Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзін-өзі
реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж.,№ 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 60, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 110-1-баппен толықтырылсын:
«110-1-бап. Өзін-өзі реттеуші ұйым
1. Өзін-өзі реттеуші ұйым - қызметінің, саланың, экономикалық қызмет түрінің, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығының ортақ болуы қағидаты бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ерікті мүшелігіне немесе реттелетін кәсіптік қызмет субъектілерінің міндетті мүше болуына негізделген, қауымдастық (одақ) нысанындағы немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйым.
2. «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзін-өзі реттеуші ұйым өзінің және өз мүшелерінің олар өндірген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) тұтынушылар және өзге тұлғалар алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
3. Өзін-өзі реттеуші ұйымдардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттеледі.».
2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-ІІ, 94-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
5-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау, сондай-ақ оны бақылау және қадағалау;».
3. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-ІІ, 94, 96-құжаттар):
1) 6-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің Қоры бекіткен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, аудит стандарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін аудиторларға кандидаттарға емтихандар өткізу бағдарламасын әзірлейді және бекітеді»;
мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) кәсіби және аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасын және аудит стандарттарын бұзған жағдайда оларға ескерту шығарады;
16-2) кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәліктен айырады;»;
3) 9-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Аудиторлық ұйымның аудит стандарттарына сәйкес Сапаны ішкі бақылау жүйесі бойынша қағидалары болуға тиіс.»;
4) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жоғары білімі және экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде үш жыл еңбек өтілі бар және уәкілетті органның қарауындағы ұйымда біліктілік емтиханын тапсырған адамдар аттестаттауға жіберіледі. Аудиторларға кандидаттарға емтихан өткізу бағдарламасы Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің Қоры бекіткен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, аудит стандарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс.»;
5) 14-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Біліктілік комиссиясы аудиторларға кандидаттардың аудиторларға кандидаттарды аттестаттау талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін береді.».
4. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж. № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар):
18-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде және тәртiппен субсидиарлық жауаптылықта болады.»;
5-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қауымдастық (одақ) мүшесi қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң шешiмi бойынша одан шығарылуы мүмкiн. Қауымдастықтың (одақтың) шығарылған мүшесiнiң жауапкершiлiгiне қатысты қауымдастықтан (одақтан) шығуға жататын қағидалар қолданылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң келiсiмiмен оған қауымдастықтың жаңа мүшесi кiре алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қауымдастыққа (одаққа) жаңа мүшенiң кiруi қауымдастықтың (одақтың) ол кiргенге дейiн туындаған мiндеттемелерi бойынша оның субсидиарлық жауаптылықта байланыстырылуы мүмкiн.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Қауымдастық (одақ) «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өзін-өзі реттеу ұйымы мәртебесіне ие бола алады.».
5. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) өзін-өзі реттеуші ұйым – Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген қауымдастық (одақ) нысанындағы немесе өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы, қызметтің, саланың, экономикалық қызмет түрлерінің, өндірістік тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығының жалпыға ортақ болуы қағидаты бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің немесе реттелетін кәсіби қызмет субъектілерінің ерікті не міндетті мүше болуына негізделген коммерциялық емес ұйым.»;
2) 5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға жiбередi.».
6. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тексерілетін субъектілер - қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, өзін-өзі реттеуші ұйымдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.».
7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
2) 4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын.
8. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-II, 96-құжат):
1) 1-баптың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсерін талдау (бұдан әрі – реттеушілік әсерді талдау) – кейіннен мемлекеттік реттеу, сондай-ақ кәсіби немесе кәсіпкерлік қызмет субъектілерін өзін-өзі реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі.»;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бизнестің өзін-өзі реттеуін дамыту үшін жағдай жасау»;
3) 19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін қолданудың тиімділігіне қарай рұқсаттардың немесе хабарламалардың жекелеген түрлері бір түрден екінші түрге ауыстырылуы не олардың күші жойылуы немесе міндетті мүше болуына негізделген өзін-өзі реттеуге берілуі мүмкін.
Жүзеге асырылуы үшін осы Заңға сәйкес рұқсаттың болуы немесе хабарлама жіберу талап етілетін қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) мемлекеттік реттеу немесе міндетті мүше болуына негізделген өзін-өзі реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі жойылуға жатады.»;
4) көрсетілген Заңға 3-қосымша мынадай мазмұндағы 32-тармақпен толықтырылсын:
«32. Өзін-өзі реттеуші ұйым қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті