Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 шілдедегі № 774 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен жалпы құны 6488273300 (алты миллиард төрт жүз сексен сегіз миллион екі жүз жетпіс үш мың үш жүз) теңге болатын «Орал қаласындағы әуежайдың жасанды ұшу-қону жолағын, рульдеу жолын және перронды реконструкциялау, 1-кезек» жобасы бойынша ұшу-қону жолағын реконструкциялауға 3816870570 (үш миллиард сегіз жүз он алты миллион сегіз жүз жетпіс мың бес жүз жетпіс) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов