"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Весенне-Аралчинское кен орнында мыс-колчедан кендерін өндіру кезінде шекара маңындағы аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 қарашадағы № 1194 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қыркүйектегі № 1033 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Весенне-Аралчинское кен орнында мыс-колчедан кендерін өндіру кезінде шекара маңындағы аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 қарашадағы № 1194 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Весенне-Аралчинское кен орнында мыс-колчедан кендерін өндіру кезінде шекара маңындағы аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады