Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 888 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2014 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 76-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 888 қаулысымен  
бекітілген     

Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген
адамдарды тіркеу және есепке алу қағидалары

      1. Осы Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) көлік құралдарын сенімхаттың негізінде пайдаланатын адамдарды (бұдан әрі – сенім білдірілген адамдарды) тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.
      2. Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу үшін сенім білдірілген адамдар ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністеріне, халыққа қызмет көрсету орталықтарына (бұдан әрі – ТЕБ/ХҚО) жүгінеді, сондай-ақ www.e.gov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіркеле алады.
      3. Тіркеу үшін ТЕБ/ХҚО-ға жүгінген кезде сенім білдірілген адам:
      1) көлік құралын басқаруға сенімхатты;
      2) көлік құралын тіркеу туралы куәлікті;
      3) сенім білдірілген адамның жеке куәлігін ұсынады.
      Қарапайым жазбаша нысанда ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда көлік құралы иесі өзінің жеке куәлігімен қатысуы қажет.
      4. Сенім білдірілген адамдар тіркеу үшін ТЕБ/ХҚО-ға жүгінген кезде ТЕБ/ХҚО-ның қызметкері ішкі істер органдарының ақпараттық жүйесіне мынадай деректерді:
      1) көлік құралы туралы мәліметтерді (маркасы/моделі, шығарылған жылы, шанақ нөмірі, шасси нөмірі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, көлік құралын тіркеу туралы куәліктің сериясы, нөмірі мен берілген күні);
      2) көлік құралының иесі туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрақты не уақытша тіркелген мекенжайы, жұмыс орны, байланыс телефоны);
      3) сенім білдірілген адам туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі мен түрі, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрақты не уақытша тіркелген мекенжайы, жұмыс орны, байланыс телефоны);
      4) сенім білдірілген адамның көлік құралын пайдалануына негіз болатын құжат туралы деректерді:
      қарапайым жазбаша нысанда ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда – сенімхаттың атауын, кім және қашан бергенін, сенімхаттың қолданылу мерзімін;
      нотариат ресімдеген сенімхатты ұсынған жағдайда – сенімхаттың атауын, кім және қашан бергенін, сенімхаттың қолданылу мерзімін, сенімхаттың сериясы мен нөмірін, тіркелген күні мен тізілім бойынша беру нөмірін енгізуді қамтамасыз етеді.
      5. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінген кезде көлік құралының иесі электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жібереді.
      6. Көлік құралы иесінің, сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың, көлік құралын тіркеу туралы куәліктің мәліметтерін ТЕБ/ХҚО қызметкері электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      7. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінген кезде көлік құралының иесі «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіліп, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама алады.
      8. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізу кезінде көлік құралдарының нөмірлік агрегаттарына айдап әкету және көлік құралын тіркеу заңдылығы тұрғысынан, сенім білдірілген адамның сауалнамалық деректерін – іздестіру тұрғысынан тексеру жүргізуге автоматты түрде сұрау салу қалыптастырылады.
      9. Тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу процесінде сенімхатта:
      1) ТЕБ/ХҚО атауы бар мөртаңба;
      2) сенімхаттың тіркелген күні;
      3) ТЕБ/ХҚО қызметкерінің қолы, тегі мен аты-жөні көрсетіледі.
      «Электрондық үкіметтің» веб-порталындағы «жеке кабинетінде» алған көлік құралын басқару құқығына сенімхатты көлік құралының иесі өзі басып шығарады. Бұл ретте сенімхатты ТЕБ/ХҚО-да қосымша тіркеу талап етілмейді.
      10. Сенім білдірілген адамды ТЕБ-те тіркеу және есепке алу уақыты құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 сағаттан, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіркеу кезінде – 2 сағаттан аспайды.
      11. Тіркеу іс-әрекеттері аяқталғаннан кейін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар сенім білдірілген адамға қайтарылады.

Об утверждении Правил регистрации и учета лиц, которым транспортные средства переданы во временное владение и пользование

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2014 года № 888. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 июня 2015 года № 457

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 457 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 20 октября 2014 года

      В соответствии с пунктом 1 статьи 76 Закона Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года «О дорожном движении» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила регистрации и учета лиц, которым транспортные средства переданы во временное владение и пользование.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 20 октября 2014 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                        К. Масимов

Утверждены    
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 5 августа 2014 года № 888

Правила
регистрации и учета лиц, которым транспортные средства переданы
во временное владение и пользование

      1. Настоящие Правила регистрации и учета лиц, которым транспортные средства переданы во временное владение и пользование (далее – Правила) определяют порядок регистрации и учета лиц, пользующихся транспортными средствами на основании доверенностей (далее – поверенные лица).
      2. Для регистрации и учета лиц, которым транспортные средства переданы во временное владение и пользование, поверенные лица обращаются в регистрационно-экзаменационные подразделения органов внутренних дел, центры по обслуживанию населения (далее – РЭП/ЦОН), а также могут зарегистрироваться посредством веб-портала «электронного правительства» – www.e.gov.kz.
      3. При обращении в РЭП/ЦОН для регистрации поверенным лицом предоставляются:
      1) доверенность на управление транспортным средством;
      2) свидетельство о регистрации транспортного средства;
      3) документ, удостоверяющий личность поверенного лица.
      В случае представления доверенности, оформленной в простой письменной форме, необходимо присутствие владельца транспортного средства с его удостоверением личности.
      4. При обращении поверенных лиц для регистрации в РЭП/ЦОН сотрудник РЭП/ЦОН обеспечивает ввод в информационную систему уполномоченного органа следующих данных:
      1) сведения о транспортном средстве (марка/модель, год выпуска, номер кузова, номер шасси, государственный регистрационный номерной знак, серия, номер и дата выдачи свидетельства о регистрации транспортного средства);
      2) сведения о владельце транспортного средства (фамилия, имя, отчество, дата рождения, индивидуальный идентификационный номер, адрес постоянной либо временной регистрации, место работы, контактный телефон);
      3) сведения о поверенном лице (фамилия, имя, отчество, дата рождения, пол, серия, номер и вид документа, удостоверяющего личность, кем и когда выдан, индивидуальный идентификационный номер, адрес постоянной либо временной регистрации, место работы, контактный телефон);
      4) данные о документе на основании, которого поверенное лицо пользуется транспортным средством:
      в случае представления доверенности, оформленной в простой письменной форме, – наименование доверенности, кем и когда выдана, срок действия доверенности;
      в случае предоставления нотариально оформленной доверенности – наименование доверенности, кем и когда выдана, срок действия доверенности, серия и номер доверенности, дата регистрации и номер выдачи по реестру.
      5. При обращении через веб-портал «электронного правительства» владелец транспортного средства направляет запрос в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью.
      6. Сведения документов, удостоверяющих личность владельца транспортного средства, поверенного лица, свидетельства о регистрации транспортного средства сотрудник РЭП/ЦОН получает из соответствующих государственных информационных систем в форме электронных документов.
      7. При обращении через веб-портал «электронного правительства» владелец транспортного средства получает уведомление о принятии запроса с указанием даты и времени получения результата государственной услуги в «личном кабинете» на веб-портале «электронного правительства».
      8. При внесении в информационную систему уполномоченного органа данных, указанных в подпунктах 1), 2), 3) пункта 4 настоящих Правил, автоматически формируется запрос на проведение проверки номерных агрегатов транспортных средств – на предмет угона и законности регистрации транспортного средства, анкетных данных поверенного лица – на предмет розыска.
      9. В процессе проведения регистрационных действий в доверенности проставляются:
      1) штамп с наименованием РЭП/ЦОН;
      2) дата регистрации доверенности;
      3) подпись, фамилия и инициалы сотрудника РЭП/ЦОН.
      Доверенность на право управления транспортным средством, полученную в «личном кабинете» на веб-портале «электронного правительства» владелец транспортного средства распечатывает самостоятельно. При этом дополнительная регистрация доверенности в РЭП/ЦОН не требуется.
      10. Время регистрации и учета поверенного лица в РЭП не может превышать 1 часа с момента сдачи пакета документов, при регистрации посредством веб-портала «электронного правительства» – не более 2 часов.
      11. После завершения регистрационных действий документы, указанные в пункте 3 настоящих Правил, возвращаются поверенному лицу.