Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Аусылға қарсы вакцина сатып алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Аусылға қарсы вакцина сатып алудың кейбір мәселелері туралы
Жануарлар аусылына қарсы профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 65) тармақшасына сәйкес «Жануарлар саулығын қорғаудың федералдық орталығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесін (Ресей Федерациясы, Владимир қаласы) аусылға қарсы тазартылған вакцинаны жеткізуші етіп айқындасын;
2) осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев