"Аусылға қарсы вакцина сатып алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 544 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Аусылға қарсы вакцина сатып алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Аусылға қарсы вакцина сатып алудың кейбір мәселелері туралы

      Жануарлар аусылына қарсы профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 65) тармақшасына сәйкес «Жануарлар саулығын қорғаудың федералдық орталығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесін (Ресей Федерациясы, Владимир қаласы) аусылға қарсы тазартылған вакцинаны жеткізуші етіп айқындасын;
      2) осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады