Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1054 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12660 болып тіркелді.

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 28-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 25 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 9 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінiң
  2015 жылғы 2 желтоқсандағы
  № 19-2/1054 бұйрығына
  1-қосымша

Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар

      1. Осы Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 28-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан, бөгеттер қауіпсіздігі саласында міндетті декларациялауға жататын бөгеттерді пайдаланатын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуіш гидротехникалық құрылыс;

      2) бөгет класы – жобалаудың қолданыстағы нормаларымен регламенттелетін, гидротехникалық құрылыстың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы мен жауапкершілігі дәрежесін айқындайтын және оның авариясы мен пайдалану бұзушылықтарының зардаптары ескеріле отырып тағайындалатын сапалық-сандық сипаттама;

      3) гидродинамикалық авария – гидротехникалық құрылыстағы судың үлкен жылдамдықпен таралуымен байланысты және техногенді төтенше жағдайдың туындау қаупін туындататын авария;

      4) тегеурін шебі – тегеурінді (су қысымын) қабылдайтын сутежеуіш құрылыстардың жиынтығы.

      3. Бөгеттер биіктігіне, іргетасындағы жер қабатының типіне, көлеміне, әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігіне және ықтимал гидродинамикалық авариялар салдарына байланысты кластарға бөлінеді.

      4. Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызудың негізгі критерийі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалатын олардың класы болып табылады.

      5. Меншік нысандарына қарамастан I, II, III класты бөгеттер декларациялануға жатады.

      6. Жобалау ұйымының қорытындысына сәйкес төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіптілік туындататын IV класты бөгеттер де декларациялануға жатады.

      7. Бөгеттер класын жобалау құжаттамасын дайындау кезінде жобалау ұйымы белгілейді және ол бөгет параметрлерінің және (немесе) оларды пайдалану шарттарының негізделген өзгерістері болған жағдайда, құрылыс, күрделі жөндеу, пайдалануға беру, пайдалану, реконструкциялау, қалпына келтіру және консервациялау сатыларында өзгертілуі мүмкін.

      8. Бөгеттің тегеурін шебінің құрамына кіретін негізгі құрылыстардың класы одан жоғары класқа жатқызылған құрылыс бойынша белгіленуі тиіс.

      9. Бөгет класын айқындайтын шарттар өзгерген жағдайда, ол міндетті түрде декларацияда көрсетіле отырып, өзгертілген шарттарға сәйкес келтірілуі тиіс.

  Бөгеттерді декларацияланатын
  бөгеттерге жатқызу
критерийлерін айқындайтын
қағидаларға қосымша

      Бөгеттер класы

Құрылыстар
 

Жер қабатының типі
 

Құрылыстардың класы бойынша биіктігі, метр
 

I
 

II
 

III
 

IV
 

1. Жер қабаты материалдарынан жасалған бөгеттер
 

А
 

80-нен астам
 

50-ден 80-ге дейін
 

20-дан 50-ге дейін
 

20-дан кем
 

Б
 

65-тен астам
 

35-тен 65-ке дейін
 

15-тен 35-ке дейін
 

15-тен кем
 

В
 

50-ден астам
 

25-тен 50-ге дейін
 

15-тен 25-ке дейін
 

15-тен кем
 

2. Бетон, темірбетон бөгеттер
 

А
 

100-ден астам
 

60-тан 100-ге дейін
 

25-тен 60-қа дейін
 

25-тен кем
 

Б
 

50-ден астам
 

25-тен 50-ге дейін
 

10-нан 25-ке дейін
 

10-нан кем
 

В
 

25-тен астам
 

20-дан 25-ке дейін
 

10-нан 20-ғе дейін
 

10-нан кем
 

Ескертпелер:
жер қабаттары: А – тасты; Б – құмайт, қатты және жартылай қатты
күйдегі ірі сынықты және балшықты; В – пластикалық күйдегі су сіңірген балшықты.
 

      Әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігіне және пайдалану шарттарына байланысты бөгеттер класы

Гидротехникалық құрылыс объектілері
 

Құрылыстар класы
 

1. Су қоймасының көлемі мынадай болған кезде гидротораптардың тежеуіш құрылыстары (миллион текше метр (м3)):
 


1000-нан астам
 

I
 

200-ден 1000-ға дейін
 

II
 

50-ден 200-ге дейін
 

III
 

50 және одан кем
 

IV
 

2. Бөгетке бекітіп берілген суару алаңы (мың гектар (га)):
 


300-ден жоғары
 

I
 

100-ден 300-ге дейін
 

II
 

50-ден 100-ге дейін
 

III
 

50 және одан кем
 

IV
 

3. Су қоймасынан су тартуды жүзеге асыратын су тарту құрылыстары:
 


200-ден жоғары
 

I
 

100-ден 200-ге дейін
 

II
 

20-дан 100-ге дейін
 

III
 

20-дан кем
 

IV
 


      Ықтимал гидродинамикалық авариялар салдарына байланысты бөгеттер класы

Гидротехникалық құрылыстар класы
 

Гидротехникалық құрылыстардың авариясынан зардап шегуі мүмкін тұрғылықты адамдар саны (адам саны)
 

Гидротехникалық құрылыстардың авариясы кезінде тыныс-тіршілік жағдайлары бұзылуы мүмкін адамдар саны (адам саны)
 

Гидротехникалық құрылыстардың иесі шегетін залалды есепке алмағанда, ықтимал материалдық залал мөлшері (миллион ЕТЖ)
 

Гидротехникалық құрылыстардың авариясы нәтижесінде туындаған төтенше жағдайдың таралу аумағының сипаттамасы
 

I
 

3000-нан астам
 

20 000-нан астам
 

50-ден астам
 

Қазақстан Республикасының екі және одан көп облысының шегінде
 

II
 

500-ден 3000-ға дейін
 

2000-нан 20000-ға дейін
 

10-нан 50-ге дейін
 

Қазақстан Республикасының бір облысы (екі және одан көп аудан) аумағының шегінде
 

III
 

500-ге дейін
 

2000-ға дейін
 

1-ден 10-ға дейін
 

Бір аудан аумағының шегінде
 

IV
 



1-ден кем
 

Бір аудан аумағының шегінде
 

Ескертпелер:
гидротехникалық құрылыстар авариясынан болатын ықтимал залалдар
жобаны әзірлеу кезінде айқындалады;
ЕТЖ – жобаны әзірлеу кезінде қолданыста болған Қазақстан
Республикасының тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
заңы бойынша ең төменгі жалақы.
 


  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінiң
  2015 жылғы 2 желтоқсандағы
  № 19-2/1054 бұйрығына
  2-қосымша

Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзiрлеу қағидалары

      1. Осы Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзiрлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 28-3) тармақшасына сәйкес әзірленді, бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзiрлеу тәртібін анықтайды және бөгеттерді пайдаланатын барлық меншік нысанындағы ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.

      2. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы, уәкілетті орган бөгеттер қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйымда өтінім беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өтуі тиіс.

      3. Тіркеу шифрін беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияда (бұдан әрі – бассейндік инспекция) тіркелуі тиіс.

      Бассейндік инспекцияның бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу мерзімі құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2016 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеуді бөгетті пайдаланатын ұйым дербес не оның қаражаты есебінен аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.

      5. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын аттестатталған ұйым әзірлеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны басқа аттестатталған ұйым береді.

      6. Бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясы мыналарды қамтиды:

      1) титулдық парақ;

      2) бөгет және ол орналасқан ауданның табиғи жағдайлары, жобада, пайдалану қағидаларында және уәкілетті мемлекеттік органдардың нұсқамаларында көзделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы деректерді (мысалы, бөгетте орнатылған жүк көтергіш механизмдерді, өрт дабылдамасын пайдалану мәселелері бойынша) қамтитын жалпы ақпарат, пайдаланушы ұйым туралы негізгі мәліметтер;

      3) бөгеттің қауіпсіздігі декларациясына қосымша ретінде - жалпы сызбалар жиынтығы бар бөгет паспорты: су қоймасының жоспары, гидротораптың бас жоспары, тегеурін шебінің құрылысжайлары, қоршау және қорғау дамбалары бойынша жоспарлар мен бөліністер, су басу аймақтары, қоршаған ортаға зиянды әсер ету аймақтарының шекаралары есептемелерінің нәтижелері бар ахуалдық жоспар;

      4) құрылыс және пайдалану кезеңдерінде бөгет арқылы белгіленген көлемдегі тасқын суларды жіберу жөніндегі техникалық шешімдердің негіздемесі;

      5) қауіптің ықтимал көздерін айқындауды және мақсатына, күрделілік сыныбына, конструкция ерекшеліктеріне, пайдалану шарттарына және қауіпсіздікке қойылатын арнайы талаптарға байланысты бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктерін ескере отырып, төтенше жағдайларға жол бермеуге және (немесе) олардың салдарларын азайтуға дайындығын қоса алғанда, бөгеттің қауіпсіздігін талдау және бағалау;

      6) беріктікке, тұрақтылыққа, су өткізбеушілікке және төзімділікке арналған есептеу негізінде бөгет қауіпсіздігі көрсеткіштерінің белгіленген жол берілетін мәндері;

      7) бөгетті тегеурінге қою кезеңіндегі заттай байқау деректері;

      8) жекелеген конструкциялық элементтер үшін қауіпсіздік өлшемшарттарын және тұтастай алғанда құрылысжай қауіпсіздігі деңгейін айқындай отырып, құрылысжайлардың техникалық жай-күйін заттай байқау нәтижелері, сондай-ақ қауіпсіздіктің шекті жол берілетін көрсеткіштерін нақтылау бойынша ұсыныстар;

      9) бөгетте болған апаттар және оларды жою жөніндегі шаралар туралы деректер;

      10) объектілерді күзету жүйесі және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы деректер;

      11) пайдаланушы ұйымның бөгеттің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары;

      12) бөгеттегі ықтимал және туындаған апаттық жағдайлар туралы халықты, уәкілетті орган мен бассейндік инспекцияны, ішкі істер органдарын, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарын хабардар ету;

      13) декларанттың жекелеген тораптардың және жалпы бөгеттің қауіпсіздігі деңгейін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шаралар тізбесінің жеткіліктілігін бағалауы;

      14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылысы немесе реконструкциялануы, күрделі жөндеуі, қалпына келтірілуі аяқталған бөгетті пайдалануға қабылдау актісі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.12.2019 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Бөгетті пайдаланатын ұйымның басшысы (жобаға тапсырыс беруші) әзірленген декларацияның аттестатталған ұйымда бөгеттің қауіпсіздігі сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз етеді.

      8. Оң сараптамалық қорытынды алынған жағдайда, бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы бөгетті пайдаланатын ұйымның басшысына (жобаға тапсырыс берушіге) бекітуге енгізіледі.

      9. Теріс сараптамалық қорытынды алынған жағдайда, бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы декларация ескертулерді жою үшін ұйымға қайтарылады және қайталама сараптамаға ұсынылады.

      10. Бөгетті реконструкциялау, күрделі жөндеу, қалпына келтіру және (немесе) консервациялау жағдайларын қоса алғанда, бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар (бөгет ішінде және одан тыс жерде) өзгертілген жағдайда, бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы өзгертілуі тиіс.

      Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясына өзгерістер енгізілген жағдайда, ол өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қайта сараптамадан өтуі және бассейндік инспекцияда тіркелуі тиіс.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2016 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы кемінде бес жылда бір рет әзірленеді, сондай-ақ мерзіміне қарамастан мынадай жағдайларда:

      1) құрылыстың беріктігі деңгейінің төмендеу қаупі туындаған, төтенше жағдайлардың алдын алу шарттары нашарлаған кезде;

      2) бөгеттерді реконструкциялаудан, күрделі жөндеуден, қалпына келтіруден және (немесе) консервациялаудан кейін – тиісті құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдағанға дейін;

      3) объектіні пайдалануға беру алдында;

      4) пайдаланудың алғашқы екі жылынан кейін;

      5) гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, қағидалар мен нормалар өзгерген кезде;

      6) авариялы жағдайлардан кейін;

      7) пайдаланудан шығарылған кезде;

      8) бөгеттің класын айқындайтын шарттар өзгерген кезде түзетілуі тиіс.

      12. Салынып жатқан бөгеттерге арналған бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы құрылысты уақытша және (немесе) тұрақты пайдалануға берудің белгіленген мерзіміне дейін әзірленеді.

      13. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде әзірленіп, ресiмделедi және оны бөгетті пайдаланушы (жобаға тапсырыс беруші) ұйымның бірінші басшысы бекітеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2016 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Бассейндік инспекцияда тіркеу үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы жоба құрамында және (немесе) жеке құжатпен ұсынылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2016 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Бөгеттердің және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеген ұйымдардың тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады