"Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 2015 жылға кредит беру шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 251 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 2015 жылға кредит беру шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 68 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 2015 жылға кредит беру шарттарында:
      1-тармақтың 2)3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қарыз алушыларға 40848351000 (қырық миллиард сегіз жүз қырық сегіз миллион үш жүз елу бір мың) теңге сомасындағы кредиттер:
      30000000000 (отыз миллиард) теңге сомасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер есебінен тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлер салуға 1 (бір) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 2016 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей қайтарылуымен;
      10848351000 (он миллиард сегіз жүз қырық сегіз миллион үш жүз елу бір мың) теңге сомасында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 9 (тоғыз) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;
      3) бөлінген кредиттерді игеру кезеңі:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер есебінен бөлінген кредиттер бойынша - кредитордың шотынан кредиттер аударылған кезден бастап есептеледі және 2016 жылғы 29 ақпанда аяқталады;
      Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде бөлінген кредиттер бойынша - кредитордың шотынан кредиттер аударылған кезден бастап есептеледі және 2016 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2015 года № 68 "Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование и (или) строительство жилья через систему жилищных строительных сбережений на 2015 год в рамках Программы развития регионов до 2020 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 2015 года № 251

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2015 года № 68 «Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование и (или) строительство жилья через систему жилищных строительных сбережений на 2015 год в рамках Программы развития регионов до 2020 года» следующие изменения:
      в условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование и (или) строительство жилья через систему жилищных строительных сбережений на 2015 год в рамках Программы развития регионов до 2020 года, утвержденных указанным постановлением:
      подпункты 2), 3) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      «2) кредиты в сумме 40848351000 (сорок миллиардов восемьсот сорок восемь миллионов триста пятьдесят одна тысяча) тенге предоставляются заемщикам:
      в сумме 30000000000 (тридцать миллиардов) тенге сроком на 1 (один) год с возвратом не позднее 31 марта 2016 года по 0,01 %-ной ставке вознаграждения за счет целевых трансфертов, передаваемых из Национального фонда Республики Казахстан в республиканский бюджет, на строительство жилья через систему жилищных строительных сбережений;
      в сумме 10848351000 (десять миллиардов восемьсот сорок восемь миллионов триста пятьдесят одна тысяча) тенге сроком на 9 (девять) лет по 0,01 %-ной ставке вознаграждения на проектирование и (или) строительство жилья через систему жилищных строительных сбережений в рамках  Программы развития регионов до 2020 года;
      3) период освоения кредитов, выделенных:
      за счет целевых трансфертов, передаваемых из Национального фонда Республики Казахстан в республиканский бюджет, исчисляется с момента перечисления кредитов со счета кредитора и заканчивается 29 февраля 2016 года;
      в рамках Программы развития регионов до 2020 года исчисляется с момента перечисления кредитов со счета кредитора и заканчивается 10 декабря 2016 года.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    К. Масимов