Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.03.2023 № 261 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазимпэкс" республикалық орталығы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс (арнаулы мақсаттағы телекомуникация желілерін қоспағанда), коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы мен тіршілікті қамтамасыз ететін басқа да жүйелері саласындағы шаруашылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйым болып белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |