Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 4 шілдедегі № 233-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжаттар; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      65-баптың екінші бөлігінің 9-1) тармағындағы, 285-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы, 8-4-бөлігіндегі «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат, № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат):
      1) 121-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот материалдарды тәртіп бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасау үшін прокурорға жібереді.»;
      2) 208-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасау үшін прокурорға жібереді.».
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында 355-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi, қаржы және әскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқауларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау»;
      2) 355-баптың тақырыбы мен мәтіні бойынша «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 388-баптың бірінші абзацындағы «Президенттiң Күзет қызметi, Республикалық ұлан» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 619-баптың бірінші бөлігінің 5-2) тармағындағы «Президентiнiң Күзет», 620-баптың 12) тармағындағы «Президенттiң Күзет» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында:
      қырық тоғызыншы абзацтағы «Республикалық ұланның (388-бап),» деген сөздер алып тасталсын;
      елуінші абзацтағы «Президентi Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар):
      256-бапта:
      1-тармақтағы «Республикалық ұланда» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінде (Республикалық ұланда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      62-баптың 4-тармағының төртінші абзацында:
      «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы,» деген сөздер алып тасталсын.
      6. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      638-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Салықтық тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген жағдайда өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіні салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама қылмыстық істі қарау аяқталған соң шығарылады.
      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талаптың ескіру мерзіміне салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңі енгізілмейді.
      Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері көрсетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген салықтық тексеруде қамтылған мәселелерге ғана қолданылады.».
      7. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      184-3-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;»;
      2-тармақтағы «ақталмайтын негіздер бойынша» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; №19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында:
      «тіркелген тергеуге дейінгі» деген сөздер алып тасталсын;
      «материалдары» деген сөзден кейін «бойынша» деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 63-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түпкілікті шешім шығарылғанға дейін, өтініш берушіге, құрылтайшыларға, акциялардың бақылау пакетіне ие акционерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234236286-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу фактілері болған;»;
      3) 490-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) кеден органының лауазымды адамының қылмыс жасағаны үшін соттың оған қатысты айыптау үкімінің заңды күшіне енуі немесе ол қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылуы негіз болып табылады.».
      9. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы
20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат;
1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 23-24, 116-құжат):
      1) 17-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ұлттық қауiпсiздiкке, халықтың денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асырса;»;
      2) 20-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер шығу туралы өтінішхат берген адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілсе не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға жол берілмейді.»;
      3) 34-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініштер бойынша қорытындыларда азаматтардың немесе ұйымдардың елеулі мүдделерімен байланысты өтініш берушінің мемлекет алдындағы орындалмаған міндеттемелері немесе оның мүліктік міндеттемелері туралы, оның қылмыстық қудалануы, сотталғандығы не оның заңды күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеуі туралы не осы адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетіні туралы нақты мәліметтер хабарланады.».
      10. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 2, 8-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат):
      26-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамдардың; бас бостандығынан айыруға сотталғандардың күзеттен қашуының жолын кесу үшiн, сондай-ақ оларды күшпен босату әрекеттерiнің жолын кесу үшiн;».
      11. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат):
      1) 1-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) арнаулы техникалық құралдар – жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ақпаратты табу және оны құжаттау үшін арнаулы функциялары, бағдарламалық қамтамасыз етуі мен конструкциялық ерекшеліктері бар құрылғылар, аппаратура, құралдар, жабдық;»;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері – осы Заңның 2-бабында тізбеленген міндеттерді шешу үшін алынған мәліметтер, құжаттар, заттар не материалдар;»;
      19)21) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) сөйлесулерді жасырын тыңдау және жазып алу – бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, тексерілетін адамның, күдіктінің айтқан ақпаратын жасырын бақылау және оның мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп қою;»;
      «21) телефон және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерді тыңдау және жазып алу – егер тексерілетін адам, күдікті үшінші тұлғаның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе үшінші тұлға телефонды және басқа да сөйлесу құрылғысын пайдаланып, тексерілетін адамға, күдіктіге арналған не тексерілетін адамнан, күдіктіден басқа адамдарға беру үшін ақпарат алады деген мәліметтер болса, тексерілетін адамның, күдіктінің не үшінші тұлғаның айтқан ақпаратын жасырын бақылау және оның мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп қою;»;
      «23) штаттағы жасырын қызметкер – лауазымдық міндеттеріне жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін астыртын түрде жүргізу кіретін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның жұмыскері;»;
      2) 2-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «- қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;»;
      3) 5-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың талап етуі бойынша, құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерді қоспағанда, барлық жедел-қызметтiк құжаттар берiледi.
      Судьяның талап етуі бойынша, жедел-іздестіру қызметін, нақты жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру, ақпарат көздері және оны алу тәсілдері туралы мәліметтерді қоспағанда, жедел-іздестіру құжаттары беріледі.»;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қылмыс жасады деген кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденбеген, сондай-ақ өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілмеген адамдарға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап бір жыл сақталады, содан соң жойылады. Өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталмаған адамдардың телефон арқылы және өзге де сөйлесулерін тыңдау нәтижесінде алынған фонограммалар мен басқа да материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде жойылады, ол жөнінде хаттама жасалады. Прокурордың санкциясы негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін көрсететін материалдар жойылатын күннен үш ай бұрын ол жөнінде тиісті прокурор хабардар етіледі.»;
      4) 6-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;»;
      5) 7-баптың б) және д) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «б) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді, олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеуді қамтамасыз етуге, тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу туралы жазбаша тапсырмаларын орындауға;»;
      «д) жедел-iздестiру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзу кезінде, сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін көрсететін материалдарды қылмыстық процесте пайдалану үшін беру кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету және ақпарат көздерiнің құпиясын ашуға жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.»;
      6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «8-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын
               органдардың құқықтары
      Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың:
      1) өз құзыреті шегінде осы Заңның 11-бабында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шараларын жария және жасырын, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде айқындалған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге;
      2) жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке алу мен ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға;
      3) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша жеке және заңды тұлғалардың, әскери бөлімдердің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлік құралдарын, сондай-ақ өзге де мүлкін, залал келтірілген жағдайда сол залалды, сондай-ақ шығыстарды иелеріне жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың есебінен өтей отырып пайдалануға;
      4) астыртын ұйымдар құру мақсатында, жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың жұмыскерлерін, бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын шифрлайтын құжаттарды пайдалануға;
      5) қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегін пайдалануға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты өтеусіз алуға және пайдалануға;
      7) Қазақстан Республикасының аумағында жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға құқығы бар басқа да органдардың күші мен қаражатын жекелеген іс-шаралар жүргізу үшін осы органдармен келісу бойынша тартуға;
      8) осы Заңның 11-бабында көзделген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында ғана тәуліктің кез келген уақытында ұйымдардың аумағына және үй-жайларына, ал, күзетуді әскери жарғыларға сәйкес әскери қызметшілер, сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметшілері жүзеге асыратын әскери бөлімдер мен басқа да режимдік объектілердің аумағына – олардың басшыларымен не құрамында режимдік объектілері немесе әскери бөлімдері бар орталық мемлекеттік органдар басшыларымен келісу бойынша кедергісіз кіруге;
      9) жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді оларды растайтын материалдарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тіркеуге және (немесе) тергелуі бойынша беруге құқығы бар.»;
      7) 10-баптың 1-тармағының а) және в-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «а) сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарының болуы;»;
      «в-1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның бірінші орынбасарының не орынбасарларының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың қаулылары, сондай-ақ прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқаулары;»;
      8) 11-бапта:
      2-тармақта:
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) ұстап алынған адамдардың жеке басын жете тексеруді, оларда болатын қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алып қоюды, сондай-ақ, тұрғын үй-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді куәгерлердің қатысуымен жүзеге асыру.
      Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеру, көлік құралдарын, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып жете тексеру куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақта көзделген жалпы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақта көзделген арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 5), 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының ережелеріне сәйкес іздестіру шаралары ретінде жүзеге асырылуы мүмкін.»;
      9) 12-бапта:
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілеріндегі және күзет іс-шараларын жүргізу аймағындағы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүзеге асырылады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары:
      1) егер тексерілетін адам үшінші тұлғаның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе үшінші тұлға телефонды және басқа да сөйлесу құрылғыларын пайдаланып, тексерілетін адам үшін не тексерілетін адамнан басқа адамдарға беру үшін ақпаратты алады деген мәліметтер болса, тексерілетін адамға не үшінші тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу және ақпараттың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеу мақсатында;
      2) тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көзделген қылмыстарды, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу мақсатында тексерілетін адамдарға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен жүргізіледі.
      Осындай іс-шараларды жүргізуге санкцияны жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары не орынбасарлары, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары мен  оларға теңестірілген прокурорлар береді.
      Осы Заңның 6-бабында тізбеленген барлық органдардың міндеттерді шешуі мүддесінде байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық жағынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады, бұл үшін оларға қажетті күштер мен қаражаттар бөлінеді.
      Байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
      Барлау ақпаратын алу, Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтері мен құралдарын беретін жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасы мен байланыс желілеріне қосылуды болғызбайтын телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті орган басшыларының біреуінің уәжді қаулысы негізінде, прокурорды хабардар ете отырып және кейіннен, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде санкция ала отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол беріледі.
      Белгіленген мерзімде прокурордың санкциясы алынбаған кезде арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы дереу тоқтатылуға жатады.
      Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.»;
      10) 25-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу кезінде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге, тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасайды;».
      12. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      20-5-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда, бiрақ адамның іс-әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iсті тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей, бірақ теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.».
      13. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат):
      16-баптың 1-тармағының бесінші абзацындағы «Республикалық ұланының» деген сөздер «Мемлекеттік күзет қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
      14. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы»;
      2) Заңның бүкіл мәтіні бойынша «Қазақстан Республикасының Президенті Күзет», «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет», «Қазақстан Республикасы Президенті Күзет», «Президент Күзет» және «Президенттiң Күзет» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының функцияларын атқаратын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері, мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі бланкілері, өзінің рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шоттары болады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туының, жалауының, рәмізінің және айырым белгілерінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;

      «2-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет
              қызметінің мiндеттерi

      Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және басқа да күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
      3) күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) өз өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
      5) күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнетін қатерлердi болжау және анықтау, олардың алдын алу және залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар кешенін жүзеге асыру;
      6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру және рәсімдік және хаттамалық іс-шараларды атқаруға қатысу Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өзге де мiндеттерi белгіленуі мүмкін.»;
      4) 3-баптың бірінші бөлігі «құрметтеу» деген сөзден кейін «, дара басшылық» деген сөзбен толықтырылсын;
      5) 8-баптың 1), 2), 3), 4) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қолсұғатын құқық бұзушылықтарды болдырмау және олардың жолын кесу; бұлардың ықтимал жасалуына ықпал ететiн мән-жайларды анықтау және өз құқықтары шегiнде оларды жою үшiн шаралар қолдану;
      2) құқық бұзушылықтардан және жазатайым оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсiз күйде не денсаулығы мен өмiрiне қауіпті өзге де жағдайда болатын күзетiлетiн адамдарға көмек көрсету. Күзетiлетiн адамдарға медициналық қызмет көрсетумен байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге өз құзыреті шегінде қатысу;
      3) күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiне немесе күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар мен оқиғалар жөніндегі мәлiмдеулердi, хабарларды және келiп түсетін өзге де ақпаратты қабылдап алу, заңнамада көзделген шараларды уақтылы қолдану;
      4) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтау мен iздестiруде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсету;»;
      «8) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ оның ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастыру. Президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірлескен бұйрықтарымен айқындалады;»;
      6) 9-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) күзетілетін объектілерге кіру (көлікпен кіру) кезінде және олардан шығу (көлікпен шығу) кезінде азаматтарды (күзетілетін адамдарды қоспағанда) жеке жете тексеру, олардың алып жүрген заттарын жете тексеру, көлік құралдарын және олармен алып өтетін заттарды, оның ішінде техникалық құралдар қолданыла отырып жете тексеру жүргізу. Күзетілетін объектілерге заттар мен заттектерді алып өтуге тыйым салу. Күзетілетін объектілерге алып өтуге тыйым салынған заттар мен заттектердің тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы айқындайды;»;
      мынадай мазмұндағы 9-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру;»;
      «10-1) Мемлекеттік күзет қызметінің орналасу орнынан тыс жерде уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын айрықшаланған бөлімшелер құру;»;
      13) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланының және басқа да мемлекеттік органдарының» деген сөздер «ішкі істер органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 10-бапта:
      баптың тақырыбы мен мәтіні бойынша «атыс қаруы», «атыс қаруын» деген сөздер тиісінше «қару», «қаруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қызметшiлердiң» деген сөз «қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің» деген сөздермен ауыстырылып, «қызметкері», «қызметкерінiң», және «қызметкерлерінiң» деген сөздерден кейін тиісінше «және әскери қызметшісі», «(әскери қызметшісінің)», «және (немесе) әскери қызметшілерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 11-бапта:
      «қызметкерлерiнiң» деген сөзден кейін «және әскери қызметшілерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      «қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықты тыйып тастау» деген сөздер «қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 12-баптың бірінші бөлігінде:
      бірінші абзац «қызметкерлерiнiң» деген сөзден кейін «және әскери қызметшілерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшада:
      «қызметкерлерiне» деген сөзден кейін «, әскери қызметшілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
      «осы Қызмет» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы «Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерiне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақша «қызметкерінiң» деген сөзден кейін «және (немесе) әскери қызметшісінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 13-бапта:
      баптың тақырыбында және мәтіні бойынша «Атыс қаруын», «атыс қаруы», «атыс қаруын» деген сөздер тиісінше «Қаруды», «қару», «қаруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қызметкерлерiнiң», «қызметкерлерiне», «қызметкерінiң», «қызметкерлерi» деген сөздерден кейін тиісінше «, әскери қызметшілерінің», «, әскери қызметшілеріне», «, әскери қызметшісінің», «, әскери қызметшілері» деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бөліктің 5) тармақшасындағы «қылмыс» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерiнiң қаруды, бұдан басқа, мынадай жағдайларда да қолдануға құқығы бар:
      1) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндірсе және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінiң, әскери қызметшісінің талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;
      2) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
      3) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін.»;
      «Адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, дене күші, арнайы құралдар, қару мен жауынгерлiк техника қолданылған әрбір жағдай туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурор хабардар етіледі.»;
      11) 14-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларын қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер құрайды.»;
      үшінші бөліктегі «қызметінің» деген сөз «қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
      «15-1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімдері мен бөлімшелерінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері осы Заңда және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7151922242937-баптарында56 және 9-тарауларында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызмет өткереді.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері:
      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтар;
      2) ерікті негізде келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері;
      3) запастан шақырылған әскери қызметшілер қатарынан жасақталады.
      Азаматтарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке шақыруды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi iрiктеп алуға басымдық берiледi.»;
      13) 17-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы»;
      баптың мәтіні бойынша «қызметкерлері», «қызметкерлеріне», «қызметкерлерінің», «қызметкерлерін», «қызметкері» деген сөздерден кейін тиісінше «, әскери қызметшілері», «, әскери қызметшілеріне», «, әскери қызметшілерінің», «, әскери қызметшілерін», «, әскери қызметшісі» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөліктегі «Қызметкерлердің, Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерінің» деген сөздер «Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 18-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «18-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
               қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің
               қызметтік мiндеттерi мен құқықтары»;
      баптың мәтіні бойынша «қызметкерлері», «қызметкерлерінiң», «қызметкерлерін» деген сөздерден кейін тиісінше «, әскери қызметшілері», «, әскери қызметшілерінің», «, әскери қызметшілерін» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      2) тармақшадағы «қылмыстарды, әкiмшiлiк» деген сөздер алып тасталсын;
      4) тармақшадағы «құқық бұзған немесе қылмыстар» деген сөздер «құқық бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшада:
      «қылмыстарды болғызбау,» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қылмыстар жасаған немесе олардың жасалуына күдiкті адамдарды қудалаумен ұстау үшiн» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе оларды жасады деп күдік келтірілген адамдарды қудалау және ұстау үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшадағы «қылмыстардың» деген сөз «қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың» деген сөздермен, «қылмыс жасаудағы күдiктілерді» деген сөздер «қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілгендерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 19-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің жеке қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалу кепiлдiктерi»;
      екінші бөлік «қызметкерінің» деген сөзден кейін «, әскери қызметшісінің» деген сөздермен толықтырылсын.
      15. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiркелкі қолданылуына, сотқа дейінгі іс жүргізудің, жедел-iздестiру қызметiнiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.»;
      2) 4-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;»;
      3) 9-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін ведомстволар, мекемелер құрылуы мүмкін.»;
      4) 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа, Сенаттың келiсiмiнсiз өз өкiлеттiктерi мерзiмi iшiнде ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларына, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.»;
      5) 11-баптың 4-2) тармақшасындағы «, анықтау мен тергеудi» деген сөздер «және жасырын тергеу әрекеттерін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 12-баптың 5-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) жедел-iздестiру қызметiн, жасырын тергеу әрекеттерін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;»;
      7) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлардың қарамағында қадағалау салалары бойынша орынбасарлар, аға прокурорлар және прокурорлар болады.»;
      8) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық іс бойынша, тәртіптік іс жүргізуді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қозғау туралы қаулылар шығарады.»;
      9) 21-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Прокурор:»;
      3)5-1) және 5-4) тармақшалар алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) азаматтардың Конституциямен және заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін қозғайтын жедел-iздестiру іс-шаралары мен тергеу әрекетiн, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзуге;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Көрсетiлген әрекеттердi жасауға санкцияны (келісімді) не оны беруден бас тартуды прокурор санкцияны сұрауға негiз болған материалдарды зерделегеннен кейiн жиырма төрт сағат iшiнде лауазымды адамның қаулысына бұрыштама және қол қою арқылы ресiмдейдi.»;
      10) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «22-бап. Нұсқау

      1. Прокурор:
      1) қылмыстық iстердi тергеп-тексеруге байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына;
      2) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдарға;
      3) заңнамада белгiленген өзге де жағдайларда нұсқау бередi.
      2. Республика Бас Прокурорының жедел-iздестiру қызметi, жасырын тергеу әрекеттері және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк сипаттағы нұсқауы барлық тергеу және анықтау органдарының, жедел iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың орындауы үшін мiндеттi.»;
      11) 29-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) сотқа дейінгі тергеуді бастайды не қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізу үшін қылмыстық қудалау органына береді;»;
      3) тармақшадағы «қылмысты iс қозғау, тәртіптік іс жүргізу немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу» деген сөздер «тәртіптік іс жүргізуді немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қозғау туралы,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 35 және 38-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «35-бап. Прокурордың жедел-iздестiру қызметі мен жасырын
               тергеу әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз ету
               жөнiндегi өкiлеттiгi

      Жедел-iздестiру қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
      1) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдармен жасырын негiзде ынтымақтасатын немесе ынтымақтасқан құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәлiметтерден басқа, жедел-iздестiру қызметiнiң тоқтатылған және іс жүргiзуінде жатқан iстерiн, қылмыстық істерді, жедел-iздестiру қызметiнiң және жасырын тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелері туралы материалдарды, құжаттарды және басқа да қажеттi мәлiметтердi алады;
      2) арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін, оның ішінде байланыс желісінде жүзеге асырудың заңдылығын тексеруді жүргізеді;
      3) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағымдар мен өтiнiштердi қарайды;
      4) Конституцияға, заңдарға және Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн, жедел-iздестiру қызметін және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастыруды және өткiзу тактикасын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге наразылық білдіреді;
      5) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде заңның, адам және азамат құқықтарының бұзылғаны анықталған жағдайда, өзiнiң қаулысымен жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін тоқтатады;
