Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде адамдардың шыққан шығыстарын өтеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1070 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі.
      2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 174 және 176-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде адамдардың шыққан шығыстарын төлеу қағидалары;
      2) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын аудармашылардың, мамандардың, сарапшылардың сыйақы мөлшерлемелері бекітілсін.
      2. «Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде адамдардың шыққан шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 131 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 277-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы Үкіметінің


2014 жылғы 9 қазандағы


№ 1070 қаулысымен


бекітілген

      Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде адамдардың шыққан шығыстарын төлеу қағидалары
      1. Жалпы ережелер
      1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде адамдардың шыққан шығыстарын төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 176-бабының 4-бөлігіне сәйкес әзірленді және қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде келтірілген адамдардың шыққан шығындарын төлеу, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын адамдарға сыйақы төлеу тәртібін айқындайды.
      2. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен жәбірленушінің, азаматтық талап қоюшының, олардың заңды өкілдерінің, куәнің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәнің, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың мынадай шығыстары:
      1) қылмыстық процесті жүргiзуші органының шақыртуы бойынша келуге байланысты шығыстар:
      темiржол, су, автомобиль (таксидi қоспағанда) көлiгiмен және сол жерде бар басқа да көлiк түрлерiмен жол жүру құны, ал қылмыстық процестi жүргiзушi органның келiсуiмен – әуе көлiгiмен жол жүру құны;
      қызметтiк iссапарларға ақы төлеу үшiн қабылданған норма бойынша бұл шығындарды ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн реттегi тұрғын үйдi жалдау құны;
      2) бұл адамдар үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша тұрғылықты тұратын жерiнен тысқары жерде тұруы қажет болған кезде және тәулiктiк ақыны ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн кездегi – тәулiктiк ақы;
      3) олар үшiн орташа жалақысын ұйым, жұмыс берушi сақтайтын жағдайлардан басқа, қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыт үшiн орташа жалақы;
      4) сол адамның қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша тергеу iсiне немесе басқа да iс жүргiзу әрекетiне қатысуы нәтижесiнде сапасынан айырылған немесе жоғалған мүлiктi қалпына келтiруге немесе сатып алуға арналған шығындары.
      3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 176-бабының 2-бөлігіне сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жәбiрленушiнiң, оның заңды өкiлiнiң, куәгердiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәның, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың қылмыстық процестi жүргiзетін органның талабы бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыты iшiндегi орташа жалақысын сақтауға мiндеттi.
      4. Орташа жалақы тұрақты жұмыс орны бойынша белгіленген кесте бойынша аптаның барлық жұмыс күндері үшін сақталады.
      5. Маман мен сарапшыға сондай-ақ оларға тиесiлi химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезiнде жұмсалған басқа да шығыс материалдарының құны, сондай-ақ жұмысты орындау үшiн олардың құрал-жабдықтарды пайдаланғаны, коммуналдық қызмет көрсетулер және машина уақытын тұтынғаны үшiн төлеген ақысы өтеледi.
      2. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шыққан шығыстарды төлеу тәртібі
      6. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарға шақыртылған жерге дейін және тұрғылықты тұратын жеріне кері қарай жол жүру шығыстарының төлемі Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарларға жіберілетін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне шығыстарды өтеу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен және шарттарда төлеуге жатады.
      7. Қылмыстық процесті жүргізуші органның шақырған күндері үшін, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, сондай-ақ жолда болған күндері, оның ішінде жолда мәжбүрлі тоқтаған уақытына шақырылған адамдарға кідіріс фактісін растайтын тиісті құжаттарды ұсынған кезде тәуліктік ақы төленеді және тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды ұйым, жұмыс беруші өтемейтін жағдайда, бұл шығыстар мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарларын өтеу туралы заңнамада белгіленген тәртіпке қатысты мөлшерде өтеледі.
      8. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шыққан шығындар осы Қағидалардың 2, 5-тармақтарында көрсетілген адамдардың өтініші бойынша қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы негізінде өтеледі.
      9. Адамның келуіне байланысты оған төлеуге жататын сомаларды оларды шақырған орган қылмыстық істер бойынша сотталғандардан сот шығындарын іс жүзінде алуға және тараптардан өндіріп алуға қарамастан, сол адамдар өз міндеттерін орындаған соң дереу төлейді.
      10. Осы Қағидалардың 567-тармақтарында көзделген сомаларды қылмыстық істер бойынша шақыруды жүзеге асыратын қылмыстық процесті жүргізуші органның қаржы қызметі (бухгалтериясы) көрсетілген мақсаттарға бюджеттен арнайы бөлінетін және тиісті қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат есебінен төлейді.
      3. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын адамдарға сыйақы беру тәртібі
      11. Анықтау, алдын ала тергеу органдарында, прокуратурада немесе сотта сараптамалар жүргізу, қорытындылар беру, аударма бойынша жұмыстарды орындайтын сарапшы, маман, аудармашы республикалық бюджет қаражаты есебінен сыйақы алады.
      12. Сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға сыйақы, егер қылмыстық iс бойынша іс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмыстар олардың лауазымдық мiндеттерiнiң аясына кiретін және жұмыстан тыс уақытта орындалатын болса, төленбейді.
      13. Сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға сыйақыны қылмыстық істер бойынша шақыруды жүзеге асыратын қылмыстық процесті жүргізуші органның қаржы қызметі (бухгалтериясы) көрсетілген мақсаттарға бюджеттен арнайы бөлінетін және тиісті қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат есебінен төлейді.
 


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 1070 қаулысымен
бекітілген

      Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын аудармашылардың, мамандардың, сарапшылардың сыйақы мөлшерлемелері
      Мамандарға, сарапшыларға сыйақы сағатына бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде төленеді.
      Аудармашыларға сыйақы жазбаша аударманың 1 парағы (2000 белгіге дейін) немесе ауызша аударманың бір сағаты есебінен белгіленеді:
      1) орыс тілінен қазақ тіліне (және керісінше) – айлық есептік көрсеткіштің екіден бірінен аспайды;
      2) батыс еуропа, түркі және басқа тілдерден орыс немесе қазақ тілдеріне (және керісінше) – бір айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
 

О некоторых вопросах возмещения расходов лицам, понесенных при производстве по уголовному делу

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2014 года № 1070

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 1 января 2015 года

      В соответствии со статьями 175 и 176 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан от 4 июля 2014 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила выплаты расходов лицам, понесенных при производстве по уголовному делу;
      2) ставки вознаграждения переводчиков, специалистов, экспертов, выполняющих соответствующую работу при производстве по уголовному делу.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 131 «О некоторых вопросах возмещения расходов лицам, понесенных при производстве по уголовному делу» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 16, ст. 277).
      3. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2015 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 9 октября 2014 года № 1070

Правила
выплаты расходов лицам, понесенных при
производстве по уголовному делу

1. Общие положения

      1. Правила выплаты расходов лицам, понесенных при производстве по уголовному делу (далее – Правила), разработаны в соответствии с частью 4 статьи 176 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан от 4 июля 2014 года и определяют порядок выплаты расходов лицам, понесенных при производстве по уголовному делу, выплаты вознаграждения лицам, выполняющим соответствующую работу при производстве по уголовному делу.
      2. В порядке уголовного судопроизводства подлежат возмещению за счет бюджетных средств следующие расходы потерпевшего, гражданского истца, их законных представителей, понятого, переводчика, специалиста, эксперта, свидетеля, кандидата в присяжные заседатели, вызванного в суд, но не отобранного в состав коллегии присяжных заседателей:
      1) расходы по явке по вызову органа, ведущего уголовный процесс:
      стоимость проезда на железнодорожном, водном, автомобильном (за исключением такси) транспорте и других видах транспорта, существующего в данной местности, а с согласия органа, ведущего уголовный процесс, – стоимость проезда на воздушном транспорте;
      стоимость найма жилого помещения по нормам, принятым для оплаты служебных командировок, при условии, что эти расходы не возмещаются организацией, работодателем;
      2) суточные, при необходимости для этих лиц проживать по требованию органа, ведущего уголовный процесс, вне места постоянного жительства и при условии, что суточные не возмещаются организацией, работодателем;
      3) средний заработок за все время, затраченное по требованию органа, ведущего уголовный процесс, на участие в уголовном деле, кроме случаев, когда средний заработок сохраняется за ними организацией, работодателем;
      4) расходы на восстановление или приобретение имущества, потерявшего качество или утраченного в результате участия лица в производстве следственного или другого процессуального действия по требованию органа, ведущего уголовный процесс.
      3. В соответствии с частью 2 статьи 176 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан государственные органы и организации обязаны сохранять за потерпевшим, его законным представителем, понятым, переводчиком, специалистом, экспертом, свидетелем, кандидатом в присяжные заседатели, вызванным в суд, но не отобранным в состав коллегии присяжных заседателей, средний заработок за все время, затраченное ими по требованию органа, ведущего уголовный процесс, на участие в уголовном судопроизводстве.
      4. Средний заработок сохраняется за все рабочие дни недели по графику, установленному по месту постоянной работы.
      5. Специалисту и эксперту возмещаются также стоимость принадлежащих им химических реактивов и других расходных материалов, истраченных ими при выполнении порученной работы, а также внесенная ими для выполнения работы плата за использование оборудования, коммунальные услуги и потребление машинного времени.

2. Порядок выплаты расходов, понесенных
при производстве по уголовному делу

      6. Выплата расходов по проезду к месту вызова и обратно к месту постоянного жительства лицам, указанным в пункте 2 настоящих Правил, подлежит оплате в порядке и на условиях, установленных законодательством для возмещения расходов работникам государственных учреждений, содержащихся за счет средств государственного бюджета Республики Казахстан, направляемым в служебные командировки в пределах Республики Казахстан.
      7. За дни вызова органом, ведущим уголовный процесс, включая выходные и праздничные, а также дни нахождения в пути, в том числе за время вынужденной остановки в пути, вызываемым лицам при предъявлении соответствующих документов, подтверждающих факт задержки, выплачиваются суточные и возмещаются расходы по найму жилого помещения в размере применительно к порядку, установленному законодательством о возмещении служебных командировок в пределах Республики Казахстан работников государственных учреждений, содержащихся за счет средств государственного бюджета, при условии, что эти расходы не возмещаются организацией, работодателем.
      8. Расходы, понесенные при производстве по уголовному делу, возмещаются по заявлению лиц, указанных в пунктах 25 настоящих Правил, на основании постановления органа, ведущего уголовный процесс.
      9. Суммы, подлежащие выплате лицу в связи с его явкой, выплачиваются вызвавшим их органом немедленно по выполнении этими лицами своих обязанностей, независимо от фактического получения и взыскания судебных издержек с осужденных по уголовным делам.
      10. Суммы, предусмотренные пунктами 567 Правил, выплачиваются финансовой службой (бухгалтерией) органа, ведущего уголовный процесс, производящего вызов по уголовным делам, из средств, специально выделяемых из бюджета на указанные цели и предусмотренных в соответствующих планах финансирования.

3. Порядок вознаграждения лицам, выполняющим
соответствующую работу при производстве по уголовному делу

      11. Эксперт, специалист, переводчик, выполняющие работы по производству экспертиз, даче заключений, переводу в органах дознания, предварительного следствия, прокуратуре или суде, получают вознаграждение за счет средств республиканского бюджета.
      12. Экспертам, специалистам и переводчикам не выплачивается вознаграждение, если соответствующие работы при производстве по уголовному делу входили в круг их должностных обязанностей и выполнялись во внерабочее время.
      13. Вознаграждения экспертам, специалистам, переводчикам выплачиваются финансовой службой (бухгалтерией) органа, ведущего уголовный процесс, производящим вызов по уголовным делам, из средств, специально выделяемых из бюджета на указанные цели и предусмотренных в соответствующих планах финансирования.

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 9 октября 2014 года № 1070

Ставки
вознаграждения переводчиков, специалистов,
экспертов, выполняющих соответствующую работу
при производстве по уголовному делу

      Специалистам, экспертам вознаграждение выплачивается в размере не более одного месячного расчетного показателя в час.
      Переводчикам устанавливается вознаграждение из расчета 1 страница (до 2000 знаков) письменного перевода или один час устного перевода:
      1) с русского языка на казахский язык (и наоборот) – не более одной второй месячного расчетного показателя;
      2) с западноевропейских, тюркских и других языков на русский или казахский языки (и наоборот) – не более одного месячного расчетного показателя.