Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 2015 жылға кредит беру шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 68 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 2015 жылға кредит беру шарттарында:
1-тармақтың 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қарыз алушыларға 40848351000 (қырық миллиард сегіз жүз қырық сегіз миллион үш жүз елу бір мың) теңге сомасындағы кредиттер:
30000000000 (отыз миллиард) теңге сомасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер есебінен тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлер салуға 1 (бір) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 2016 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей қайтарылуымен;
10848351000 (он миллиард сегіз жүз қырық сегіз миллион үш жүз елу бір мың) теңге сомасында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 9 (тоғыз) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;
3) бөлінген кредиттерді игеру кезеңі:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер есебінен бөлінген кредиттер бойынша - кредитордың шотынан кредиттер аударылған кезден бастап есептеледі және 2016 жылғы 29 ақпанда аяқталады;
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде бөлінген кредиттер бойынша - кредитордың шотынан кредиттер аударылған кезден бастап есептеледі және 2016 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов