Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат, № 12, 57-құжат, № 14, 72, 75-құжаттар, 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, № 12, 52-құжат, № 14, 82, 84-құжаттар, 2014 жылғы 2 қазандағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
160-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«160-бап. Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі»;
мынадай мазмұндағы 161-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«166-1-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама»;
2) 1-бапта:
8) және 38) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) валидация (детерминация) – тәуелсіз аккредиттелген ұйымның парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде қондырғы паспортының, сондай-ақ жобалық шешімдер мен құжаттамалардың әдістемелерін пайдаланудың және оларды дайындау тәртібінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына тексеруі;»;
«38) қондырғы – өзара бірыңғай технологиялық процеспен байланысып, бір өндірістік алаңда орналастырылған парниктік газдар шығарындыларының стационарлық көзі немесе парниктік газдар шығарындылары стационарлық көздерінің тобы;»;
мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:
«62-1) парниктік газдар шығарындыларының стационарлық көзі – бір қондырғыда (өндірістік алаңда) пайдаланылатын, парниктік газдар шығарындыларының түзілу, босатылу және ауыстырылмайтын көзі немесе жұмыс істеуі үшін белгіленген қалыпты қажет ететін парниктік газдар шығарындыларының жылжымалы көзі;»;
3) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін, оның ішінде белгісіз тұлғалар тобының мүддесінде қорғау үшін сотқа жүгінуге;»;
4) 16-бапта:
7) тармақшаның үшінші абзацындағы «қағидаларын бекітеді;» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу тәртібін;
қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын бекітеді;»;
9) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшері резервін және көлемі резервін қалыптастыру қағидаларын;»;
5) 17-бапта:
мынадай мазмұндағы 20-4) тармақшамен толықтырылсын:
«20-4) Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;»;
28-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28-5) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшері резервін және көлемі резервін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 28-9) және 28-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-9) қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлейді;
28-10) Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу тәртібін әзірлейді;»;
29) тармақшаның отыз екінші абзацындағы «қағидаларын бекітеді;» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз үшінші және отыз төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын;
жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесін бекітеді;»;
30) тармақшаның он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу тәртібін;»;
6) 41-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының негіздемесін;
11-2) қалдықтарды басқару бағдарламасының негіздемесін;»;
7) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«57-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жариялылығы және
халықтың шешiмдер қабылдауға қол жеткiзуi
1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі шешімдерді қабылдауға қатысуы қоғамдық тыңдаулар өткізу арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Қоғамдық тыңдаулар:
1) ауыл және орман шаруашылығы, тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтармен жұмыс істеу салаларында, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбеге сәйкес шаруашылық қызметінің түрлері бойынша;
2) табиғат пайдаланушының қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында көзделетін;
3) осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері болып табылатын жобалар бойынша өткізіледі.
3. Жобаға тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органмен қоғамдық тыңдаулардың өткізілу уақыты мен орнын келіседі, жоба, қоғамдық тыңдаулардың өткізілу уақыты мен орны туралы ақпаратты қоғамдық тыңдаулар өткізілгенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
4. Жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберілуі туралы ақпаратты табиғат пайдаланушы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға тиіс.
5. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органның интернет-ресурсында жарияланады.»;
8) 94-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларында айқындалатын тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес беріледі.»;
9) 94-4-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезең ішінде қондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуінде жоспарланатын өзгерістер болған немесе парниктік газдар шығарындыларының жаңа стационарлық көздерін енгізген жағдайларда парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталар көлемін қайта қарау үшін өтініш жасайды.»;
«4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларында айқындалады.»;
10) 94-5-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшері резервін және көлемі резервін қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленеді және табиғат пайдаланушылар қондырғылары паспорттарының деректеріне негізделеді.
4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономиканың басым секторларында жаңа қондырғылар пайдалануға берілген жағдайда, сондай-ақ осы Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу үшін қажетті квота көлемінің резервін қамтиды.
Квота көлемінің резерві осы Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда квоталарды бөлу үшін және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономиканың басым секторларында жаңа қондырғыларды енгізген жағдайда опцион шартымен сату үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйымға басқаруға беріледі.»;
11) 94-6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының мөлшерін бақылауды әкімшілендіру субъектілері есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша беретін есепті жылғы парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есептерін қарау арқылы жүзеге асырады.»;
12) 160, 161-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«160-бап. Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының
мемлекеттік тіркелімі
1. Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі – қоршаған орта мен табиғат пайдалану мәселелері бойынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізетін, ашық қолжетімді түрде орналастырылған құрылымдалған дерекқор.
2. 1 және 2-санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларына сәйкес жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ақпарат ұсынады.
3. Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі ластаушы заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы, олардың денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, сондай-ақ ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдары бойынша басқа да ғылыми негізделген ақпаратты және табиғат пайдаланушылар туралы ақпаратты қамтиды.
Табиғат пайдаланушылар туралы ақпарат:
1) табиғат пайдаланушының атауын, мекенжайын және қызмет түрін;
2) берілген экологиялық рұқсаттың электрондық нұсқасын;
3) қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемі бойынша ақпаратты;
4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының және экологиялық мониторинг есептерінің, қалдықтарды басқару бағдарламасының, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының электрондық нұсқасын;
5) мемлекеттік экологиялық бақылаудың тексеру нәтижелерін;
6) бюджетке қоршаған ортаға эмиссиялар үшін, оның ішінде белгіленген нормативтерден тыс төлемақы туралы деректерді қамтиды.
161-бап. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры
1. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаның және оның объектілерінің жай-күйі туралы, қоршаған ортаға әсер ету факторлары туралы, талдамалық, ғылыми зерттеулерді жүргізе отырып, қоршаған ортаны ластанудан қорғау және оның алдын алу және азайту бойынша қолданылатын шаралар туралы дәйекті ақпаратпен қамтамасыз ету және ағарту мақсатында жүргізіледі.
2. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым жүзеге асырады және экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, ғылыми зерттеу, ұсыну, тарату, халықты және табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаның жай-күйі мәселелері жөнінде ағарту бойынша іс-шараларды қамтиды.
3. Мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ұсынады.
4. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының құрамына экологиялық ақпараттың мынадай түрі:
1) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастры;
2) қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры;
4) табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімі;
5) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры;
6) ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тiркелiмi;
7) қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама материалдары;
8) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк-техникалық құжаттар;
9) қоршаған ортаны қорғауға байланысты ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындау туралы есептер;
10) қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық баяндамалар;
11) ұлттық экологиялық атластар;
12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау-инспекциялық және құқық қолдану қызметінің есептерi;
13) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы және экологиялық мониторинг есептері;
14) қоршаған ортаның мемлекеттiк экологиялық мониторингінің және табиғи ресурстардың деректері;
15) экология саласындағы ғылыми-техникалық әдебиет;
16) қоршаған ортаға әсер етудің жай-күйі, факторлары және шаралары туралы;
17) экологиялық ақпаратты қамтитын өзге де материалдар мен құжаттар кіреді.»;
13) мынадай мазмұндағы 166-1-баппен толықтырылсын:
«166-1-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан
Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы
ұлттық баяндама
1. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдайлар және оны жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру мақсатында жасалады.
2. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндамада:
1) қоршаған ортаның сапасы және табиғи ресурстар туралы;
2) негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық мәселелерді қоса алғанда, қоршаған ортаға тигізетін антропогендік әсерлер туралы;
3) өңірлердегі экологиялық хал-ахуал жөнінде;
4) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдаланудағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мәліметтер көрініс табады.
3. Мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін ақпарат ұсынады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпараттар негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қағидаларға сәйкес Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады.»;
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1,5-құжат; № 2, 11,15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат, № 8, 50-құжат, № 9, 51-құжат, № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар, № 23-24, 116-құжат, 2014 ж., № 1, 9-құжат, № 4-5, 24-құжат, № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 52-құжат, № 10, 63, 64, 65, 69-құжаттар, № 11, 82-құжат, № 12, 84-құжат, № 14, құжат-90, № 16; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазандағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
541-бап мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) талапкерлер – қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жеке тұлғалардың, оның ішінде белгісіз адамдар тобының құқықтарын қорғауға арналған талап арыздар бойынша;
6-2) талапкерлер – жеке тұлғалардың, оның ішінде белгісіз адамдар тобының мүдделері мен құқықтарын қорғауға арналған талап арыздар (өтініштері) бойынша:
кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де экологиялық қауіпті объектілерді орналастыру, салу, қайта реконструкциялау және пайдалануға беру жөніндегі шешімдердің күшін жою бойынша;
қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізетін жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтерін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы;
қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімдерінің, әрекеттерінің не әрекетсіздігінің күшін жою, өзгерту немесе оларды жарамсыз деп тану туралы;».
2-бап. Осы Заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті