Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы 1996 жылғы 26 сәуірдегі келісімді және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуірдегі келісімді орындау жөніндегі 2002 жылғы 23 қарашада Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл қағидаттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 1240 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы жанындағы Тұрақты өкілі Ерік Сәрсебекұлы Әшімовке Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы 1996 жылғы 26 сәуірдегі келісімді және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуірдегі келісімді орындау жөніндегі 2002 жылғы 23 қарашада Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл қағидаттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов