Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы "Астана қаласында Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау" жобасы бойынша қаржыландыру туралы келісімге Қосымша келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы "Астана қаласында Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау" жобасы бойынша қаржыландыру туралы келісімге Қосымша келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 843 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы "Астана қаласында Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау" жобасы бойынша қаржыландыру туралы келісімге
Қосымша келісім
(2017 жылғы 25 желтоқсанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 1, 13-құжат)
Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (бұдан әрі – БҰҰДБ) "Астана қаласында Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау" жобасы бойынша 2014 жылғы 29 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰДБ арасындағы қаржыландыру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) төмендегілер туралы Қосымша келісімді жасасты.
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Келісімнің 1-бабының 2-тармағындағы:
"2014 2 000 000 АҚШ долл.
2015 4 000 000 АҚШ долл.
2016 4 000 000 АҚШ долл.
2017 4 000 000 АҚШ долл."
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"2014 2 000 000 АҚШ долл.
2015 3 211 000 АҚШ долл.
2016 1 998 000 АҚШ долл.
2017 2 117 000 АҚШ долл.
2018 1 558 000 АҚШ долл.
2019 1 558 000 АҚШ долл.
2020 1 558 000 АҚШ долл.";
Келісімнің 1-бабы мынадай мазмұндағы жетінші тармақпен толықтырылсын:
"7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (келісім бойынша) Үкімет атынан атқарушы орган және бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады.";
Келісімнің 10-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Келісім тараптар қол қойғаннан кейін күшіне енеді және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.";
БҰҰДБ тарапынан деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"010000, Астана, Ә. Mәмбетов көшесі, 14
БСН 010950002133
Сити Банк Казахстан АҚ
БСК CITIKZKA
ИСК KZ2483201T0500006005
КБЕ 21".
Келісімнің барлық басқа шарттары өзгеріссіз қалады.
Осы Қосымша келісім бірдей күші бар ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалған және тараптар қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Айырмашылықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің басым күші болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан: Тимур Сүлейменов |
Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамубағдарламасы тарапынан:Норимаса Шимамура |
010000, Астана қ., Ә. Мәмбетов көшесі, 14 | |
БСН 010950002133 | |
Сити Банк Казахстан АҚ | |
БСК CITIKZKA | |
ИСК KZ2483201T0500006005 | |
КБЕ 21 |
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі ағылшын тіліндегі мәтін қоса берілген.