Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 115 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1054 бұйрығын қараңыз.


      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 36-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар;
      2) Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 115 қаулысымен  
бекітілген     

Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін
айқындайтын қағидалар

      1. Осы Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 36-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан, бөгеттер қауіпсіздігі саласында міндетті декларациялауға жататын бөгеттерді пайдаланатын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуіш гидротехникалық құрылыс;
      2) бөгет класы – жобалаудың қолданыстағы нормаларымен регламенттелетін, гидротехникалық құрылыстың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы мен жауапкершілігі дәрежесін айқындайтын және оның авариясы мен пайдалану бұзушылықтарының зардаптары ескеріле отырып тағайындалатын сапалық-сандық сипаттама;
      3) гидродинамикалық авария – гидротехникалық құрылыстағы судың үлкен жылдамдықпен таралуымен байланысты және техногенді төтенше жағдайдың туындау қаупін тудыратын авария;
      4) тегеурін шебі – тегеурінді (су қысымын) қабылдайтын сутежеуіш құрылыстардың жиынтығы.
      3. Бөгеттер биіктігіне, іргетасындағы жер қабатының типіне, көлеміне, әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігіне және ықтимал гидродинамикалық авариялар салдарына байланысты 4 класқа бөлінеді:
      1) I класс – қауіптілігі аса жоғары бөгеттер;
      2) II класс – қауіптілігі жоғары бөгеттер;
      3) III класс – қауіптілігі орта бөгеттер;
      4) IV класс – қауіптілігі төмен бөгеттер.
      4. Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызудың негізгі критерийі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалатын олардың класы болып табылады.
      5. Меншік нысандарына қарамастан I, II, III класты бөгеттер декларациялануға жатады.
      6. Жобалау ұйымының қорытындысына сәйкес төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіптілік туындататын IV класты бөгеттер де декларациялануға жатады.
      7. Бөгеттер класын жобалау құжаттамасын дайындау кезінде жобалау ұйымы белгілейді және ол бөгет параметрлерінің және (немесе) оларды пайдалану шарттарының негізделген өзгерістері болған жағдайда, құрылыс, күрделі жөндеу, пайдалануға беру, пайдалану, реконструкциялау, қалпына келтіру және консервациялау сатыларында өзгертілуі мүмкін.
      8. Бөгеттің тегеурін шебінің құрамына кіретін негізгі құрылыстардың класы одан жоғары класқа жатқызылған құрылыс бойынша белгіленуі тиіс.
      9. Бөгет класын айқындайтын шарттар өзгерген жағдайда, ол міндетті түрде декларацияда көрсетіле отырып, өзгертілген шарттарға сәйкес келтірілуі тиіс.

Бөгеттерді декларацияланатын
бөгеттерге жатқызу критерийлерін
айқындайтын қағидаларға   
қосымша           

Биіктігіне, іргетасындағы жер қабатының типіне байланысты бөгеттер кластары 

Құрылыстар

Жер қабатының типі

Құрылыстардың класы бойынша биіктігі, м

I

II

III

IV

1. Жер қабаты материалдарынан жасалған бөгеттер

А

80-нен астам

50-ден 80-ге дейін

20-дан 50-ге дейін

20-дан кем

Б

65-тен астам

35-тен 65-ке дейін

15-тен 35-ке дейін

15-тен кем

В

50-нен астам

25-тен 50-ге дейін

15-тен 25-ке дейін

15-тен кем

2. Бетон, темірбетон бөгеттер

А

100-ден астам

60-тан 100-ге дейін

25-тен 60-қа дейін

25-тен кем

Б

50-ден астам

25-тен 50-ге дейін

1-нан 25-ке дейін

10-нан кем

В

25-тен астам

20-дан 25-ке дейін

10-нан 20-ғе дейін

10-нан кем

Ескертпелер.
Жер қабаттары: А – тасты; Б – құмайт, қатты және жартылай қатты күйдегі ірі сынықты және балшықты;
В – пластикалық күйдегі су сіңірген балшықты.

Әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігіне және пайдалану
шарттарына байланысты бөгеттер кластары

Гидротехникалық құрылыс объектілері

Құрылыстар класы

1. Су қоймасының көлемі мынадай болған кезде гидротораптардың тежеуіш құрылыстары, млн. м3:


1000-нан астам

I

200-ден 1000-ға дейін

II

50-ден 200-ге дейін

III

50 және одан кем

IV

2. Бөгетке бекітіп берілген суару алаңы, мың га:


300-ден астам

I

100-ден 300-ге дейін

II

50-ден 100-ге дейін

III

50 және одан кем

IV

3. Су берудің жылдық жиынтық көлемі мынадай болған кезде жасалған бөгеттің су қоймасынан су тартуды жүзеге асыратын су тарту құрылыстары, млн. м3:


200-ден астам

I

100-ден 200-ге дейін

II

20-дан 100-ге дейін

III

20-дан кем

IV

Ықтимал гидродинамикалық авариялар салдарына байланысты
бөгеттер кластары

Гидротехникалық құрылыстар кластары

Гидротехникалық құрылыстардың авариясынан зардап шегуі мүмкін тұрғылықты адамдар саны, адам

Гидротехникалық құрылыстардың авариясы кезінде тыныс-тіршілік жағдайлары бұзылуы мүмкін адамдар саны, адам

Гидротехникалық құрылыстардың иесі шегетін залалды есепке алмағанда, ықтимал материалдық залал мөлшері, млн. ЕТЖ

Гидротехникалық құрылыстардың авариясы нәтижесінде туындаған төтенше жағдайдың таралу аумағының сипаттамасы

I

3000-нан астам

20 000-нан астам

50-ден астам

Қазақстан Республикасының екі және одан көп облысының шегінде

II

500-ден 3000-ға дейін

2000-нан 20000-ға дейін

10-нан 50-ге дейін

Қазақстан Республикасының бір облысы аумағының шегінде (екі және одан көп аудан)

III

500-ге дейін

до 2000-ға дейін

1-ден 10-ға дейін

Бір аудан аумағының шегінде

IV



1-ден кем

Бір аудан аумағының шегінде

Ескертпе. Гидротехникалық құрылыстар авариясынан болатын ықтимал залал жобаны әзірлеу кезінде айқындалады.
ЕТЖ – Жобаны әзірлеу кезінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ең төменгі жалақы.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 115 қаулысымен
бекітілген    

Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзiрлеу қағидалары

      1. Осы Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзiрлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 36-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бөгеттерді пайдаланатын барлық меншік нысанындағы ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады, әрі бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын (бұдан әрі – декларация) әзірлеуге бағытталған.
      2. Декларация су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бөгеттер қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйымда өтінім беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өтуі тиіс.
      Бөгеттердің қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – аттестатталған ұйым) уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
      3. Тіркеу шифрін беру үшін декларация уәкілетті органда тіркелуі тиіс.
      Уәкілетті органның декларацияны тіркеу мерзімі құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
      4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеуді бөгетті пайдаланатын ұйым дербес не оның қаражаты есебінен аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.
      5. Декларацияны аттестатталған ұйым әзірлеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны басқа аттестатталған ұйым береді.
      6. Декларация мыналарды қамтиды:
      1) мұқаба парақ;
      2) бөгет және ол орналасқан ауданның табиғи жағдайлары, жобада, пайдалану қағидаларында және уәкілетті мемлекеттік органдардың нұсқамаларында көзделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы деректерді (мысалы, бөгетте орнатылған жүк көтергіш механизмдерді, өрт сигнализациясын пайдалану мәселелері бойынша) қамтитын жалпы ақпарат, пайдаланушы ұйым туралы негізгі мәліметтер;
      3) декларацияға қосымша ретінде – жалпы сызбалар жиынтығы бар бөгет паспорты: су қоймасының жоспары, гидротораптың бас жоспары, тегеурін шебінің құрылыстары, қоршау және қорғау дамбалары бойынша жоспарлар мен бөліністер, су басу аймақтары, қоршаған ортаға зиянды әсер ету аймақтарының шекаралары есеп-қисаптарының нәтижелері бар ахуалдық жоспар;
      4) құрылыс және пайдалану кезеңдерінде бөгет арқылы белгіленген көлемдегі тасқын суларды жіберу жөніндегі техникалық шешімдердің негіздемесі;
      5) қауіптің ықтимал көздерін айқындауды және мақсатына, күрделілік класына, конструкция ерекшеліктеріне, пайдалану шарттарына және қауіпсіздікке қойылатын арнайы талаптарға байланысты бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктерін ескере отырып, төтенше жағдайларға жол бермеуге және (немесе) салдарын азайтуға дайындығын қоса алғанда, бөгеттің қауіпсіздігін талдау және бағалау;
      6) беріктікке, тұрақтылыққа, су өткізбеушілікке және ұзақ мерзімділікке арналған есеп-қисап негізінде бөгет қауіпсіздігі көрсеткіштерінің белгіленген жол берілетін мәндері;
      7) бөгетті тегеурінге қою кезеңіндегі заттай байқау деректері;
      8) жекелеген конструкциялық элементтер мен тұтастай алғанда, құрылыс қауіпсіздігіне арналған қауіпсіздік критерийлерін айқындай отырып, құрылыстардың техникалық жай-күйін заттай байқау нәтижелері, сондай-ақ қауіпсіздіктің шекті жол берілетін көрсеткіштерін нақтылау бойынша ұсыныстар;
      9) бөгетте болған авариялар және оларды жою жөніндегі шаралар туралы деректер;
      10) объектілерді күзету жүйесі және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы деректер;
      11) пайдаланушы ұйымның бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі жөніндегі іс-шаралар жоспары;
      12) бөгеттегі ықтимал және туындаған авариялық жағдайлар туралы халықты, уәкілетті органды, азаматтық қорғау саласындағы органдарды, жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету;
      13) декларанттың жекелеген тораптар мен тұтастай алғанда, бөгеттің қауіпсіздігі деңгейін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шаралар тізбесінің жеткіліктілігін бағалауы;
      14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылысы аяқталған немесе реконструкцияланған, күрделі жөндеуден өткен, қалпына келтірілген бөгетті пайдалануға қабылдау актісі.
      7. Бөгетті пайдаланатын ұйымның басшысы (жобаға тапсырыс беруші) әзірленген декларацияның аттестатталған ұйымда бөгеттің қауіпсіздігі сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз етеді.
      8. Оң сараптамалық қорытынды алынған жағдайда, декларация бөгетті пайдаланатын ұйымның басшысына (жобаға тапсырыс берушіге) бекітуге енгізіледі.
      9. Теріс сараптамалық қорытынды алынған жағдайда, ескертулерді жою үшін ұйымға қайтарылады және қайталама сараптамаға ұсынылады.
      10. Бөгетті реконструкциялау, күрделі жөндеу, қалпына келтіру және (немесе) консервациялау жағдайларын қоса алғанда, бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар (бөгет ішінде және одан тыс жерде) өзгертілген жағдайда, декларация өзгертілуі тиіс.
      Декларацияға өзгерістер енгізілген жағдайда, ол өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қайта сарапталып, тіркелуі тиіс.
      11. Декларация кемінде бес жылда бір рет әзірленеді, сондай-ақ мерзіміне қарамастан мынадай жағдайларда:
      1) құрылыстың беріктігі деңгейінің төмендеу қаупі туындаған, төтенше жағдайлардың алдын алу шарттары нашарлаған кезде;
      2) бөгеттерді реконструкциялаудан, күрделі жөндеуден, қалпына келтіруден және (немесе) консервациялаудан кейін – тиісті құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдағанға дейін;
      3) объектіні пайдалануға беру алдында;
      4) пайдаланудың алғашқы екі жылынан кейін;
      5) гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, қағидалар мен нормалар өзгерген кезде;
      6) авариялы жағдайлардан кейін;
      7) пайдаланудан шығарылған кезде;
      8) бөгеттің класын айқындайтын шарттар өзгерген кезде түзетілуі тиіс.
      12. Салынып жатқан бөгеттерге арналған қауіпсіздік декларациясы құрылысты уақытша және (немесе) тұрақты пайдалануға берудің белгіленген мерзіміне дейін әзірленеді.
      13. Декларация мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде екі данада қағаз және электрондық тасығыштарда әзірленіп, ресiмделедi және оны ұйымның бірінші басшысы бекітеді.
      14. Уәкілетті органда тіркеу үшін декларация жоба құрамында және (немесе) жеке құжатпен ұсынылады.
      15. Бөгеттердің және декларацияны тіркеген ұйымдардың тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Об утверждении Правил, определяющих критерии отнесения плотин к декларируемым, и Правил разработки декларации безопасности плотины

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 марта 2015 года № 115. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2016 года № 224

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.04.2016 № 224 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 19-2/1054.

      В соответствии с подпунктом 19-1) статьи 36 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила, определяющие критерии отнесения плотин к декларируемым;
      2) Правила разработки декларации безопасности плотины.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    К. МАСИМОВ

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 10 марта 2015 года № 115

Правила,
определяющие критерии отнесения плотин к декларируемым

      1. Настоящие Правила, определяющие критерии отнесения плотин к декларируемым (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 19-1) статьи 36 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года и распространяются на организации независимо от форм собственности, эксплуатирующие плотины (далее – организации), подлежащие обязательному декларированию в области безопасности плотин.
      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:
      плотина – подпорное гидротехническое сооружение на водотоке для подъема уровня воды и (или) создания водохранилища;
      класс плотины – регламентируемая действующими нормами проектирования качественно-количественная характеристика, определяющая степень социально-экономической значимости и ответственности гидротехнического сооружения и назначаемая с учетом последствий его аварии и/или нарушений эксплуатации;
      гидродинамическая авария – авария на гидротехническом сооружении, связанная с распространением с большой скоростью воды и создающая угрозу возникновения техногенной чрезвычайной ситуации;
      напорный фронт – совокупность водоподпорных сооружений, воспринимающих напор (давления воды).
      3. Плотины в зависимости от их высоты, типа грунтов основания, объема, социально-экономической ответственности и последствий возможных гидродинамических аварий подразделяют на 4 класса:
      I класс – плотины чрезвычайно высокой опасности;
      II класс – плотины высокой опасности;
      III класс – плотины средней опасности;
      IV класс – плотины низкой опасности.
      4. Основным критерием отнесения плотин к декларируемым является их класс, определяемый в соответствии с приложением к настоящим Правилам.
      5. Декларированию подлежат плотины I, II, III класса независимо от форм их собственности.
      6. Декларированию также подлежат плотины IV класса, представляющие повышенную опасность при чрезвычайных ситуациях в соответствии с заключением проектной организации.
      7. Класс плотин устанавливается проектной организацией при подготовке проектной документации и может быть изменен на стадиях строительства, капитального ремонта, ввода в эксплуатацию, эксплуатации, реконструкции, восстановления и консервации при наличии обоснованных изменений параметров плотины и (или) условий ее эксплуатации.
      8. Класс основных сооружений, входящих в состав напорного фронта плотины, должен устанавливаться по сооружению, отнесенному к более высокому классу.
      9. В случае изменения условий, определяющих класс плотины, он должен быть приведен в соответствие с изменившимися условиями с обязательным указанием в декларации.

Приложение           
к Правилам, определяющим критерии
отнесения плотин к декларируемым

             Класс плотин в зависимости от их высоты и типа
                            грунтов основания

Сооружения

Тип грунтов

Высота сооружений, м, при их классе

I

II

III

IV

1. Плотины из грунтовых материалов

А

более 80

от 50 до 80

от 20 до 50

менее 20

Б

более 65

от 35 до 65

от 15 до 35

менее 15

В

более 50

от 25 до 50

от 15 до 25

менее 15

2. Плотины бетонные, железо-
бетонные

А

более 100

от 60 до 100

от 25 до 60

менее 25

Б

более 50

от 25 до 50

от 10 до 25

менее 10

В

более 25

от 20 до 25

от 10 до 20

менее 10

Примечания.
Грунты: А – скальные; Б – песчаные, крупнообломочные и глинистые в твердом и полутвердом состоянии;
В – глинистые водонасыщенные в пластичном состоянии.

           Класс зависимости от их социально-экономической
               ответственности и условий эксплуатации 

Объекты гидротехнического строительства

Класс сооружений

1. Подпорные сооружения гидроузлов при объеме водохранилища, млн. м3:


свыше 1 000

I

от 200 до 1 000

II

от 50 до 200

III

50 и менее

IV

2. Подвешенная площадь орошения к плотине, тыс. га:


свыше 300

I

от 100 до 300

II

от 50 до 100

III

50 и менее

IV

3. Водозаборные сооружения, осуществляющие водозабор из водохранилища созданной плотины, при суммарном годовом объеме водоподачи, млн. м3:


свыше 200

I

от 100 до 200

II

от 20 до 100

III

менее 20

IV

       Класс плотин в зависимости от последствий возможных
                    гидродинамических аварий

Класс гидротехни-
ческих сооружений

Число постоянно проживающих людей, которые могут пострадать от аварии гидротехнических сооружений, чел.

Число людей, условия жизнедеятельности которых могут быть нарушены при аварии гидротехнических сооружений, чел.

Размер возможного материального ущерба без  учета убытков владельца гидротехнических сооружений, млн. МЗП

Характеристика территории распространения чрезвычайной ситуации, возникшей в результате аварии гидротехнических сооружений

I

более 3 000

более 20 000

более 50

В пределах территории двух и более областей Республики Казахстан

II

от 500 до 3 000

от 2 000 до 20 000

от 10 до 50

В пределах территории одной области Республики Казахстан (двух и более районов)

III

до 500

до 2 000

от 1 до 10

В пределах территории одного района

IV



менее 1

В пределах территории одного района

Примечание. Возможные ущербы от аварии гидротехнических сооружений определяются на момент разработки проекта.
МЗП – минимальная заработная плата по законодательству Республики Казахстан, действующему на момент разработки проекта.

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 10 марта 2015 года № 115

Правила разработки декларации безопасности плотины

      1. Настоящие Правила разработки декларации безопасности плотины (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 19-1) статьи 36 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года и распространяются на организации всех форм собственности (далее – организации), эксплуатирующие плотины, и направлены на разработку декларации безопасности плотин (далее – декларация).
      2. Декларация подлежит экспертизе в организации, аттестованной уполномоченным органом в области использования и охраны водного фонда (далее – уполномоченный орган) на право проведения работ в области безопасности плотин, за счет средств организации-заявителя.
      Перечень организаций, аттестованных на право проведения работ в области безопасности плотин (далее – аттестованная организация), размещается на интернет-ресурсе уполномоченного органа.
      3. Декларация подлежит регистрации в уполномоченном органе для присвоения регистрационного шифра.
      Срок регистрации декларации уполномоченным органом составляет не более тридцати календарных дней со дня подачи пакета документов.
      4. Разработка декларации безопасности плотины осуществляется организацией, эксплуатирующей плотину самостоятельно, либо за счет ее средств сторонней аттестованной организацией.
      5. В случае разработки декларации аттестованной организацией экспертное заключение выдается другой аттестованной организацией.
      6. Декларация содержит:
      1) титульный лист;
      2) общую информацию, включающую данные о плотине и природных условиях района их расположения, меры по обеспечению безопасности, предусмотренные проектом, правилами эксплуатации и предписаниями уполномоченных государственных органов (например, по вопросам эксплуатации установленных на плотине грузоподъемных механизмов пожарной сигнализации), основные сведения об эксплуатирующей организации;
      3) в качестве приложения к декларации – паспорт плотины с комплектом общих чертежей: план водохранилища, генеральный план гидроузла, планы и разрезы по сооружениям напорного фронта, ограждающим и защитным дамбам, ситуационный план с результатами расчетов зон затопления, границ зон вредного воздействия на окружающую среду;
      4) обоснование технических решений по пропуску паводков заданной обеспеченности через плотину в строительный и эксплуатационный периоды;
      5) анализ и оценку безопасности плотин, включая определение возможных источников опасности и его готовности к недопущению и (или) снижению последствий чрезвычайных ситуаций с учетом особенностей обеспечения безопасности плотины в зависимости от назначения, класса капитальности, особенностей конструкции, условий эксплуатации и специальных требований к безопасности;
      6) установленные допустимые значения показателей безопасности плотины на основе расчета на прочность, устойчивость, водонепроницаемость и долговечность;
      7) данные натурных наблюдений в период постановки плотины под напор;
      8) результаты натурных наблюдений за техническим состоянием сооружений в период эксплуатации с определением критериев безопасности для отдельных конструктивных элементов и уровня безопасности сооружения в целом, а также предложения по уточнению предельно допустимых показателей безопасности;
      9) данные о произошедших авариях на плотине и мерах по их устранению;
      10) данные о системе охраны объектов и обеспечении их безопасности;
      11) план мероприятий эксплуатирующей организации по обеспечению безопасной эксплуатации плотины;
      12) информирование населения, уполномоченного органа, органов в сфере гражданской защиты, местных исполнительных органов о возможных и возникших на плотине аварийных ситуациях;
      13) оценку декларантом уровня безопасности отдельных узлов и плотины в целом, а также достаточности перечня необходимых мероприятий по обеспечению безопасности;
      14) акт приемки в эксплуатацию законченного строительством или реконструкцией, капитальным ремонтом, восстановлением плотины, в соответствии с действующим законодательством.
      7. Руководитель организации, эксплуатирующей плотину (заказчик проекта), обеспечивает проведение экспертизы безопасности плотины разработанной декларации в аттестованной организации.
      8. При получении положительного экспертного заключения декларация вносится на утверждение руководителю организации, эксплуатирующей плотину (заказчику проекта).
      9. При получении отрицательного экспертного заключения декларация возвращается в организацию для устранения замечаний и представляется на повторную экспертизу.
      10. В случае изменения условий (внутри плотины и за его пределами), влияющих на обеспечение безопасности плотины, включая случаи реконструкции, капитального ремонта, восстановления и (или) консервации плотины, декларация подлежит изменению.
      При внесении изменений в декларацию она подлежит повторной  экспертизе и регистрации в срок не позднее трех месяцев после внесения изменения.
      11. Декларация разрабатывается не реже одного раза в пять лет, а также независимо от срока подлежит корректировке в следующих случаях:
      1) при возникновении опасности снижения уровня надежности сооружения, ухудшении условий предотвращения чрезвычайных ситуаций;
      2) после реконструкции, капитального ремонта, восстановления и (или) консервации плотин – до приемки соответствующих строительно-монтажных работ;
      3) перед вводом объекта в эксплуатацию;
      4) после первых двух лет эксплуатации;
      5) при изменении нормативных правовых актов, правил и норм в области безопасности гидротехнических сооружений;
      6) после аварийных ситуаций;
      7) при выводе из эксплуатации;
      8) при изменении условий, определяющих класс плотины.
      12. Декларация безопасности для строящихся плотин разрабатывается до установленного срока сдачи сооружения во временную и (или) постоянную эксплуатацию.
      13. Декларация разрабатывается и оформляется в двух экземплярах на государственном и русском языках, на бумажном и электронном носителях и утверждается первым руководителем организации.
      14. Для регистрации в уполномоченном органе декларация представляется в составе проекта и (или) отдельным документом.
      15. Перечень плотин и организаций, зарегистрировавших декларации, размещается на интернет-ресурсе уполномоченного органа.