Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1076 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Ақмола аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тұрған мүлікті республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 1076 қаулысына
қосымша

Республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілетін мемлекеттік мүлік
 

Р/с

Мүліктің атауы

Заңды
мекенжайы

Жалпы алаңы
2)

Тұрғын алаңы
2)

1

Пәтер, кадастрлық № 21-320-072-691-14-28

Астана қ., Сығанақ көш., 14-үй, 28-пәтер

193,1

184,7

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады