"Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгеріс енгізу және "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 234 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 770 қаулысы

      Баспасөз релизі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 191-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың оныншы абзацы алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 234 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 20, 338-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Конвенция депозитарийі – Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің апостиль қою құқығы берілген органдар қатарынан шығарылғаны туралы хабардар етсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2001 года № 545 "О мерах по реализации положений Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов (Гаага, 5 октября 1961 года)" и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2013 года № 234 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2015 года № 770

      ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2001 года № 545 «О мерах по реализации положений Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов (Гаага, 5 октября 1961 года)» (САПП Республики Казахстан, 2001 г., № 15, ст.191) следующее изменение:
      абзац десятый пункта 2 исключить.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2013 года № 234 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 20, ст. 338).
      3. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить депозитарий Конвенции – Министерство иностранных дел Королевства Нидерландов об исключении Комитета национальной безопасности Республики Казахстан из состава органов, наделенных правом проставления апостиля.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                   К. Масимов