Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы 1996 жылғы 26 сәуірдегі келісімді және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуірдегі келісімді орындау жөніндегі 2002 жылғы 23 қарашада Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл қағидаттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 1240 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы 1996 жылғы 26 сәуірдегі келісімді және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуірдегі келісімді орындау жөніндегі 2002 жылғы 23 қарашада Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл қағидаттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы жанындағы Тұрақты өкілі Ерік Сәрсебекұлы Әшімовке Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы 1996 жылғы 26 сәуірдегі келісімді және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуірдегі келісімді орындау жөніндегі 2002 жылғы 23 қарашада Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл қағидаттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 568 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 1240 қаулысымен
мақұлданған   

Жоба

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы,
Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы
шекара ауданында әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы
1996 жылғы 26 сәуірдегі келісімді және Қазақстан Республикасы,
Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы
және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында
қарулы күштерді өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуірдегі
келісімді орындау жөніндегі 2002 жылғы 23 қарашада Мәскеу
қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз
Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және
Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл
қағидаттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу
туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 1996 жылғы 26 сәуірде Шанхай қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы келісімді (бұдан әрі - Шанхай келісімі) және 1997 жылғы 24 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімді (бұдан әрі - Мәскеу келісімі) орындау жөніндегі 2002 жылғы 23 қарашада Мәскеу қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл қағидаттары мен тәртібі туралы хаттамаға (бұдан әрі - Үкіметаралық хаттама) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
      Мәскеу келісіміне ажырамас қосымша болып табылатын Бақылау және тексерулер туралы хаттаманың IX бөлімінің ережелерін, сондай-ақ Үкіметаралық хаттаманың ережелерін басшылыққа ала отырып,
      Бірлескен бақылау тобындағы (бұдан әрі - ББТ) Бірлескен Тарап делегациясының жұмысын оңтайландыруға ұмтыла отырып және ББТ-дағы Бірлескен Тарап қатысушы мемлекеттерінің консенсустық келісіміне сүйене отырып,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      ББТ-дағы Бірлескен Тарап делегациясының қызмет тәртібі мен ақпарат алмасу туралы ережеге (Үкіметаралық хаттамаға № 1 қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тараптар арасындағы келісім бойынша ББТ-дағы Бірлескен Тараптың төраға мемлекеті, әдетте, бір жылға тағайындалады. Мемлекеттің ББТ-дағы Бірлескен Тараптың төрағасы ретіндегі өкілеттік мерзімі ББТ-ның өткен күзгі сессиясы аяқталған күннен басталады және ББТ-ның кезекті күзгі сессиясы аяқталған күнге дейін жалғасады.
      Бірлескен Тараптағы төрағалық Бірлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттер атауларының орыс әліпбиіндегі тәртібімен кезектесіп жүзеге асырылады.»;
      мынадай редакциядағы 5-тараумен толықтырылсын:
      «5-тарау. ББТ-дағы Бірлескен Тараптың төраға мемлекетінің (бұдан әрі - төраға мемлекет) функциялары
      1. Төраға мемлекет өз аумағында ББТ-ның кезекті көктемгі сессиясын өткізеді.
      2. Төраға мемлекет ББТ-дағы Бірлескен Тарап делегациясының ағымдағы қызметі бойынша өзара іс-қимылы үшін жауап береді және өз төрағалығы кезеңіне өзінің дипломатиялық сарапшылары қатарынан ББТ-дағы Бірлескен Тарап делегациясының басшысын айқындайды.
      3. Төраға мемлекет ББТ-дағы Бірлескен Тарап делегациясының жұмысын үйлестіреді және өзінің төрағалығы кезеңінде ББТ-дағы Бірлескен Тарап делегациясының отырыстарында өз қызметі туралы есеп береді.
      4. Бірлескен Тарап делегациясы басшысының сөйлейтін сөзінің мәтінін келісу мақсатында, мәтін сессия өткізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын Бірлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттерге келісу үшін жіберіледі. Бірлескен Тараптың кез келген қатысушы мемлекеті тарапынан қарсылық болмаған жағдайда, мәтін келісілген деп есептеледі.
      5. Төраға мемлекет алдын ала (кемінде бір ай бұрын) нақты мерзімдерді келіседі және Бірлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттер мен Қытай тарапына өзінің аумағында өтетін ББТ-ның көктемгі сессиясына шақыру жолдайды.
      6. Төраға мемлекет Қытай тарапымен нақты мерзімдерді келіседі және Қытай тарапынан алынған ББТ-ның күзгі сессиясына шақыруды Бірлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттерге жолдайды.
      7. Төраға мемлекет ББТ-ның сессиясы қарсаңында құжаттардың бастапқы жобасын әзірлейді және енгізеді.
      8. Қажет әрі дәлелді болған кезде, негізінен шұғыл болу себебіне байланысты, төраға мемлекет құжаттардың жобаларын бекіту үшін дипломатиялық арналар арқылы енгізе алады.».

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы депозитарий соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
      2014 жылғы «___» ________ _______ қаласында орыс тілінде бір телнұсқа данада жасалды.
      Төлнұсқа дана Ресей Федерациясының Үкіметінде сақталады, ол әрбір Тарапқа осы Хаттаманың расталған көшірмесін жібереді.

      Қазақстан Республикасының      Қырғыз Республикасының
            Үкіметі үшін                 Үкіметі үшін
      Ресей Федерациясының           Тәжікстан Республикасының
           Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады