. корпустың басқа iшкi бөлiктерiн ұстап тұратын бағаналары мен тақталары.
4. Реактор отынын тиеуге және түсiруге арналған машиналар: осы Қосымшаның 1- тармағында анықталғандай реактор толық қуатымен жұмыс iстеп тұрған кезде пайдалануға болатын немесе тоқтатылған реакторда әдетте тiкелей бақылау немесе отынға тура қол жеткiзу мүмкiн болмаған кезде отынды тиеу бойынша күрделi жұмыстарды жүргiзуге жағдай туғызатын, жайғастыру немесе центрлеудiң техникалық күрделi сипаттамаларына ие ядролық реактордан отынды тиеуге немесе алуға арнайы құрастырылған немесе дайындалған жабдық.
5. Реакторды басқару өзектерi: осы Қосымшаның 1- тармағында анықталғандай ядролық реактордағы реакцияның жылдамдығын бақылау үшiн арнайы құрастырылған немесе дайындалған өзектер. Бұл бұйым, егер олар бөлек жеткiзiлсе, нейтрондарды жұтуға арналған бөлiктерден басқа, тiреу және аспалы құрылымдарды қамтиды.
6. Жоғары қысымды реакторлық құбырлар: осы Қосымшаның 1-тармағында анықталғандай жұмыс қысымы 50 атмосферадан жоғары болған кезде реактордағы бірінші контурдың отын элементтері мен жылу тасымалдағышты орналастыру үшін арнайы құрастырылған немесе дайындалған құбырлар.
7. Цирконий құбырлары: осы Қосымшаның 1-тармағында анықталғандай салмағы бойынша гафнийдiң цирконийге қатынасы 1:500 төмен реакторда пайдалану үшiн арнайы құрастырылған немесе дайындалған, жылына 500 кг көп мөлшерде метал цирконий немесе оның қорытпаларынан жасалған құбырлар мен құбырлардың құрастырулары.
8. Бiрiншi контур сораптары: осы Қосымшаның 1-тармағында анықталғандай ядролық реакторлардың бiрiншi контурының жылу тасымалдағышының циркуляциясын тоқтатпау үшiн арнайы құрастырылған немесе дайындалған сораптар.
9. Сәулеленген отын элементтерiн қайта өңдейтiн қондырғылар және осыған арнайы құрастырылған немесе дайындалған жабдықтар:
«сәулеленген отын элементтерiн қайта өңдейтiн қондырғылар» ядролық материал мен бөлiну өнiмдерiн өңдеудiң негiзгi ағындары мен сәулеленген отынмен тура байланыста болатын және тiкелей басқаратын жабдықтар «және осы үшiн арнайы құрастырылған немесе дайындалған жабдық» сөз орамының мағынасына сәйкес болып саналатын жабдықтар мыналарды қамтиды:
1) сәулеленген отын элементтерiн ұсақтауға арналған машиналар: жоғарыда белгiлi болғандай, қайта өңдейтiн қондырғыларда пайдалану үшiн арнайы құрастырылған немесе дайындалған, сәулеленген ядролық отынның өзектерiн немесе түйiндерiн, құрастыруларын кесуге, қиюға немесе сыдыруға арналған, қашықтан басқарылатын жабдықтар;
2) жоғарыда анықталғандай, қайта өңдейтiн қондырғыларда пайдалану үшiн арнайы құрастырылған немесе дайындалған, сәулеленген ядролық отынды ерiтуге арналған және ыстық, жоғары коррозиялық сұйықтыққа шыдайтын, сондай-ақ қашықтан тиелiп, техникалық жұмыс iстейтiн сыни қауiпсiз резервуарлар (мысалы, диаметрi шағын резервуарлар, дөңгелек немесе жалпақ бактар).
10. Отын элементтерiн дайындайтын қондырғылар: «отын элементтерiн дайындайтын қондырғылар»:
1) әдетте ядролық материалдың өндiрiстiк ағынымен тiкелей байланыста болатын немесе тiкелей өңдейтiн немесе оны басқаратын, немесе
2) ядролық материалды қабықшаның iшiне бекiтетiн, және
3) жоғарыда көрсетiлген операцияларға арналған бөлшектердiң, сондай-ақ, жоғарыда көрсетiлген операциялардың кез келгенiне арналған жекелеген бөлшектердiң, және қабықшаның тұтастығын немесе саңлаусыздығын тексеру және саңлаусыздандырылған отынды соңғы өңдеу сияқты отын өндiру жөнiндегi басқа да операцияларға арналған толық жинақталымы.
11. Талдау аспаптарын қоспағанда, уран изотоптарын бөлу үшiн арнайы құрастырылған немесе дайындалған жабдықтар:
«Талдау аспаптарынан басқа, уран изотоптарын бөлу үшiн арнайы құрастырылған немесе дайындалған жабдықтар» бөлу үдерiсi үшiн арнайы құрастырылған немесе дайындалған жабдықтардың барлық негiзгi элементтерiн қамтиды. Мынадай элементтердi:
1) газды диффузиялық мембраналар;
2) газды диффузиялық камералар;
3) UF6-ға коррозияға төзiмдi газды центрифуга құрастырмалары;
4) шүмек тәрiздi бөлушi элементтер;
5) құйын тәрiздi бөлушi элементтер;
6) UF6-ға коррозияға төзiмдi iрi бiлiктiк немесе сыртқа тебушi компрессорлар;
7) сосындай компрессорлар үшiн арнайы тығыздаушы тораптарды қамтиды.
12. Ауыр су алуға арналған қондырғылар:
«ауыр су алуға арналған қондырғылар» дейтерийдi немесе оның қосылыстарын байытуға арнайы арналған немесе дайындалған қондырғылар мен жабдықтарды, сондай-ақ қондырғыларды пайдалану үшiн маңызды элементтердiң кез келген едәуiр санын қамтиды.
13. Уранды конверсиялайтын қондырғылар:
«уранды конверсиялайтын қондырғылар» уранды конверсиялауға арнайы арналған немесе дайындалған қондырғылар мен жабдықтарды қамтиды.
14. Осы Қосымшаның 1-13-тармақтарында көрсетiлген бөлшектердiң кез келген iрi құрамдас бөлiктерiн немесе бөлiктерiнiң бөлшектерiн қамтиды.
В ҚОСЫМША
Арнайы ядролық емес материал
1. Дейтерий және ауыр су: дейтерий және А қосымшаның 1-тармағында анықталғандай, кез келген 12 айлық кезеңде 200 кг асатын мөлшердегi дейтерий атомдарын ядролық реакторда қолдануға арналған дейтерийдiң сутегiне арақатынасы 1:5000 асатын, дейтерий және дейтерийдiң кез келген қосылысы.
2. Ядролық-таза графит: 12 айдың кез келген кезеңiнде 30 метрикалық тоннадан асатын мөлшердегi, тазалық деңгейi бор эквивалентiнiң 5 миллиондық үлесiнен асатын және тығыздығы 1,50 г/см3 көп графит.
С ҚОСЫМША
Осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жататын ядролық материал, арнайы ядролық емес материал, жабдықтар мен технологиялар
Мынадай ядролық материал, арнайы ядролық емес материал, жабдықтар мен технологиялар осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жатады:
1. Тараптар арасында тiкелей немесе үшiншi тарап арқылы берiлетiн ядролық материал, арнайы ядролық емес материал, жабдықтар мен технологиялар;
2. А қосымшада санамаланған уранды конверсиялауға арналған қондырғылардан басқа, осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жататын кез келген жабдықтар негiзiнде немесе пайдалану арқылы өндiрiлетiн немесе өңделетiн арнайы ядролық емес материал және ядролық материал;
3. Осы Келiсiмнiң қолданылу аясына жататын кез келген ядролық материалды немесе арнайы ядролық емес материалды негiзiнде немесе пайдалану арқылы ендiрiлетiн немесе өңделетiн ядролық материалдар;
4. Алушы Тарап немесе жеткiзушi Тарап алушы Тараппен консультациядан кейiн жоғарыда аталған технологиялар немесе жоғарыда аталған жабдықтарға байланысты алынған деректер негiзiнде немесе пайдалану арқылы құрастырылған, жасалған немесе жұмыс iстейтiн жабдықтар; және
5. Жоғарыда айтылғанның жалпы сипатын шектемей, мынадай барлық үнi критерийге сәйкес келетiн жабдықтар:
1) 1-тармақта аталған жабдықтар сияқты, сондай үлгiдегi жабдықтар болып табылатын жабдықтар (яғни оны құрастыру, жасау немесе жұмыс iстеу ең алдымен 1-тармақта аталған жабдықтарды бергенге дейiн Тараптардың жазбаша келiсiлген сол немесе сол сияқты, физикалық немесе химиялық үдерiстерге негiзделген);
2) алушы Тарап немесе жеткiзушi Тарап алушы Тараппен консультациядан кейiн анықтаған сол жабдықтар;
3) 1) тармақшада аталған жабдықтарды алғашқы пайдаланған күннен бастап 20 жылдан кешiктiрмей алушы-Тараптың заңдық құзырындағы жерде алғашқы пайдалануы басталған жабдықтар.
D ҚОСЫМША
Физикалық қорғаудың келiсiлген деңгейлерi
Тараптар қоса берiлiп отырған кестедегi материалдарды пайдалану, сақтау және тасымалдау кезiнде қамтамасыз етуге тиiс физикалық қорғаудың келiсiлген деңгейлерiнiң кем дегенде мынадай қорғау сипаттамалары болуға тиiс:
III CAHAT
1. Қол жеткiзуi бақыланатын аумақ шегiнде пайдалану және сақтау.
2. Жөнелтушiнiң, алушының және тасымалдаушының арасындағы алдын ала уағдаластықты және халықаралық тасымал жағдайында, көлiк жауапкершiлiгiн тапсыру бойынша уақытын, орнын және тәртiбiн көрсетiп, Мемлекеттер арасындағы алдын ала уағдаластықты қоса алғанда, арнайы сақтық шараларына сәйкес тасымалдау.
II САНАТ
1. Кiруi бақыланатын, күзетiлетiн аумақ шегiнде пайдалану және сақтау, яғни ұдайы бақылаудағы, кiру пункттерiнiң саны шектеулi, тиiстi тосқауылмен қоршалған күзеттiң немесе электрондық құрылғылардың ұдайы бақылауындағы аумақтар немесе физикалық қорғаудың баламалы деңгейi бар аумақтар.
2. Жөнелтушiнiң, алушының және тасымалдаушының арасындағы алдын ала уағдаластықты, және халықаралық тасымал жағдайында, көлiк жауапкершiлiгiн тапсыру бойынша уақытын, орнын және тәртiбiн көрсетiп, Мемлекеттер арасындағы алдын ала уағдаластықты қоса алғанда, арнайы сақтық шараларына сәйкес тасымалдау.
I CAHAT
Осы Санаттың материалдары рұқсатсыз пайдалануға қарсы мынадай өте сенiмдi жүйелермен қорғалуға тиiс:
1. Жақсы қорғалатын аумақтар шегiнде пайдалану және сақтау, яғни жоғарыдағы II Санатта белгiленген, бiрақ тиiстi ден қою күштерiмен өзара тығыз байланыстағы күзеттiң бақылауымен нақты сенiм дәрежесi бар тұлғалардан басқаларға кiруге шек қойылған сондай қорғалатын аумақ. Бұл мағынада қолданылатын арнайы шаралардың қандай да болсын шабуылды, рұқсатсыз кiрудi немесе материалды рұқсатсыз алуды анықтау және болдырмау мақсаты болуға тиiстi.
2. II және III Санаттардың заттары үшiн жоғарыда келтiрiлген арнайы сақтық шараларына сәйкес және, бұдан басқа ұдайы күзеттiң ерiп жүруiмен және тиiстi ден қою күштерiмен өзара тығыз байланысты қамтамасыз ететiн жағдайларда тасымалдау.
Ядролық материалдарды санаттар бойынша бөлу
Материал |
Нысаны |
I санат |
II санат |
III санат3 |
1. Плутоний1 |
Сәулеленбеген2 |
2 кг. немесе одан көп |
2 кг-дан кем, бiрақ 500 г-дан көп |
500 г. немесе кем, бiрақ 15 гнан көп |
2. Уран-235 |
Сәулеленбеген2 |
|||
20% 235 U-ғa дейiн немесе одан көп байытылған уран |
5 кг. немесе көп |
5 кг-дан кем, бiрақ 1 кг-ден көп |
1 кг. немесе кем, бiрақ 15 г-дан көп |
|
10% 235 U-дейiн, бiрақ 20% 235 U-дан кем байытылған уран |
10 кг. немесе көп |
10 кг.кем |
||
табиғидан жоғары, бiрақ 10% 235 U кем байытылған уран |
10 кг. немесе көп |
|||
3. Уран-233 |
Сәулеленбеген2 |
2 кг. немесе көп |
2 кг-ден кем, бiрақ 500 г. көп |
500 г. немесе кем, бiрақ 15 г көп |
4. Сәулеленген отын |
Кемiтiлген немесе табиғи уран, торий немесе аз байытылған отын (10% кем бөлiнетiн мөлшер) 4, 5 |
___________________________
1 Плутоний-238-де изотоптық концентрациясы 80% асатын плутонийден басқа барлық плутоний.
2 Реакторда сәулеленбеген материал, немесе реакторда сәулеленген, бiрақ қорғалмаған бiр метр қашықтықта 100 рад/сағатқа тең немесе кем сәулелену деңгейiндегi материал.
3 Мөлшерi III санатқа жатпайтын табиғи уран, кемiтiлген уран және торий ұтымды пайдалану тәжiрибесiне сәйкес қорғалуға тиiстi.
4 Осы қорғау деңгейi ұсынылғанымен, Тараптар жекелеген мән-жайларды бағалау негiзiнде физикалық қорғаудың басқа санатын белгiлей алады.
5 Сәулеленуге дейiн бөлiнетiн материалдың бастапқы құрамына байланысты I немесе II санатқа кiрген басқа отын, егер отынның сәулелену деңгейi қорғалмаған бiр метр қашықтықта 100 рад/с-тан асса, деңгейi бойынша бiр санаттан аспайтындай төмендетiлуi мүмкiн.