Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Весенне-Аралчинское кен орнында мыс-колчедан кендерін өндіру кезінде шекара маңындағы аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 қарашадағы № 1194 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Весенне-Аралчинское кен орнында мыс-колчедан кендерін өндіру кезінде шекара маңындағы аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
2.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
К. Мәсімов |