Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы тау-кен металлургия кешені саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 490 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1992 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы тау-кен металлургия кешені саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық шарттың күшін жою жөніндегі ниеті туралы Ресей Федерациясының Үкіметін хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады