Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат, № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 60, 69-құжаттар; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
913-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттің немесе уәкілетті мемлекеттік органнан тотализаторлар мен тәуекелге негізделген басқа да ойындар өткізуге лицензия алған тұлғаның, ал лотереялар үшін - уәкілетті мемлекеттік органмен заңда белгіленген тәртіппен лотерея өткізуге келісімшарт жасасқан заңды тұлғалардың осындай ойындарға қатысушылардың арасындағы қатынастар шартқа негізделген. Мұндай шарт лотерея билетін, түбіртек немесе өзге құжат берумен ресімделеді және ойындарға қатысушы лотерея билетінің құнын немесе ойынға қатысудың өзге төлемін төлеген кезден бастап жасалған болып танылады.».
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
51-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын.
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат;
№ 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1,9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 248-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды тарату жөнінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды;»;
2) 428-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) лотереялар өткізуге;»;
3) 471-баптың кестесінің 1.53-жолы алып тасталсын;
4) 574-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) лотереялар өткізуді және лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды сатуды;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Лотерея өткізу және лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші оларды сату басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын лотерея билеттерінің, түбіртектердің немесе өзге де құжаттардың әрбір шығарылымын салық органында тіркетуге міндетті.».
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 445-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«445-1-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу»;
2) мынадай мазмұндағы 445-1-баппен толықтырылсын:
«445-1-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея
қызметі туралы заңнамасын бұзу
1. Тираждың және тираждық лотереяның лотерея билеттері бойынша ұтыстардың нәтижелерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімдік баспа басылымдарында белгіленген мерзімде жарияламау немесе лотерея операторының интернет-ресурсында белгіленген мерзімде орналастырмау, -
қызметті тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лотерея операторының лотерея өткізудің бекітілген шарттарының түпнұсқа данасын уәкілетті органға белгіленген мерзімде жібермеуі немесе лотерея өткізудің шарттарын лотерея операторының интернет-ресурсында белгіленген мерзімде орналастырмау, -
қызметті тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
қызметті тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 684-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 73, 74, 75 (бірінші, екінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртінші бөлігінде), 81 (екінші бөлігінде), 82 (екінші бөлігінде), 85, 86 (төртінші бөлігінде), 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екінші бөлігінде), 145, 149, 150, 151 (екінші бөлігінде), 153, 154, 158, 159, 160 (екінші бөлігінде), 169 (екінші, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 171, 173, 174 (екінші бөлігінде), 175, 176, 182, 183, 184, 185, 187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191, 193 (екінші және үшінші бөліктерінде), 199 (екінші бөлігінде), 200, 211 (бірінші бөлігінде), 214, 216, 219, 233 (үшінші бөлігінде), 235, 236, 237, 245, 246, 247 (алтыншы бөлігінде), 251, 252 (екінші бөлігінде), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 283, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 296 (екінші бөлігінде), 299 (екінші бөлігінде), 310, 311, 312 (екінші бөлігінде), 313, 314, 316 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 319, 320, 326 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 333 (екінші бөлігінде), 357, 360 (бірінші бөлігінде), 382 (екінші және үшінші бөліктерінде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екінші бөлігінде), 389, 392 (үшінші бөлігінде), 395 (екінші бөлігінде), 396 (екінші бөлігінде), 397 (төртінші бөлігінде), 398, 399 (екінші және үшінші бөліктерінде), 400 (екінші бөлігінде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлігінде), 405 (бірінші бөлігінде), 407 (екінші және үшінші бөліктерінде), 409 (жетінші бөлігінде), 413, 414, 415 (екінші бөлігінде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екінші бөлігінде), 422, 423 (екінші бөлігінде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екінші бөлігінде), 426 (екінші және үшінші бөліктерінде), 427, 433 (екінші бөлігінде), 434, 436, 439, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 445-1, 446, 449 (екінші және үшінші бөліктерінде), 450, 451, 452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде және тоғызыншы бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында), 453, 454 (екінші бөлігінде), 455 (төртінші бөлігінде), 456, 461, 462, 463, 464 (екінші бөлігінде), 465, 467, 469 (екінші бөлігінде), 470 (екінші бөлігінде), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 485 (екінші бөлігінде), 488, 489 (екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 490, 495 (екінші бөлігінде), 498, 506, 507, 508, 509, 512 (екінші бөлігінде), 513 (екінші бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 519 (төртінші бөлігінде), 528 (бірінші бөлігінде), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екінші бөлігінде), 549, 550, 551 (екінші бөлігінде), 552 (екінші бөлігінде), 563 (екінші бөлігінде), 564 (бесінші бөлігінде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде),583 (екінші бөлігінде), 590 (төртінші бөлігінде), 596 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 604 (екінші бөлігінде), 605 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 606 (екінші бөлігінде), 607 (екінші бөлігінде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртінші бөлігінде), 618, 621 (үшінші бөлігінде), 629, 636 (екінші бөлігінде), 637 (төртінші бөлігінде), 638 (екінші бөлігінде), 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;
4) 804-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органның (214, 444 (бірінші бөлігі), 445, 445-1-баптар);».
5. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,1996 ж., № 8-9, 234-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат, № 8, 44-құжат, 2010 ж., № 8, 41-құжат, 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 11, 67-құжат):
21-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоғамдық бірлестіктің ақша қаражаты, егер оларды төлеу жарғыда көзделген болса, кіру жарналары мен мүшелік жарналардан; ерікті жарналар мен қайырмалдықтардан; жарғыға сәйкес лекциялар, көрмелер, спорттық және басқа шаралар өткізуден түскен түсімдерден; өндірістік және өзге де шаруашылық қызметтен алынған табыстан; заңнамалық актілерде тыйым салынбаған басқа да түсімдерден қалыптасады.».
6. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 142-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 13, 114-құжат):
3-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органның қарыздарды тартуының қажеттілігі мен шарттары туралы шешім қабылдауға;».
7. «Пошта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат, № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 11, 60-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
4-баптың 3-тармағының 14) тармақшасы алып тасталсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат, № 11, 60, 67-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағының 107) тармақшасындағы «сақталуына жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақталуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 108) тармақшамен толықтырылсын:
«108) Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.».
9. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
215-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың қағидалары лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар бойынша ұтыс түріндегі мүлікке қолданылады. Лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар бойынша ақшалай емес ұтыстың құнын лотерея операторы болып табылатын тұлға бюджет кірісінің есебіне жатқызады.
Лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды беру тізімдеме актісі бойынша жүргізіледі, онда лотереяның атауы, лотерея операторының атауы, тираждың нөмірі немесе атауы (болған кезде), жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні және орны (болған кезде), лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың нөмірі және ұтыс мөлшері көрсетіледі.».
10. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат):
көрсетілген Заңға 1-қосымшадағы реттік нөмірі 85-жол алып тасталсын.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті