Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 770 «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 казан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгеріс енгізу және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 234 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулысына Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 770 «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгеріс енгізу және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 234 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулысымен (бұдан әрі - Үкімет қаулысы) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - ҚР ҰҚК мемлекеттік қызметі) күші жойылды.
Үкімет қаулысы көрсетілген ҚР ҰҚК мемлекеттік қызметін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алып тастауды регламенттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 553 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген.
Берілген Үкімет қаулысын қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.
Қазақстан Республикасы ҰҚК