Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1992 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы тау-кен металлургия кешені саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық шарттың күшін жою жөніндегі ниеті туралы Ресей Федерациясының Үкіметін хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов