Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы "Астана қаласында Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өңірлік хабты институционалдық қолдау" жобасы бойынша қаржыландыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықоваға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы "Астана қаласында Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өңірлік хабты институционалдық қолдау" жобасы бойынша қаржыландыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 963 қаулысымен мақұлданған |
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы "Астана қаласында мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өңірлік хабты институционалдық қолдау" жобасы бойынша қаржыландыру
туралы келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (бұдан әрі – "БҰҰДБ") жобалық құжаты осы Келісімге А-қосымшасында қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында БҰҰДБ-ның Астана қаласында мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өңірлік хабты институционалдық қолдау жобасын (бұдан әрі – "жоба") іске асыру шеңберінде ынтымақтастуға ниет білдіргенін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
Үкімет БҰҰДБ-ны жобаның бюджетін ұлғайту үшін қаржыландыру негізінде БҰҰДБ-ға қаржылық салымды (бұдан әрі – "салым") ұсыну ниеті туралы хабарландырғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
ОСЫМЕН, Үкімет және БҰҰДБ төмендегі туралы уағдаласты:
1-бап
1. Үкімет осы баптың 2-тармағында келтірілген тәртіпке сәйкес БҰҰДБ есебіне 14 000 000 АҚШ доллары мөлшерінде салымды аударады.
2. Төменде келтірілген төлем кестесіне сәйкес Үкімет БҰҰДБ-ның банктік шотына салымды аударады:
Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы
"Сити Банк Қазақстан" АҚ
Қазыбек би көш. 41, 2-қабат, Алматы қ.
БСК CITIKZKA
USD Account 500006101
USD IBAN KZ2483201D0500006013
КБЕ 21
Қаражатты аудару жылы Сома
2014 2 000 000 АҚШ долл.
2015 3 211 000 АҚШ долл.
2016 1 998 000 АҚШ долл.
2017 2 117 000 АҚШ долл.
2018 1 558 000 АҚШ долл.
2019 1 558 000 АҚШ долл.
2020 1 558 000 АҚШ долл.
Жоғарыда келтірілген төлем тәртібі БҰҰДБ жоспарланған іс-шараларды орындаудың басталуына дейін төлемдерді алу қажеттілігін ескереді.
Төлем тәртібі жобаны іске асыру барысына сәйкес өзгертілуі мүмкін.
3. Барлық қаржы құжаттары АҚШ долларында көрсетілуі тиіс.
4. Егер бұл валюта төменде келтірілген 5-тармақтың талаптарына сәйкес толықтай айырбасталатын немесе пайдаланылатын болса, БҰҰДБ АҚШ долларына қарағанда өзге валютада салым бойынша төлемдерді алуға келісуі мүмкін. Салым бойынша валютадағы кез келген өзгеріс БҰҰДБ-мен келісілуі тиіс.
5. Егер ол АҚШ долларына қарағанда өзге валютада жүргізілсе, салым бойынша төлем құны төлем күніне қолданыстағы БҰҰ айырбас бағамын қолдана отырып айқындалады. Сол сәтте бар қаражат қалдығының құны БҰҰДБ осы төлемді толық пайдалануына дейін БҰҰ бағамының қандай да бір өзгерістері жағдайында қайта есептелетін болады. Егер бұл ретте қаражат қалдығы құнының бағамдық айырмасы нәтижесінде шығын тіркелетін болса, БҰҰДБ Үкіметті көзделген іс-шараларды одан әрі қаржыландыруды айқындау мақсатымен хабарландырады.
Егер мұндай қаржыландыру ұсыныла алмайтын болса, БҰҰДБ Жобаға ұсынылатын көмекті қысқарта, тоқтата тұра немесе мезгілінен бұрын аяқтай алады.
6. Осы салымға есептелген және БҰҰДБ шотына есептелген барлық пайыздар БҰҰДБ белгілеген рәсімдерге сәйкес пайдаланылатын болады.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (келісім бойынша) Үкімет атынан атқарушы орган және бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.12.2017 № 843 қаулысымен.2-бап
1. Донорлардың тартылған ресурстары бойынша шығындарды өтеу туралы ережеде көрсетілген БҰҰДБ Атқарушы кеңесінің шешімдеріне және директиваларына сәйкес штаб-пәтер, сондай-ақ, БҰҰДБ Елдік офисі шеккен салымдарды жалпы әкімшілендіру жөніндегі жанама шығындар салым сомасынан өндіріп алынатын болады. Салымды жалпы әкімшілендіру бойынша осы шығындар салым сомасының 8 %-ын құрайды. Оның үстіне, мұндай шығындар белгілі бір жобаға тікелей жататындықтан, атқарушы әріптестің шығындарын қоса алғанда, жобаны орындау бойынша барлық тікелей шығындар тиісті бюджеттік желі бойынша жоба бюджетінде көрсетілетін және жоба бюджетінен өтелетін болады.
2. Жобаның жалпы бюджеті, көрсетілген әкімшілік және басқа да қызметтер үшін БҰҰДБ өтеудің болжамды сомасы осы Келісімге сәйкес жобаға ұсынылған салымның жалпы сомасынан, сондай-ақ қаржыландырудың басқа көздерінен Жобаны іске асыру үшін ұсынылуы мүмкін қосымша қаражаттан аспауы тиіс.
3-бап
1. Салымды әкімшілендіру БҰҰДБ жобаларын орындау үшін көзделген БҰҰДБ ережелеріне, нормаларына, стандарттарына және рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады. Қаржылық есептілік қаржы жылының соңында жылына бір рет жүргізіледі.
2. Жобаны басқару және жобалық шығыстар БҰҰДБ ережелеріне, нормаларына және стандарттары мен рәсімдеріне және онда көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасы Үкіметінің ережелеріне, қағидаларына және директиваларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
4-бап
1. Осы Келісіммен және жобалық құжатпен шарттасқан БҰҰДБ және Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелерін орындау жоғарыда 1-баптың 2-тармағында келтірілген төлем кестесіне сәйкес БҰҰДБ-ның салымды алуына тәуелді болады.
2. Шығыстардың немесе міндеттемелердің болжанбаған ұлғаюы жағдайында (инфляциямен, айырбас бағамының ауытқуларымен немесе болжанбаған жағдаяттарға байланысты) БҰҰДБ Үкіметке одан әрі қажетті қаржыландыруды айқындайтын қосымша сметаны уақтылы ұсынады. Республикалық бюджетте қаражаттың болуы жағдайында Үкімет қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін күш-жігерін жұмсайды.
3. Төлем кестесіне сәйкес осы Келісімнің 1-бабының 2-тармағына сәйкес салым бойынша төлемдердің түспеуі жағдайында немесе жоғарыда көрсетілген 2-тармаққа сәйкес Үкіметтен немесе өзге де көздерден қосымша қаражаттың түспеуі жағдайында БҰҰДБ осы Келісімге сәйкес Жобаны қысқарта, тоқтата тұра немесе көмек көрсетуді тоқтата алады.
5-бап
Салымнан қаржыландырылатын жабдыққа, материалдарға және өзге де мүлікке арналған меншік құқығы БҰҰДБ-ға тиесілі болады. БҰҰДБ-дан меншік құқығының өтуіне қатысты мәселелер БҰҰДБ ережелеріне және рәсімдеріне сәйкес шешіледі.
6-бап
Салымның ішкі және сыртқы аудиті БҰҰДБ-ның қаржы ережелеріне, нормаларына және рәсімдеріне сәйкес қана жүзеге асырылуы тиіс.
7-бап
БҰҰДБ Үкіметтің сұрау салуы бойынша БҰҰДБ есептілігінің рәсімдеріне сәйкес дайындалған қаржылық және басқа да есептерді ұсынады.
8-бап
1. БҰҰДБ Үкіметті салыммен байланысты барлық жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарландыруға міндеттенеді.
2. Салым сомасынан қаржыландырылатын жобаның барлық іс-шараларының аяқталуына қарамастан, БҰҰДБ салым сомасынан қаржыландырылатын іс-шараларды орындаумен байланысты барлық қаржылық міндеттемелер орындалғанға және аяқталғанға дейін өзінің шотында салымның пайдаланылмаған сомасын сақтауды жалғастыратын болады.
3. Егер, салымның пайдаланылмаған сомасы осындай міндеттемелерді орындау үшін жеткілісіз болатын болса, БҰҰДБ Үкіметке осындай міндеттемелерді орындау тәсілдерін хабарлайды және талқылайды.
9-бап
1. Осы Келісімнің күші Үкімет немесе БҰҰДБ екі жақты тәртіппен бірлескен шешімді қабылдаудан кейін ғана және алынған салым сомасы Жобаның өзге де қаражатымен бірге жобаны орындау бойынша барлық міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті болып табылатындығы талабымен тоқтатылуы мүмкін. Келісім екінші Тараптың Келісімді тоқтату шешімі туралы қандай да бір Тараптардың біреуінің жазбаша хабарламасынан кейін отыз күн аяқталған соң күшін жояды.
2. Егер салымның пайдаланылмаған сомасы жобадағы өзге де қаражатпен бірге міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз болып табылған жағдайда, БҰҰДБ Үкіметті бұл туралы хабарландыруға және Үкіметпен осындай міндеттемелер қандай жолмен орындалуы мүмкін екенін талқылауға міндеттенеді.
3. Осы Келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға қарамастан, БҰҰДБ салым сомасынан қаржыландырылатын іс-шараларды пайдаланумен байланысты барлық қаржы міндеттемелері қанағаттандырылмағанға және бұл іс-шаралар толық көлемде орындалғанға дейін салымның пайдаланылмаған сомасын сақтайтын болады.
4. Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындаудан және жоба бойынша жауапкершіліктен кейін қалған салымның пайдаланылмаған сомасын Үкімет БҰҰДБ-мен келісім бойынша қайтаратын болады.
10-бап
Осы Келісім тараптар қол қойғаннан кейін күшіне енеді және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДЫ РАСТАУ РЕТІНДЕ төменде қол қойғандар, тиісті жолмен уәкілеттік берілгендер әрқайсысының бірдей күші бар ағылшын және орыс тілдеріндегі осы Келісімге екі данада қол қойды. Келіспеушіліктер жағдайында ағылшын тіліндегі мәтіннің басым күші бар.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.12.2017 № 843 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму
Үкіметі тарапынан: Бағдарламасы тарапынан:
Стивен Тулл
010000, Астана, Ә. Mәмбетов көшесі, 14
БСН 010950002133
Сити Банк Казахстан АҚ
БСК CITIKZKA
ИСК KZ2483201T0500006005
КБЕ 21
Ескерту. БҰҰДБ тарапынан деректемелер жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.12.2017 № 843 қаулысымен.2014 жылғы " " Келісімге А-қосымшасы |
БҰҰ Даму бағдарламасы
Ел: Қазақстан
Жобалық құжат
Жобаның атауы: | Астана қаласында мемлекеттік қызмет мәселері бойынша өңірлік хабты институционалдық қолдау |
БҰҰ дамыту мақсаттарында көмек көрсету бойынша Негіздемелік Бағдарламасының (ЮНДАФ) күтілетін нәтижесі: | Мемлекеттік басқаруды күшейту мен жергілікті және орталық билік органдарының арасында мемлекеттік қызмет саласындағы саясатты жоспарлау және іске асыру мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимыл жасау жүйесін құру |
Ұлттық (БҰҰДБ Қазақстандағы Елдік бағдарламасының) деңгейдегі күтілетін нәтиже: | Тиімді мемлекеттік басқару, орталық және жергілікті билік органдары қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыру |
БҰҰДБ қызметінің күтілетін нәтижесі: | Өңірлік ынтымақтастыққа және мемлекеттік қызмет саласындағы әлеуетті дамытуға жәрдемдесу |
Мақұлданды:
БҰҰДБ ҚР Тұрақты өкілі
Стивен Тулл
Мақұлданды:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова
РҚАО-ның ескертпесі!Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні қоса берілген.