      6) жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды немесе тәртiптiк iс жүргізуді қозғайды;
      7) жедел-iздестiру қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша осы Заңда көзделген прокурорлық қадағалаудың басқа да актiлерiн шығарады;
      8) заңсыз ұстап алынған адамдарды босатады;
      9) қажет болған кезде заң бұзушылықты жою мақсатында жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздерiне бағынысты органдарда тексеру жүргiзудi талап етедi;
      10) заңнамада белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзуге санкция бередi.»;

      «38-бап. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің
               заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі
               өкілеттіктері

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
      1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарынан қылмыстық істерді, қылмыстық құқық бұзушылықтар, жедел-іздестіру қызметі, жасырын тергеу әрекеттері, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы құжаттарды, материалдарды және өзге де мәліметтерді тексеру үшін алады;
      2) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңдылықтың сақталуын тексереді;
      3) қылмыстық қудалау органының күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды немесе үйқамаққа алуды санкциялау туралы өтінішхатын тергеу судьясы алдында қолдайды не қолдаудан бас тартады, кепілді қолдануды санкциялайды;
      4) қажет болған жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды және жүргізеді, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу туралы нұсқаулар береді;
      5) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың заңсыз қаулыларының күшін жояды;
      6) егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеп-тексерудің заңсыз әдістеріне жол берілсе, кінәлі адамдардың жауаптылығы туралы мәселе қояды;
      7) сотқа дейінгі тергеп-тексеру толық болмаған, сондай-ақ заңдылықтың бұзылуына жол берілгені белгілі болған жағдайларда, қылмыстық істі қосымша тергеп-тексеруге қайтарады не оны толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты тоқтатады;
      8) айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді, қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жібереді;
      9) қажет болған жағдайда заңның бұзылуын жою, қылмыстық құқық бұзушылықтардың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсатында тергеу бөлімшелері мен анықтау органдарының басшыларынан өздеріне бағынысты органдарда тексеру жүргізуді талап етеді;
      10) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары басшыларының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымдарды қарайды;
      11) бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамдарды күзетпен ұстаудың заңнамада белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді;
      12) заңда белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
      2. Прокурордың өз құзыреті шегіндегі нұсқаулары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үшін міндетті.»;
      13) 41-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаны және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын қолданудың заңдылығы мен негізділігін тексеруге;»;
      14) 44-баптың 1)4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) адамның құқықтары, күзетпен ұсталатындар мен сотталғандарға ізгілікпен қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен халықаралық шарттарының дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын талап етуге;»;
      «4) ұстап алынғандардан, күзетпен ұсталатындардан, сотталғандардан және мәжбүрлеу сипатындағы шаралар қолданылатын адамдардан жауап алуға;
      5) адамдарды ұстап алуға, күзетпен ұстауға, олардың жазасын өтеуіне, сондай-ақ мәжбүрлеу сипатындағы өзге де шаралар қолдануға негіз болған құжаттарды талап етуге;»;
      15) 46 және 47-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «46-бап. Қылмыстық қудалау жөніндегі өкілеттіктер

      Қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
      1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға, оны анықтау немесе тергеу органына тергеп-тексеру жүргізу үшін беруге не оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқылы;
      2) тергеу, тергеу-жедел тобын басқарады, қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді;
      3) тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысады;
      4) заңда көзделген жағдайларда жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттері мен шешімдерін санкциялайды не оларға санкция беруден бас тартады;
      5) қылмыстық қудалаудан иммунитеті мен артықшылықтары бар адамдарды ешкімнің тиіспеуінен айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұсыну енгізеді;
      6) процестік келісімге бастамашылық етеді және оны жасасады, жасалған процестік келісімнің нысанасы болып табылатын қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеруді ұйымдастыруға шаралар қолданады;
      7) заңда көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды тоқтатады;
      8) қылмыстық істі сотқа жібереді;
      9) заңда белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

       47-бап. Істі сотқа жіберу

      1. Прокурор айыптау актісімен не қылмыстық теріс қылық туралы хаттамамен келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде, анықтау мен тергеу органдарының заңнама талаптарын сақтауын және істі сотқа жіберу үшін негіздердің жеткілікті екендігін тексеруге міндетті.
      2. Қылмыстық істің сотта қаралуына жеткілікті негіздер болған кезде прокурор айыптау актісін не қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді және істі сотқа жібереді.
      3. Істі сотқа жіберген кезде прокурор:
      1) заңда көзделген негіздер бойынша, қылмыстық істің бір бөлігін, оның ішінде адамға қатысты тоқтатуға;
      2) айыптау актісінен жекелеген айыптау тармақтарын алып тастауға, сондай-ақ онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға;
      3) бұлтартпау шарасын таңдауға, өзгертуге немесе оның күшін жоюға;
      4) заңда белгіленген өзге де әрекеттерді орындауға құқылы.».
      16. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      13-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстау үшін уақытша ұстау изоляторлары, тергеу изоляторлары бар болуға. Жекелеген жағдайларда, құқық қорғау органдары мен соттар ұстап алғандарды және күзетпен ұсталатындарды, сондай-ақ сотталғандарды ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша ұстау үшін пайдаланылады;».
      17. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      118-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарының негізінде қылмыстық iстiң тоқтатылуына байланысты үкімнің күші жойылуы нәтижесінде жазаны өтеуден босатылған, заңсыз сотталу салдарынан тұрғынжайынан айырылған адамдарға бұрынғы тұрғынжайын қайтару мүмкіндігі болмаған кезде, егер тұрғынжай беру туралы талап ақталғаннан кейін бір жылдың ішінде мәлімделсе;».
      18. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 144-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат):
      6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот приставы лауазымына бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адамдар тағайындала алмайды.».
      19. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат;Ұ 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 7-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мынадай:
      қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
      теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған;
      адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған;
      осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3)4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам да осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы адвокат бола алмайды.»;
      2) 12-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
      3) 14-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Адвокаттың ұстап алынғандарды, күзетпен ұсталатындарды және жазасын өтеп жатқандарды ұстау орындарына кiруi белгiленген өткізу режиміне сәйкес жүзеге асырылады.».
      20. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы
2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат, № 14, 72-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      13-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған жағдайда, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде, жазалау осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімдерде қолданылады.».
      21. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы»
1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; №13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат, № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      18-7-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына береді;».
      22. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат):
      22-баптың 1-тармағындағы «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын.
      23. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 2-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) тергеу изоляторы – өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстар орындау үшін қалдырылған не түзеу мекемесінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жіберілген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабында көзделген тәртіппен ауыстырылған сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме;»;
      2) 5-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына орналастыру судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады;
      2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алынғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру тергеуші не анықтаушы толтырған ұстап алу хаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
      Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолының болмауы салдарынан тергеу изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
      Кәмелетке толмаған күдіктіні өмір сүру және тәрбиелену жағдайы бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдыру мүмкін болмаған жағдайларда, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 540-бабында көзделген тәртіппен заңға сәйкес бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымға орналастырылуы мүмкін;»;
      3) 7-баптың 3-тармағындағы «Қылмыс» деген сөз «Қылмыстық құқық бұзушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілер және айыпталушылар, заңнамада көзделген негіздер бойынша сараптама тағайындау қажет болған жағдайда, сондай-ақ оларға медициналық көмек көрсету жағдайында осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен медициналық мекемелерге орналастырылады.»;
      5) 15-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) күдіктілер мен айыпталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу;»;
      6) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтері бар, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға қатысты осы Заңның 19-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіп қолданылады.»;
      7) 33-баптың 7-тармағындағы «жедел-іздестіру шаралары» деген сөздер «жедел-іздестіру іс-шаралары және жасырын тергеу әрекеттері» деген сөздермен ауыстырылсын.
      24. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 7) тармақшасының екінші бөлігіндегі «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, күзетілуге жататын өзге де күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, күзет іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операциялар өткізіледі;»;
      3) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінiң бастығы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетiлуге жататын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операцияны өткiзу кезiнде республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.
      Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтың басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан тағайындайды.»;
      4) 15-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      25. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 10-баптың 4-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 6-4) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-4) өзіне қатысты мемлекеттік қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
      7-1) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
      «9) қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған;
      қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы өзіне қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды қабылдауға болмайды.»;
      2) 26-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1. Мыналар:
      сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан шығарылған адамды, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік қызметке қабылдау;
      қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы өзіне қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік қызметке қабылдау мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.»;
      3) 27-баптың 1-тармағының 7-2) және 7-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан шығарылған адамды, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;
      қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы өзіне қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның ең төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;
      7-3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының немесе соттың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатуы;»;
      4) 28-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру не қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, бірақ адамның іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде, тәртіптік жаза сотқа дейінгі тергеп-тексеруді не қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.»;
      26. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат, 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
      3. Осы Заңның 2-бабында көрсетілген органдар Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, өз құзыреті шегінде осы Заңның негізінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.»;
      2) 3-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қылмыстардың алдын алуға немесе оларды ашуға ықпал ететін адамдарға қатысты зорлық-зомбылық немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекеттер жасалуының нақты қатері болған кезде, оларға қатысты да мемлекеттік қорғау шаралары қолданылуы мүмкін.»;
      3) 23-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Соттан басқа, қылмыстық процесті жүргізетін орган қауіпсіздік шараларының қабылдануына қарамастан, қылмыстық процеске қатысушы адамға қатысты қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттің жасалу қатерінің анықталуына негіздер болған кезде осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге міндетті.».
      27. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 10-баптың 6-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
      2) 15-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың басшылары, жұмыскерлері, жеке тұлғалар психикалық ауруына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмайтын, заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы жоқ не қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.».
      28. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат, 2010 ж., № 24, 143-құжат, 2013 ж., № 14, 75-құжат):
      9-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған адамдар дипломатиялық қызмет органдарына қабылданбайды.».
      29. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат, № 8, 64-құжат, 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 8-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жедел-iздестiру іс-шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге, олардың нәтижелерiн қылмыстық процесте пайдалану үшiн тiркеуге, қылмыстарды ашуға, іс жүргізуіндегі қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын және прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ соттың қаулыларын орындауға;»;
      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның сауалдары бойынша тексерулер жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты басталған, іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша мәліметтерді және құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;
      12) уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының сауалдары бойынша оңалту немесе банкроттық рәсімін жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты басталған, іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша мәліметтерді және құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.»;
      2) 9-баптың 1-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) сотқа дейінгі іс жүргізуде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қажетті зерттеулерді жүргізуге;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға, сотқа дейінгі іс жүргізуде ғылыми-техникалық зерттеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге;».
