Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Жамбыл облысында АН-2 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiнде үкiметтiк комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 11 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысында АН-2 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiндегі үкiметтiк комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Бижанова Гүлнар Қадыржанқызы |
«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Құқықтық бақылау департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Тілемісов Төреқожа Төлеубайұлы |
«Кәсіп Қазақмыс» тау-кен, металлургия және аралас өндірістері қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша). |
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов