Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 179 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2, 3, 4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың (келісім бойынша) бiрiншi басшылары, Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ҰЭМ, Қаржымині»;
реттік нөмірі 5-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ҰЭМ, Қаржымині, МҚІСҚА, ДСӘДМ»;
реттік нөмірі 6-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ҰЭМ, Қаржымині»;
реттік нөмірі 8-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ҰЭМ, ИДМ, ДСӘДМ, Қаржымині»;
реттік нөмірі 13-жолдың 4-бағанындағы «ЭБЖМ» деген аббревиатура «ҰЭМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 14-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ҰЭМ, Қаржымині»;
реттік нөмірі 16-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржымині, ҰЭМ»;
реттік нөмірі 18-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ҰЭМ, Қаржымині»;
реттік нөмірі 19-жолдың 4-бағанындағы «ЭБЖМ» деген аббревиатура «ҰЭМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 20-1, 20-2, 20-3, 20-4, 20-5, 20-6, 20-7, 20-8-жолдармен толықтырылсын:
«
20-1 |
Ұйымдардың белгілі бір сомадан астам сыртқы қарыздарды тартуын, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару жолымен тартуын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен міндетті түрде келісуді және оның рұқсатын алуды көздейтін норма белгілеу жөніндегі мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
2015 жылғы мамыр |
20-2 |
Тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін, мемлекет бақылайтын ұйымдарға сыртқы қарыз алуға, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару жолымен алуға тыйым салуды енгізу мүмкіндігіне қатысты мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
2015 жылғы мамыр |
20-3 |
Мүдделі мемлекеттік органдар арасында жекелеген субъектілер бөлінісінде квазимемлекеттік сектордың борышы туралы ақпарат алмасу тетігін әзірлеу |
ҰЭМ-не ұсыныстар |
ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
2015 жылғы мамыр |
20-4 |
Мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышына мониторингті жүзеге асыру жүргізу мақсатында олардың тізбесін қалыптастыру |
ресми сайтқа орналастыру |
Қаржымині |
жарты-жылдық негізінде |
20-5 |
Мемлекет бақылайтын ұйымдардың және жекеше сектордың сыртқы борышының жай-күйін мониторингтеу және бағалау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині |
тоқсан сайын |
20-6 |
Борыштың жай-күйiн егжей-тегжейлi талдауды, оның iшiнде ықтимал қауіптер мен дағдарысты жағдайлардың басталуын қоса алғанда борыштың жай-күйiн, мониторингтеу және бағалау |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
тоқсан сайын |
20-7 |
Мемлекет қатысатын ұйымдардың борышын реттеу жөніндегі мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ету |
ҰЭМ-ге ақпарат |
Иелену және/немесе басқару құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, ЖАО |
жыл сайын |
20-8 |
Ұйымдардың борышын және қаржылық орнықтылығын басқару саясатын бекіту |
Директорлар кеңесінің шешімі |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
2015 жылғы мамыр |
»;
реттік нөмірі 24-жолдың 4-бағанындағы «ЭБЖМ» деген аббревиатура «ҰЭМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 26-жолдың 4-бағанындағы «ЭБЖМ» деген аббревиатура «ҰЭМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 27-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ҰЭМ, Қаржымині, Энергетикамині, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері;
реттік нөмірі 28-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ҰЭМ, Қаржымині»;
ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
мына:
«МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі», «ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі», «Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі», «ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«МҚІСҚА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;
ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
Энергетикамині – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов