«Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.02.2015 № 55 қаулысымен.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың (келісім бойынша) бiрiншi басшылары, Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.02.2015 № 55 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.02.2015 № 55 қаулысымен.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.02.2015 № 55 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 179 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын
іске асыру жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.02.2015 № 55 қаулысымен.
Р/с |
Іс-шаралардың атауы |
Аяқтау нысаны |
Орындауға (іске асыруға) жауаптылар |
Орындау (іске асыру) мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Қажетті нормативтік құқықтық |
||||
1 |
Мыналарды: |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
ЭБЖМ, Қаржымині, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2014 жылғы наурыз |
2 |
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудан болатын экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін есепке алу тетіктерін енгізуді көздейтін Инвестициялық ұсыныстың қажетті сараптамаларын әзірлеу және түзету, жүргізу және бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іске асыру және іріктеу қағидаларын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы |
ЭБЖМ, Қаржымині, ӨДМ |
2014 жылғы мамыр |
Макроэкономикалық тұрақтылықты және мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету |
||||
3 |
2020 жылға қарай республикалық бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге шаққанда 1,4 %-ға дейін төмендету жөніндегі шаралар қабылдау |
ӘЭДБ, Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
ҰЭМ, Қаржымині |
тамыз (жыл сайын) |
Бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру |
||||
4 |
Мемлекеттік бюджеттің ағымдағы және инвестициялық шығыстары бойынша қалыптасқан базаға түгендеу жүргізу және «тиімсіз» шығыстарды қысқарту бойынша ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ЭБЖМ, Қаржымині, ББӘ |
2014 жылдың 1-ші жартыжылдығы |
Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру және «бюджеттік масылдықты» қысқарту |
||||
5 |
Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҰЭМ, Қаржымині, МҚІСҚА, ДСӘДМ |
2014 жылдың 2-ші жартыжылдығы |
6 |
Көрсетілген қызметтердің көлеміне байланысты қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесін дайындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҰЭМ, Қаржымині |
2014 жылғы қараша |
7 |
Бюджеттік кредиттер қаражатының пайдаланылуын және оларды өтеу жөніндегі міндеттемелердің уақтылы орындалуын мониторингілеу және бақылау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қаржымині, ЖАО, ББӘ |
сәуір (жыл сайын) |
8 |
Көрсетілетін қызметтерді өндірушілерді субсидиялаудан азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы қолдау көрсетуге ауысу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҰЭМ, ИДМ, ДСӘДМ, Қаржымині |
2014 жылғы желтоқсан |
9 |
Бюджет секторындағы энергия тиімділігін арттыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ИЖТМ, ЭБЖМ |
2014 жылғы маусым |
10 |
Мыналар: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині |
2014 жылғы маусым |
11 |
Үлгi жобалардың құнын оңтайландыру тұрғысынан оларды ревизиялау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ӨДМ, ББӘ |
2014 жылғы мамыр |
12 |
Квазимемлекеттік сектор мен бюджеттік инвестициялардың инвестициялық саясатының келісімділігін қамтамасыз ету: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ЭБЖМ, ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
2014 жылғы шілде |
13 |
Мыналарды: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2014 жылғы қараша |
14 |
МЖӘ шарттары бойынша барлық мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді бірыңғай есепке алу және мониторингілеу жүйесін құруды пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҰЭМ, Қаржымині |
2014 жылғы қараша |
15 |
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша әлеуметтік әріптестік шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан өңірлер әкімдерінің билік етуіне түскен қаражат пен мүлік туралы 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ақпаратты дайындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2015 жылғы наурыз |
16 |
Бюджеттің кірістері мен шығыстарының есебін есепке жазу әдісіне көшу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
Қаржымині, ҰЭМ |
2014 жылғы IV тоқсан |
Салық жүйесінің экономикалық қайтарымдылығын арттыру |
||||
17 |
Жеке табыс салығын арттыру мәселесін қарау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ЭБЖМ, Қаржымині |
2014 жылғы сәуір |
18 |
2015 жылдан бастап салықтық жеңілдіктерді оңтайландыруды (тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жою) көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
ҰЭМ, Қаржымині |
2014 жылғы қыркүйек |
Мемлекеттік борышты және квазимемлекеттік сектордың борышын қауіпсіз деңгейде ұстау |
||||
19 |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдамаға: |
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы |
ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
2014 жылғы тамыз |
20 |
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің белгілі бір сомадан астам сыртқы қарыздар тартуын Үкіметпен міндетті түрде келісу тетігін әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
2014 жылғы мамыр |
20-1 |
Ұйымдардың белгілі бір сомадан астам сыртқы қарыздарды тартуын, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару жолымен тартуын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен міндетті түрде келісуді және оның рұқсатын алуды көздейтін норма белгілеу жөніндегі мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
2015 жылғы мамыр |
20-2 |
Тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін, мемлекет бақылайтын ұйымдарға сыртқы қарыз алуға, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару жолымен алуға тыйым салуды енгізу мүмкіндігіне қатысты мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
2015 жылғы мамыр |
20-3 |
Мүдделі мемлекеттік органдар арасында жекелеген субъектілер бөлінісінде квазимемлекеттік сектордың борышы туралы ақпарат алмасу тетігін әзірлеу |
ҰЭМ-не ұсыныстар |
ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
2015 жылғы мамыр |
20-4 |
Мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышына мониторингті жүзеге асыру жүргізу мақсатында олардың тізбесін қалыптастыру |
ресми сайтқа орналастыру |
Қаржымині |
жарты-жылдық негізінде |
20-5 |
Мемлекет бақылайтын ұйымдардың және жекеше сектордың сыртқы борышының жай-күйін мониторингтеу және бағалау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині |
тоқсан сайын |
20-6 |
Борыштың жай-күйiн егжей-тегжейлi талдауды, оның iшiнде ықтимал қауіптер мен дағдарысты жағдайлардың басталуын қоса алғанда борыштың жай-күйiн, мониторингтеу және бағалау |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
тоқсан сайын |
20-7 |
Мемлекет қатысатын ұйымдардың борышын реттеу жөніндегі мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ету |
ҰЭМ-ге ақпарат |
Иелену және/немесе басқару құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, ЖАО |
жыл сайын |
20-8 |
Ұйымдардың борышын және қаржылық орнықтылығын басқару саясатын бекіту |
Директорлар кеңесінің шешімі |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
2015 жылғы мамыр |
21 |
МБҚ орналастыру бойынша қайталама аукциондар өткізу, МБҚ айналымға шығаруды ірілендіру және МБҚ шығару санын қысқарту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қаржымині |
жартыжылдықтың қорытындысы бойынша (жыл сайын) |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын тиімді пайдалану |
||||
22 |
Мыналарды: |
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы |
ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2014 жылғы сәуір |
23 |
2015 – 2017 жылдары Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 1 380,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайту мәселесін қарау |
Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес отырысына ұсыныс |
ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2014 жылғы шілде |
24 |
2015 – 2016 жылдары Астана – Алматы, Астана – Өскемен автожолдарын, «Жезқазған – Бейнеу» темір жолын, ЭКСПО-2017 объектілерін салуды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан нысаналы трансферттер тарту мәселесін қарау |
Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес отырысына ұсыныс |
ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2014 – 2015 жылғы шілде |
25 |
Өтелетін стратегиялық жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан облигациялық қарыздар бөлу мүмкіндігін зерделеу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҰБ (келісім бойынша), ЭБЖМ, Қаржымині |
2014 жылғы наурыз |
26 |
2020 жылдан кейін кепiлдендiрiлген трансферт түрінде тиісті жылдың басында жинақталған активтердің 4 %-ы көлемінде пайдаланылуын көздейтін Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
2019 жылғы қазан |
Фискалдық орталықсыздандыру |
||||
27 |
2017 жылдан бастап жергілікті бюджет шығыстарының базасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен жыл сайын қаражат бөлінетін жылу беру маусымын өткізуге арналған шығындарды енгізу мәселесін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҰЭМ, Қаржымині, Энергетикамині, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2015 жылдың 1-ші жартыжылдығы |
28 |
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығының түсімдерін облыстық деңгейге беру мәселесін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҰЭМ, Қаржымині |
2014 жылғы желтоқсан |
29 |
Даму бюджеті шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер арасында қаржыландыру салаларының аражігін ажырату жөнінде ұсыныстар дайындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ЭБЖМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2014 жылғы маусым |
Ескертпе: аббревиатуралардың таратылып жазылуы:
ҰБ |
– |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ |
– |
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
– |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» |
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
– |
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік |
ББӘ |
– |
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi |
МБҚ |
– |
мемлекеттік бағалы қағаздар |
МЖӘ |
– |
мемлекеттік-жекешелік әріптестік |
Қаржымині |
– |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
ӨДМ |
– |
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі |
ИЖТМ |
– |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа |
ЭБЖМ |
– |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік |
ЖАО |
– |
жергілікті атқарушы органдар |
ӘЭДБ |
– |
Қазақстан Республикасының бесжылдық кезеңге |
МҚІСҚА |
- |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
ДСӘДМ |
- |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
Энергетикамині |
- |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
ИДМ |
- |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
ҰЭМ |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |