Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Инновациялық саясатты іске асыру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Бәкенұлы Сәрінжіповке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Инновациялық саясатты іске асыру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасын іске асыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымы арасындағы «Инновациялық саясатты іске асыру есебінен Қазақстанның
бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасын іске
асыру туралы
келісім
Бүдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) төмендегілер туралы келісті:
1-бап
ЭЫДҰ өз жұмысының шеңберінде 2013 - 2014 жылдарға арналған Жұмыстар және бюджет бағдарламасына сәйкес «Инновациялық саясатты іске асыру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасын (бұдан әрі - жоба) іске асырады.
2-бап
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылғы қазан - 2016 жылғы қыркүйек аралығындығы кезеңде жүзеге асырылатын жобаның іске асырылу барысында қажетті қолдау көрсетуге кепілдік береді.
2014 жылдан кейінгі ЭЫДҰ-ның келешектегі кез келген қызметін ЭЫДҰ Кеңесі 2015 - 2016 жылдарға арналған ЭЫДҰ-ның Жұмыстар және бюджет бағдарламасына енгізуге тиіс. ЭЫДҰ-ның қаржы және кәсіпкерлік жөніндегі директораты осы Келісімнің нысанасы болып табылатын қызметті 2015 - 2016 жылдарға арналған ЭЫДҰ-ның Жұмыстар және бюджет бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс енгізуге ниет білдіреді. Егер осы салыммен қаржыландырылатын қызмет 2015 - 2016 жылдарға арналған ЭЫДҰ-ның Жұмыстар және бюджет бағдарламасына енгізілмеген жағдайда, ЭЫДҰ жұмысын тоқтата алады және Қазақстан Республикасының Үкіметімен консультациялардан кейін осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. Бұл
жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Келісім тоқтатылған күнге дейін ЭЫДҰ-ға келтірілген немесе оның жасаған шығыстарын өтеуге келіседі.
Егер ЭЫДҰ осы бапқа сәйкес шартты бұзған жағдайда, онда ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне ол бұзылған күнге дейін өткізілген іс-шараларды қамтитын жазбаша есепті ұсынады.
3-бап
ЭЫДҰ:
өзінің Жұмыс және бюджет бағдарламасына сәйкес ЭЫДҰ-ға Шолу жүргізуге міндеттенеді;
жоба аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2016 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірмей жазбаша есеп беруге міндеттенеді.
Үшінші тұлғалардың құқықтарын, сондай-ақ құпияландыру және құпиясыздандыру саласында ЭЫД?-ның қағидалары мен саясатын сақтай отырып, кез келген, оның ішінде цифрлық нысанда кез келген үкіметтік коммерциялық емес мақсатқа арналған жоба бойынша түпкілікті есепті таратуға, қолдануға, қайта шығаруға арналған мүлде қайтарып алынбайтын және бүкіл әлемде қолданылатын лицензияны береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі әрқашан ЭЫДҰ-ның авторлық құқығын тиісті түрде растауға және тиісті жағдайларда жарияланымға тиісті хабарлама енгізуге тиіс.
ЭЫД? мұндай жарияланымның тіліне және нысанына қарамастан, түпкілікті есепті бірінші болып жариялау құқығын сақтайды. Жоба барысында ЭЫДҰ ұсынған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қала береді. ЭЫДҰ көрсетілген деректерді немесе ақпаратты өз есебін дайындау мақсатында және неғұрлым кең тұрғыда жобаны іске асыру үшін пайдалануға және/немесе енгізуге құқылы.
ЭЫДҰ-ның жарияланымдар қағидаларына сәйкес түпкілікті есеп Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобаға қосқан үлесі туралы ескертпені қамтитын болады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі жарияланым мұқабасының ішкі бетінде не жоғарыда аталған растаудың жанында жарияланымның ішінде орналасатын болады.
4-бап
Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны орындау шығыстарын өтеуге 2400000 (екі миллион төрт жүз мың) евро енгізеді.
Салым бөліп төленетін болады, атап айтқанда:
бірінші салым шартқа қол қойылғаннан және ЭЫДҰ-дан төлемге арналған тиісті шот алынғаннан кейін 1245000 (бір миллион екі жүз қырық бес мың) евро;
екінші салым 2015 жылғы 31 қаңтарға дейін ЭЫДҰ-дан төлемге арналған тиісті шот алынғаннан кейін 1155000 (бір миллион бір жүз елу бес мың) евро.
5-бап
ЭЫДҰ бухгалтерлік есептің халықаралық жалпыға танылған қағидаттарына және оның қаржылық регламентіне, сондай-ақ әкімшілік алым үшін жалпы салымнан 5,3 %-ы мөлшерінде комиссия алуды қамтамасыз ететін басқа да қолданылатын қағидаларға, рәсімдер мен әдістемелерге сәйкес ақша салымының пайдаланылуын бақылайды және оған есеп береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есепке қойылатын талаптар ЭЫДҰ-ның стандарттық есеп форматына сәйкес шығыстар туралы жыл сайынғы есебімен орындалатынына келіседі.
6-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын, жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
7-бап
Осы Келісімді түсіндіруде, қолдануда немесе орындауда туындайтын немесе оған қатысты, оның ішінде оның болуына, шынайылығына немесе тоқтатылуына қатысты бейбіт жолмен реттелмейтін кез келген дау, келіспеушіліктер немесе наразылықтар осы Келісім күні қолданылатын халықаралық ұйымдар мен Төрелік соттың Тұрақты палатасы мемлекеттерінің қатысуымен Төрелік талқылаудың факультативті қағидаларына сәйкес түпкілікті және міндетті төрелік талқылаумен шешілуге жатады. Төрешілердің саны бірге тең болуға тиіс. Төреші Тараптардың өзара келісімі бойынша таңдалуға тиіс, ал төрелік талқылау туралы өтініш білдірілген күннен бастап үш ай ішінде мұндай келісім болмаған кезде төреші жоғарыда керсетілген Қағидаларға сәйкес кез келген тараптың өтініші бойынша тағайындалады. Төрелік талқылау Парижде, Францияда өтеді, барлық процестік әрекеттер мен материалдар ағылшын тілінде болуға тиіс.
8-бап
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және екі Тарап осы Келісімнен туындайтын барлық міндеттемелерді орындағанша күшінде болады.
Әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар басым болып табылатын ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.