      30. «Акционерлiк қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; №17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат, № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжат, № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат, 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      63-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласында немесе коммерциялық немесе өзге де ұйымдар қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыстарды жасағаны үшін сот кінәлі деп таныған, сондай-ақ көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған қоғамның лауазымды адамдары заңда белгіленген тәртіппен сотталғандығы жойылған немесе алынған не қылмыстық жауаптылықтан босатылған күннен бастап бес жыл бойы қоғамның лауазымды адамдары, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілі міндеттерін орындай алмайды.».
      31. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      12-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды;».
      32. «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 104-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
      5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың және өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар, сондай-ақ наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған не соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуына жол берілмейді.».
      33. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат, № 24, 149-құжат, 152-құжат; 2011ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат):
      1) 14-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өздеріне қатысты қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмағанына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы шығарылғаннан кейін қоғамға қауіпті іс-әрекетті қайтадан жасаса;»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы ұсынуды ішкі істер органдары көрсетілген кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған күннен бастап отыз тәулік ішінде сотқа жібереді.».
      2) 19-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде босатылған;»;
      3) 28-баптың 2-тармағындағы «ақталмайтын негіздер бойынша» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 36-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала барудың нәтижелері бойынша есептері негізінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді қозғау не сотқа дейінгі тергеу жүргізу туралы өтінішхатпен жүгінуге құқығы бар.».
      34. «Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 151-құжат; 2009 ж., № 9-10, 47-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 15, 76-құжат):
      11-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар не өзіне қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған адам;».
      35. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат):
      1) 1-баптың 11) тармақшасындағы «Республикалық ұлан» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 19-баптың екінші бөлігіндегі және 29-баптың 2-тармағындағы «Республикалық ұлан,» деген сөздер алып тасталсын.
      36. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат, 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат):
      1) 5-бапта:
      бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру iсiн жүргiзу;»;
      екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу;»;
      2) 7-баптың бірінші бөлігінде:
      «анықтау жүргiзу» деген сөздер «сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының,» деген сөздер алып тасталсын;
      3) 7-1-баптағы «анықтау ісін жүргiзу» деген сөздер «сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 8-баптың 9) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргiзуге;»;
      «11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан және ұйымдардан іс жүргізуіндегі қылмыстық iстер бойынша ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға;»;
      5) 9-баптың 5) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтар; өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде азаматтық персонал адамдары жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзуге;»;
      «14) қылмыстық процесті жүргізетін органдардың жазбаша талаптары бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күзетпен ұсталатындарды айдауылмен апаруды қамтамасыз етуге;»;
      6) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Әскери полиция органдарына қызметке:
      1) өздеріне қатысты қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік органдардан теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған адамдар;
      2) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдар қабылданбайды.».
      37. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5,23-құжат; №7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; №6, 49-құжат, № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      11-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Құқық қорғау органдары прокурордың санкциясы, сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде тергеу органдарының қаулысы негізінде не соттың қаулысы негізінде жеке кәсіпкерлік субъектісінен де, мемлекеттік органдардан да қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады.».
      38. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; №3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      39-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) шарттың орындалуына байланысты тапсырысшының және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, жұмыстар бойынша шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;».
      39. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 17-18, 70-құжат, 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
      17-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қылмыс жасағаны үшін Ассамблея мүшесіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;».
      40. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат; 2010 ж., № 24, 153-құжат, 2012 ж., № 5, 39-құжат):
      2-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстап алуға, күзетпен ұстауға не үйқамаққа алуға, оны күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жаза қолдануға, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы мәселені шешу үшін қорытынды ұсынады;».
      41. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат, № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      27-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін материалдарды құқық қорғау органдарына береді;».
      42. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 3-құжат; 2013 ж., № 13, 64-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 12-баптың 8-тармағының екінші абзацының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
      2) 16-баптың 3-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «адам қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;».
      43. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27 құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      143-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанда;».
      44. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      15-баптың 5) және 7) тармақшаларындағы, 31-баптың 3-тармағындағы, 33-баптың 3-тармағындағы, 54-баптың 8-тармағындағы, 90-баптың 8-тармағындағы және 106-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын.
      45. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 16-баптың 7-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;»;
      2) 29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тексерілетін субъект мемлекеттік органдардың қылмыстық істі тергеп-тексеруге байланысты әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.».
      46. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат):
      1) 6-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам қабылданбайды.»;
      2) 38-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған жағдайда қызметкер осы Заңда белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.»;
      3) 57-баптың 11 және 12-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Қызметкерге қатысты қызметтік тергеп-тексеру не сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген немесе сот қараған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жағдайларда, кінәлінің ауырғанына байланысты жұмыста болмауы немесе демалыста, іссапарда болуы уақытын есептемегенде, тиісінше тергеп-тексеру аяқталған, қылмыстық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы процестік шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тәртіптік жазалау қолданылады.
      12. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған жағдайларда, бірақ қызметкердің әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде, жазалау сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болған кезде үш айдан кешіктірілмей қолданылады.»;
      4) 80-бапта:
      1-тармақтың 12-1) және 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1) аумақтық құқық қорғау органының басшысы -
      а) қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудан жасыруға;
      б) бағынысындағы қызметкердің азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ бөлімінде көзделген, заңды күшіне енген сот актілерінде не қылмыстық қудалау органдарының Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдерінде белгіленген конституциялық құқықтарын өрескел бұзумен байланысты қылмыс жасауына;
      в) азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарыда көрсетілген бөлімінде көзделген конституциялық құқықтарын бұзумен байланысты тәртіптік теріс қылықтардың ұдайы жасалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін;»;
      «15) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыс туралы қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуына байланысты;»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзумен байланысты тәртіптік теріс қылықтардың ұдайы жасалуы сандық есеппен көрсетіледі және бұлардың алғашқысы жасалған күннен бастап ретімен келетін күнтізбелік он екі ай ішінде бағынысындағы қызметкерлердің үш және одан да көп бұзушылық жасағаны осындай деп танылады.».
      47. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1-баптың 11-1) тармақшасындағы, 6-баптың 12-2) және  12-3)тармақшаларындағы, 7-баптың 21-1) және 21-2) тармақшаларындағы, 18-баптың 8-1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын,», «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына,» деген сөздер алып тасталсын.
      48. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      56-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстап алынған не күдікті, айыпталушы ретінде жауапқа тартылған болса, не оған қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылса - іс бойынша шешім шығарылғанға немесе сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін;».
      49. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметі – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының функцияларын атқаратын, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдастырушы және үйлестіруші орган болып табылатын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган;».
      50. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат, № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат):
      1) 1-баптың 4)5) және 6) тармақшаларындағы «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-баптың 2-тармағындағы «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 7-баптың 2-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
      9)10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған;
      10) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе зайыбы (жұбайы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
      11) жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) не зайыбы (жұбайы) немесе оның жақын туыстары ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған;»;
      4) 26-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 33-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қызметкерге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын қолдануға байланысты қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін уәкілетті басшының қарамағында болу;»;
      6) 49-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында айқындалған мән-жайларды қоспағанда, уәкілетті басшының қарамағында толық алты айға дейін болған кезде, қызметкердің бар тәжірибесі мен білімін пайдалану мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ ұсынылған лауазымнан бір рет бас тартқан кезде;»;
      7) 51-баптың 14 тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде босатылуы;»;
      8) 52-баптың 1-тармағындағы, 2-тармағының 2) тармақшасындағы «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 68-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қылмыстық iс тоқтатылған жағдайларда, бiрақ қызметкердің әрекеттерiнде тәртiптiк терiс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде, жазалау қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешiктiрiлмей, ал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болғанда, үш айдан кешіктірілмей қолданылады.»;
      10) 78-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі «Президенті Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен, 10-тармағындағы «Республикасының Президенті Күзет» деген сөздер «Республикасы Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын.
      51. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат):
      1) 6-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) егер өзге тәсілдермен және құралдармен қылмыскердің қарсылығын еңсеру, ұстау немесе қаруын алу мүмкін болмаса, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қарулы қарсылық көрсететін не ауыр, аса ауыр қылмыс жасау кезінде қолға түскен адамды, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талаптарды орындаудан бас тартқан қаруланған адамды ұстап алу;»;
      «6) өздеріне қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған адамдардың күзеттен қашуының жолын кесу, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың қашып кетуінің жолын кесу, сондай-ақ оларды күштеп босатуға жасалған әрекеттердің жолын кесу;»;
      2) 21-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әскери қызметшіге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданылуына байланысты командирдің (бастықтың) қарамағында болған жағдайда – қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін;»;
      3) 26-баптың 1-тармағы 13) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
      қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылуы;»;
      4) 38-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) қызметке кіргенге дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке кіргенге дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстенің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
      5) 51-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;».
      52. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 12-құжат):
      6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген жағдайларда, жүргізушінің куәлігі, әскери билет және туу туралы акті жазбасы жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылуы мүмкін.».
      53. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат):
      25-баптың 6-тармағындағы, 54-баптың 3-тармағы 7) тармақшасының үшінші абзацындағы «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын.
      54. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 44-құжат):
      1-баптың 13-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) 5-баптың бірінші бөлігінде:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      7-2) әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу;»;».
      55. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат):
      1) 5-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырады;»;
      2) 11-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) ұстап алынғандарды, күзетпен ұсталатындарды, қамаққа алынғандарды және сотталғандарды күзетуді және айдауылдауды бақылауды қамтамасыз етеді;».
      2-бап.
      1. Осы Заңның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1345-тармақтарын, 11-тармағының 4) тармақшасын9) тармақшасының екінші, үшінші және он екінші абзацтарын, 1314222435-тармақтарын, 36-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацын, 444749-тармақтарын, 50-тармағының 1)2)4)8) және 10) тармақшаларын5354-тармақтарын қоспағанда, осы Заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады