Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 2015 жылға кредит беру шарттары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 68 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, "2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 2015 жылға кредит беру шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуын;

      2) кредиттік шарттар талаптарының орындалуын бақылауды;

      3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 18 ақпандағы
№ 68 қаулысымен
бекітілген

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 2015 жылға кредит беру шарттары

      1. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – қарыз алушылар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2015 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;

      2) қарыз алушыларға 40848351000 (қырық миллиард сегіз жүз қырық сегіз миллион үш жүз елу бір мың) теңге сомасындағы кредиттер:

      30000000000 (отыз миллиард) теңге сомасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер есебінен тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлер салуға 1 (бір) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 2016 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей қайтарылуымен;

      10848351000 (он миллиард сегіз жүз қырық сегіз миллион үш жүз елу бір мың) теңге сомасында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 9 (тоғыз) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;

      3) бөлінген кредиттерді игеру кезеңі:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер есебінен бөлінген кредиттер бойынша - кредитордың шотынан кредиттер аударылған кезден бастап есептеледі және 2016 жылғы 29 ақпанда аяқталады;

      Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде бөлінген кредиттер бойынша - кредитордың шотынан кредиттер аударылған кезден бастап есептеледі және 2016 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2015 № 251 қаулысымен.

      2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады