«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Ақмола аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тұрған мүлікті республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы |
Республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілетін мемлекеттік мүлік
Р/с |
Мүліктің атауы |
Заңды |
Жалпы алаңы |
Тұрғын алаңы |
1 |
Пәтер, кадастрлық № 21-320-072-691-14-28 |
Астана қ., Сығанақ көш., 14-үй, 28-пәтер |
193,1 |
184,7 |