Жамбыл облысында АН-2 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiнде үкiметтiк комиссия құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 11 қаулысы

      2015 жылғы 20 қаңтарда Жамбыл облысында АН-2 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда 2015 жылғы 20 қаңтарда Жамбыл облысында АН-2 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiндегі үкiметтiк комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылсын.
      2. Комиссия дереу жұмысқа кiрiсiп, ұшақтың құлауы себептерiн жан-жақты тексеруді қамтамасыз етсін, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Комиссия төрағасы Ж.М. Қасымбек ұшақтың құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру нәтижелері мен қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 11 қаулысына  
қосымша        

Жамбыл облысында АН-2 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық
жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiндегi үкiметтiк
комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.03.2015 № 117 қаулысымен.

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму бірінші
вице-министрі, басшы

Мұқтыбаев
Серік Хамитұлы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті төрағасының
орынбасары, басшының орынбасары

Тілеуғалиев
Ыбырай Әшімханұлы

Қазақстан Республикасының Бас көлік
прокуроры

Орынбеков
Бекболат Серікбекұлы

Жамбыл облысы әкімінің бірінші
орынбасары

Арғындыков
Дәулет Рашидұлы

Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму
вице-министрі

Бейсен
Назарбек Есіркепұлы

Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму
министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық қызметті бақылау
комитетінің төрағасы

Данилов
Бағдат Жұмаұлы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлiгiнің Жамбыл облысы Төтенше
жағдайлар департаментi бастығының
орынбасары

Арғынбаев
Бауыржан Мұхалиұлы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлiгi Көліктегі ішкі істер
департаменті бастығының орынбасары

Аққұлов
Нұрлан Тыныстанұлы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігі Авиациялық
оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру
басқармасының басшысы

Шүлімбеков
Серік Амангелдіұлы

«Қазаэронавигация» РМК Әуе қозғалысын
ұйымдастыру жөніндегі директоры

Круч
Владимир Александрович

«ОлимпЭйр» авиакомпаниясы» ЖШС
директоры

Бижанова
Гүлнар Қадыржанқызы

«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Құқықтық бақылау департаментінің директоры (келісім бойынша)

Тілемісов
Төреқожа Төлеубайұлы

«Кәсіп Қазақмыс» тау-кен, металлургия және аралас өндірістері қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады