Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 65-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 1170 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 26, 301-құжат);
3) «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 442 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 1-құжат).
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев