"Жамбыл облысында АН-2 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiнде үкiметтiк комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 117 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Жамбыл облысында АН-2 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiнде үкiметтiк комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 11 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысында АН-2 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiндегі үкiметтiк комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Бижанова Гүлнар Қадыржанқызы

«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Құқықтық бақылау департаментінің директоры (келісім бойынша)

Тілемісов Төреқожа Төлеубайұлы

«Кәсіп Қазақмыс» тау-кен, металлургия және аралас өндірістері қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша).

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады